4 боөж нейрондар. Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері



бет4/16
Дата06.02.2022
өлшемі183,59 Kb.
#81643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
4 БОӨЖ

Нейроглия дегеніміз не?

Нейроглия деп нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды (глиондарды) айтады. Глия грек сөзі – желім деген мағынада. Расында да олар нейрондардың денесі мен талшықтарына жабысып тұрады. Глиондар екі түрлі – астроциттер және олигодендроциттер. Бұлар аксоны болмайды және өзара түйіспелер құрамайды.
Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады. Олар жасуша денесінен күннің сәулесі тәрізді жан-жаққа таралады. Астроциттер көбінесе мидың қан тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды олармен байланыстырады. Олигодендроциттер нейронның аксонын қоршайды, тармақтары өте аз болады.
Нейроглияның әрекеттік маңызы:

  1. Нәрлендіру қызмет атқарады, яғни, қаннан нейрондарға керекті қоректі заттарды алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан қанға өткізеді, олардың маңайын тазартады.

  2. Нейрондардың тіршілігіне, қызмеьіне керекті жағдай жасайды. Нейрондардың айналасындағы сұйықтықтың иондық құрамын, медиаторлар мен судың деңгейін бірқалыпты сақтайды. Мысалы, ионы көбейіп кетсе, артығын өзіне сіңіріп жұтады, ал медиаторлар көбейсе, олардың артығын ыдыратады немесе бейтараптандырады. ионы көбейіп кетсе нейрондарда күшті тежелу пайда болады, оның салдарынан депрессия болуы мүмкін. Медиатор мөлшері көбейсе қозу күшейіп, тежелу үрдісінен адамның жұмысқа деген қабілеті төмендейді. Осыған орай нейроглия нейрондарды қатты қозудан және өте күшті тежелуден сақтайды.

  3. Олигодендриттер нейрондар аксонының миелин қабығын жасауға қатысады.

  4. Нейроглия нейрондар арасындағы қарым-қатынасты күшейтеді, есте сақтауды, уақытша байланыстардың пайда болуын жеңілдетеді. [1]




    1. Нейрон түрлері

Тармақтарының санына қарай нейрондар көпүйекті (мультиполяры), қосүйекті (биополярлы), бірүйекті (униполярлы) болып бөлінеді. Адамның жұлын түйіндерінде биполярлы және жалған униполярлы нейрондар бар. Ал мультиполярлы жасушалар көбіне қозғалтқыш (мотонейрондар) нейрондар арасындағы ең жиі кездесетіндері. Атқаратын қызметіне қарай сезімтал, қозғалтқыш, аралық нейрондар болып үшке бөлінеді. Сезімтал нейрон қабылдағыштарда туған қозуды орталыққа жеткізеді. Бұлар жұлын түйінінде, артқы ашасында, мидың барлық бөлімдерінде кездеседі. Қозғалтқыш нейрондар жүйке серпіністерін орталықтан шеткі ағзаларға апарады. Олар жұлынның сұр затының алдыңғы және бүйір ашасында, ми қыртысының қолғалтқыш аймақтарында ми бағанының ядроларында орналасқан. Аралық нейрондар сезімтал нейрондардан шыұұан ақпараттарды (серпіністерді) қозғалтқыш нейрондарға жеткізеді.
Аталған жасушалармен қатар тежелу нейрондары да болады. Бұлар тұңғыш рет жұлында табылған. Оларды Реншоу жасушалары (нейрондары) дейді. Реншоу нейрондары көбінесе қозғалтқыш нейрондардың айналасында орналасады. Олар қозғалтқыш нейрондардың аксон бұтағына келіп түскен серпіністердің әсерінен қозып, мотонейрондағы қозуды бәсеңдетеді, не өткізбей оның қызметін тежейді, яғни тоқтатып тастайды.
Қазіргі кезде тежелу нейрондары мидың басқа да бөлімдерінде, мәселен, мишықты, ми қыртысында, ретикулярлық құрылымда болатыны анықталды.
Ми бағанында, ми сыңарларында келіп түскен ақпараттарды талдайтын, іріктейтін, сақтайтын арнайы нейрондар бар. Торлы құрылым нейрондары қозу және тежелу үрдістерін реттейді, олардың сөнуіне, тууына қажет жағдайлар жасайды. [1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет