4 Дәріс. Конфликт түрлері және олардың даму кезеңдері


конфликт жағдайы инцидент



бет2/2
Дата29.12.2021
өлшемі34,49 Kb.
#106350
1   2
Байланысты:
Конфликтология лекция

конфликт жағдайы
инцидент

Конфликтілік жағдайы кең нақтылы негізі екі жақтың қызығушылығы мен қажеттілігі арасындағы нақты қайшылық. Бұл конфликтінің нақты өзегі емес, нақты болмыстар қайшылықты ұзаққа дейін бірлескен әрекетке қатысушылар саналы түрде қабылдамай жүреді. Инцидент конфликт жағдайын саналы түсінеді.

Конфликтінің құрылымы→ конфликт нысанасы ↔ конфликт жақтары

Конфликт нысанасы (дамудың себебі болған нақтылы немесе идеалды зат)және жақтары (жеке адам немесе топ бола алады) Конфликтіге қатысушының ішкі және сыртқы позициясын ажырата білу керек. Сыртқы позиция қарсыластарға ашық жарияланатын конфликтіге қатысушының себебі.

Ішкі позиция конфликтінің шынайы себебі. Даулы іс- әрекетпке кірісуге себеп болған қызығушылықтар , құндылықтар, мотивтер. Сыртқы және ішкі позициялар бір- бірімен сәйкес келмейі мүмкін. Көбінесе ішкі себептерді адамның өзі де сезбейді. Олар адамның бейсанасында ұялайды. Алдын- ала айтатын болсақ ішкі мотивтерді сезу конфликтіні шешудің алғышарты. Конфликтіге қатысушылар үшін конфликтінің бар екендігі инцидент пайда болған кезден бастап түсінікті болады. Инцидент дегеніміз өзара әрекетке қатысушылар өздереніің қызығушылықатры мақсаттары арасындағы обьективті қайшылықты түсінген сәт. Инциденттің ашық және жастиырын түрлері болады: Жасырын инцидент қатысушының санасына жеткенмен олардың нақты қатынастар мен қимылдарында ешқандай көрініс таппайды. Ашық инцидент қатысушының өзара ерегесі, жанжалдары
Конфликтінің даму сатылары:
нақтылы конфликтілі жағдайдың пайда болуы
конфликтіні санамен қабылдау
конфликтілік іс- әрекеттер
Конфликтінің шешілуі
Конфликтінің оған қатысушының мақсаттарында обьективті қайшылық пайда болған кезден бастап осы обьективті қайшылықты санамен қабылдағанға дейін жалғасып конфликтілік әрекеттерден өтіп, белгілі бір шешімге ккеліп, аяқталады. Екінші өтпелі саты кейде болмай қалады. Пайда болғаннан кейін санаға не іс- әрекетке жетпей –ақ өз шешімін табады. Бірақ көбінесе барлық сатылардан өтеді. Конфликтілік іс-әрекетр сатысында оның барлыққ ұрылымдық жақтары да дамиды. Конфликтінің нысанасы кеңейіп бір саладан екінші салаға таралады.

Жанжалдасушы жақтардың сыртқы әрекеттерін екі түрге бөлуге болады. Шабуылдық және қорғаныстық. Шабуылдық әрекеттерге шабуыл, шабуыл, меншікке зиян келтіру , оңашаландыру, қуып жіберу, қарсыласты залаласызандыру, қарсы жақтың қызығушылығын кеміту жатады. Қорғаныстық әрекеттер таласушылық немесе бәсекелестік жағдайды ұзағырақ ұстап тұру, өзін-өзі қорғау, материалды, бағалы заттарды құрту, зақым келтіру және т.б. Егер қорғаныстық әрекеттер сол кезде болып тұрған арақатынасты сақтауға, өзінің қызығушылығын қорғауға бағытталса, онда шабуылдық әрекет орындалмаған қажеттіліктерінің арақатынасы болып табылады. Мұндай айырмашылық шартты болады, өйткені көбінесе қорғаныстық әрекеттер қолы жеткен жеңісті сақтап қалу және қорғау болып табылады. «Шабуыл- қорғаныстың ең тиімді түрі» деген сөз жай айтылмаған .

Осы айтылғандарды қорытындылай келе, тағы бір типтің бар екенін көруге болады, ол –шегіну. Өзінің қажеттіліктерінен бас тарту. Бірақ шегіну- уақытша мәжб.рленген көрініс береді және кейде шегіну кейінгі шабуылдық және қорғаныстық әрекеттерге күш жинап алу үшін қолданылады. Шегіну –жанжалдың ең қажтті атрибуты емес, жанжал кезіндегі шабуылдық және қорғаныстық әрекеттерді қарастыра келе, бөліп қарастыруға болады


Сөзбен немесе белгілі әрекетпен бағындыру

Тікелей зорлық-зомбылық көрсету



Субьектіні ұстау және бағындыру

Тайталастық



Кедергі келтіру немесе зиян келтіру



  1. Тайталастық, яғни обьектінің өзгермуеіне бағытталған әрекет. Мыс: кішкентай бала басқа баладан ойыншықтарды тартып алып, жабысып жібермейді. Жанжал кезінде бір мемлекет басқа мемлекеттің территориясына өзінің әскерін кіргізіп, басқа елдермен байланысын үзіп, өзінің администрациясын құрады. Жақсы көрген жігіт той үстіне келіншекті алып кетеді. Ал куүйеу жігіт артынан қуады. Топтар мен үлкен әлеусеттік топтардың арасындағы жанжалдада осылайша обьектіні ұстап өз қолыеда қалдыру үшін, әскери-саяси экономикалық және басқада әдістер қолданылады.

  2. Кедергі келтіру немесе зиян тигізу. Бұл әрекет обьектісіз жанжалдан қажетті атрибуттары болып табылады. Олар басқалардың әрекеттеріне зиян келтіреді. Мысалы; балаға әкесі жұмыс істе дегеніне қарамастан теледидар қарап отарады, ал ашуланған ікесі теледидарды өшіріп тастайды. Бір топ полицейлер демонстарция болған жерлердіі тосқауылдап тұрады. Белгілі адамның ұйқыссына кедергі жасап жатқан адамның мысығын таспен ұру. Бұл типке осындай кейбір тәртіпті бұзушылық әрекеттер жатады.

  3. Сөзбен немесе белгілі әрекетпен балағаттау. Бұған адамдар арасындағы сөйлесу кезіндегі ұрыссөздері, балағаттық көріністер және т.б. жатады. Ал басқа кезде оған белгілі бір мемлекеттің адамдарына деген дискримнациялық шаралар және басқа діндерге қарсылық білдіретін әрекеттер жатады.

  4. Субьектіні ұстау және бағындыру. Мұндай әрекет көбінесе басқа субьектілердің бостандығын кеміту үшін қолданылады. Колониалды ұстау ұлттың тіуелсіздігіне тосқауыл қою және т.б.

  5. Тікелей зорлық зомбылық көрсету. Мұндай әрекеттер адамдардың денесіне зақым келтіру немесе ауыртпалық жасаумен байланысты. Сонымен қатар, топтық құрылымдарды қирату. Қалаларды территорияларды және мемлекетті қиратумен байланысты

Жоғарыда айтылған әрекеттер кейбір адамдардың құқығына шектеу қоюға байланысты мүдделілер. Әрине кез-келген жағдайды осы классификация арқылы бөлу болмайды. Ал кейбір шын мәнін де болған жағдай бір әрекет басқа бір әрекеттермен алмасып, өзгеріп отыруы мүмкін. Мысалы. Қарсылас жақты ұстап оны бағындыру үшін көбінесе зорлық көрсету керек болады. Айтылған әрекеттердің типтері және жанжалды жүргізу тактикасы көптеген түрлі тәсілдерден тұрады.

«Уақыт» факторы және күштің дұрыс пайдалануы негізгі тактикалық рөл атқарады. Қарсыласқа кенеттен шабуыл жасаса, ол біраз уақытты үнемдеп, біраз күштің ауқымы өзінің жағында екендегін сезінеді. Қарсыласқа дембе-дем шабуыл әркеттерін жасай берсе, қарсылас көбінесе шегінуге мәжбүр болады. Сонымен қатар жанжалдық әрекетпен жанжалдық емес әрекеттерді («қамшы және тоқаш» әдісі) кезек-кезек қолдану арқылы қарсыласты өзіңді тыңдайтын субьектіге айналдыруға болады. Тактикалық әдіс ретінде әр түрлі қулықтар пайдалынады. Әр жақтың күйі және ойы жанжалдың «Тірі клеткасына» жатады.Жанжалға қатысқан адам өзіне қатыгедігін , ашуын, асығыстығын біледіреді. Осы аталған әр әрекет қарсы жақтың жауап реакциясының себебі бола алады.




Бекіту сұрақтары



  1. Жанжалдасушы жақтардың сыртқы әрекетінен нешеге бөлінеді?

  2. Шегіну типіне сипаттама беріңіз

  3. Конфликтінің даму кезеңдерін атаңыз?
    Ұсынылатын әдебиеттер

1.Д. Майерс Социальная психология питер 2005

2.Е.В. Андриенко Социальная психология М;2004

3. Г.В.Андреева Социальная психология М; 2004

4. Г.Б. Оспанбаева «Конфликтология»; 2016



5. Интернет материалдары

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет