4. Атқа міну мәдениетінің қалыптасуы. Ат әбзелдері


) Хрущевтің «жылымығы» және оның Қазақстанға әсері (1954-1964 жж)



бет8/14
Дата31.05.2023
өлшемі36,24 Kb.
#178094
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
jasalmagan suraqtar
ОШ СОР Химия 9 класс каз
72) Хрущевтің «жылымығы» және оның Қазақстанға әсері (1954-1964 жж).
1953 жылғы 5 наурызда Коммунистік партия мен Кеңес Одағының басында 30 жылдан
астам отырған И.В.Сталин қайтыс болды. Сталин өлгеннен кейін елде демократиялық
қайта құру үдерісі қарқынды жүре бастады. Демократиялық өзгерістердің ықпалымен
Кеңес өкіметі шамадан тыс орталықтандыруды босаңсытуға және одақтас
республикалардың шаруашылық, саяси-мәдени құрылыс саласындағы құқықтарын
кеңейтуге бағытталған кейбір шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Бұл кезде
Қазақстанның бюджет құқықтары кеңейтіліп, оның көлемі едәуір өсті.
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына
(19531964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші
жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің
пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары,
КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сүргінді
ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық
лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды.
73). Репатриант қазақтардың Қазақстанға оралуы (1955, 1962 ж.).

1956—1962 жылдары Кеңес Одағы тұсындағы әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің


қыспагынан Қытайға өтіп кеткен қазақтарға Отанына оралуға рұқсат етілді. Сол
жылдары келушілердің қолында аты-жөні жазылған және көлемі 4x5 см фотосуреті бар
қағаз болды. Оларға бұрынғы кеңестік негізінде 1930 жылы 2 тамыздағы «КСРО
азаматтығы туралы» Заңды басшылыққа ала отырып, жаңа төлқұжаттар берілді. Сол
заңның 2-бабы бойынша 30-жылдардағы аштық кезінде кеткендерге азаматтық берілді.
Ал заңның 3-бабы 1917 жылғы төңкерістерден шетелге кетуге мәжбүр болғандарға
қатысты қолданылды. Осы 2- және 3-баптары бойынша Қытайдан келген оралмандарға
КСРО азаматтығын беру туралы қорытындылар шықты. Бүл қорытындылар бекітіліп,
төлқұжат берілетін мекемелерге жөнелтілді.Қытайдағы қазақтардың оралуы
қазақтардың механикалық жолмен ұлғаюына жағдай жасады. 1959—1970 жылдары
қазақтар механикалық жолмен 143 мыңға көбейді. Тек қана Алматы облысына 62 мың
адам көшіп келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет