4. ДӘрістер тезистері



бет2/10
Дата03.06.2020
өлшемі211,5 Kb.
#72141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
адебиет дарис

Оқу дағдысына сипаттама

Әдебиеттік оқудың түрлері екіге бөлінеді: дауыстап оқу, іштен оқу. Дауыстап оқу көбінесе І-ІІ сынып оқушыларына тән болады. Бірақ І сыныпта іштен оқытуға болмайды деген ұғым тумасқа тиіс. Іштен оқу І сыныпта-ақ басталады. Дегенмен І сыныпта оқушының даусын қойып үйренуі үшін көбіне дауыстап, хормен оқиды. Содан былай қарай, оқудың бұл көрсетілген екі түрінің екеуі де бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Балалардың дауыстап оқуы арқылы алған дағдылары іштен оқуға тасымалдана береді (І-ІІ сыныптан бастап дауыстап оқылған материалдар іштен оқуға беріледі), ІІІ сыныпта жаңа материалдар алдын ала дайындық жұмыстарынан кейін іштен оқуға тапсырылады. Оқудың бұл түрлерінің екеуінде де дұрыс оқу, шапшаң оқу және түсініп оқу талаптары орындалуға тиіс. Дауыстап оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу талабы қойылады. Бұл талаптар бір-бірімен тығыз байланыста іске асады. Өйткені түсінбей, мәнерлеп оқи алмайды, ал дұрыс оқымаса, түсінбейді.

Оқу сапасы дұрыс, саналы (түсіну), мәнерлеп және шапшаң оқу болып бөлінеді.

Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу-жазуға үйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаларға жеке әріптеп оқытпай, буындап оқуға жатықтырғаны жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқығанда қателессе, дереу түзетіп, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор.



Түсініп оқу дегеніміз оқушының оқыған мәтінінің мазмұнын анық, терең ұғынуы болып табылады. Бұл әр сөздің, сөйлемнің мағынасына түсінуден, әр бөлімді логикалық, психологиялық байланыстырудан келіп шығады. Оқығанын толық түсіну балалардың мәтіндегі басты ойды айыра алуларынан, оның мазмұнына өзінің көзқарасын білдіруінен көрінеді.

Түсініп оқуда балалардың назары шығарманың идеялық мазмұнына аударылады. Түсініп оқуды жүзеге асыруда алғашқы кезде балаларға жеңіл, өздері түсіне алатын, сюжетті мәтіндер оқытылады.



Шапшаң оқу дегеніміз ‒ мәтіндегі сөздерді қалай болса солай бастырмалатып немесе сөздердің ара жігін айырмай оқу емес. Бұл ‒ оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшаңдықпен оқу. Мәтінді тым баяу оқыған оқушы мәтіннің мазмұнына түсінбек түгіл, бір сөйлемнің өзінде де не айтылғанын аңғара алмай қалады. Сондықтан мәтінді шапшаң оқу талабы маңызды болып табылады. Шапшаң оқу барысында әр оқушының оқу қарқыны әр түрлі, осыған орай, олардың бір минутта оқитын сөздерінің саны да азды-көпті өзгеріп отырады.

Шапшаң оқуды талап еткенде мұғалімдер мен әдістемешілер оқушылардың осындай жеке тұлғасындағы ерекшеліктерді жақсы біліп, естерінен шығармауға тиіс.

Шапшаң, дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс, түсініп, белгілі бір қарқынмен оқығанда ғана шапшаң оқу талабы орындалды деуге болады.

Шапшаң оқуға дағдыландырудың тағы бір түрі ‒ сыныпта дауыстап оқу. Мұндай жұмысты орындатқанда мұғалім оқушыларды тақтаға біртіндеп шығарып, әрқайсысына тапсырма береді де, дауыстап оқытады (кейде әрқайсысына әр түрлі мәтін, кейде бір түрлі мәтіннің өзін беруге де болады).



Мәнерлеп оқу дегеніміз ‒ дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу. Мәнерлеп оқу дегеніміз – қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу.

Мәнерлеп оқуда басты 3 міндет орындалады:



  1. Оқушылар шығарманың мазмұнын түсінеді;

  2. Шығармадағы кейіпкерлер қайта жасалады;

  3. Шығармадағы көңіл-күй көрсетіледі.

Ендеше ол сезімге, қиялға әсер етеді, әркімнің көңіл-күйі көрінеді.

Оқушылар сөйлемдегі сөздердің мәнін (әсіресе, омоним сөздер), шығарманың көркемдігін және оның әсерлілігін мәнерлеп оқу арқылы байқайды.

Мәнерлеп оқу үшін әр сөздегі ойдың ара жігін ескере отырып, дауысты құбылтып, тиісті жағдайда сөздерге реңк беріп оқиды.

Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса, оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы өз дауысын күте білуі қажет. Дауыс желбезегіне онша күш кетірмеу, суық күндерде далада азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпау ‒ дауыс күші мен оның тазалығын, үнін сақтаудың басты шарты.

Сондықтан да сөйлеу мүшелерінің дұрыс қызмет атаруын қадағалау керек. Мәнерлеп оқуда зор рөл атқаратын — интонация.

Интонация − сөйлеудің мәндік, эмоциялық нақыш бояуы. Ол көркем сөз орындаушының ішкі сезімін, ойын білдіретін, көркем образдарды бейнелеуге көмектесетін алуан түрлі дауыс реңкі.

Ол сөйлеудің ритмі мен үнін, дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді. Интонация мына элементтерден тұрады: сөз бен ой екпіні, сөйлеудің қарқыны, ритмі (ырғағы), кідіріс (пауза), сазы.

Көркем шығарманы мәнерлеп оқу үшін, онымен алдын ала танысып, сонан соң оқығанда ғана автордың идеясын жеткізе оқып шығуға болады. Көркем шығармада адам психологиясы жан-жақты суреттеледі. Оны өз мәнінде тыңдаушысына жеткізу үшін, мұғалім оқитын мәтіндегі қай сөздің, сөйлемнің қандай мағынаны, қандай көңіл-күйді білдіретінімен алдын ала таныс болуға тиіс.

Міне, осы сияқты жәйттерге көңіл бөліп, дайындық жұмыстарын жүргізген мұғалімдер ғана оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрете алады.

Оқуға үйрену барысында оқушының білігі мен дағдысын былайша бағалауға болады:



  1. Баяу, бірақ дұрыс, түсініп, мәнерсіздеу оқиды;

  2. шапшаң, мәнерсіз, сөзді бұрмалап, түсінбей оқиды;

  3. шапшаң, дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқиды;

  4. орташа қарқынмен, дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқиды;

  5. өте баяу, бірқалыпты, дұрыс, түсініп, мәнерсіз оқиды.



1

5, 6-апта

7,8 -апта





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет