4. Дипломдық жұмысты орындауға қатысты сұрақтар тізімі



бет10/38
Дата07.02.2022
өлшемі0,51 Mb.
#87344
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Байланысты:
Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
Жүгіру - спорттың көптеген түрлері кіретін (футбол, баскетбол, қол добы және т.б.) ең көп таралған дене шынықтыру жаттығуларының түрі. Жүгірудің алуан түрлерінің айтарлықтай саны жеңіл атлетикалық әртүрлі түрлерінің органикалық бөлігі болып табылады. Жүгіру кезінде бүкіл организмнің жұмыс істеу қабілетіне жоғары талаптар қояды, өйткені жұмысқа барлық бұлшық ет топтары тартылады, жүрек-тамыр, тыныс алу және басқа да жүйелердің қызметі күшейіп, зат алмасу айтарлықтай артады.
Жүгіру жылдамдығы мен арақашықтықтың ұзындығын өзгерте отырып, төзімділік, жылдамдық, шапшаңдықтың дамуына ықпал етеді. Жүгірумен сабақ үдерісінде спортшылар өзінің күшін есептей білуі, кедергілерді жеңумен бірге ерік қасиеттері тәрбиеленеді.Жеңіл атлетиканың барлық спорт түрлерінің ішінде жүгіру – барлық мүмкіндіктерді қамтитын
денешынықтыру жаттығуы. Жеңіл атлетика бойынша жарыстарда жүгіру мен эстафеталардың әртүрлі түрлері жетекші орын алады.
Жеңіл атлетикада жайдақ жүіру,кедергіге және қолжауғаулы (эстафета) мен табиғи жағдайдағы жүгіру сияқты түрлері болады.
Жайдақ жүгіру белгілі бір арақашықтық пен уақытта (сағат тіліне қарсы қозғалу ) жүгіру жолында шеңбер бойымен өткізіледі. 400м-ге дейін жүгіру
әрбір желаяқ үшін жеке жолдар бойынша өткізіледі. Белгіленген арақашықтықты жүгіріп өтуге жұмсалған уақытты электрохронометр немесе секундомерге жазып алады. Сағаттық немесе екі сағаттық жүгірудегі жүгіру ұзақтығы уақытпен шектеледі, ал нәтижесі осы уақыт ішінде өткен, метрдегі арақашықтықтың ұзындығымен анықталады.
Тосқауылдармен, жүгірудің екі түрі бар:
1. Арақашықтық бойынша біркелкі қойылған бір типті тосқауылдармен 50м-ден 400м-ге дейін жолда тосқауылдармен жүгіру
2. Стадионның секторларының бірінде суы бар шұңқыр және тосқауыл қойылған жүгіру жолдарында тосқауылдармен (стипль-чез) 3000м-ге жүгіру.
Қолжалғаулы жүгіру ( эстафеталық ) –бұл арақашықтығы кезеңдерге бөлінеген командалық жүгіру. Қолжалғаулы жүгіру мақсаты-ең жоғары жылдамдықпен қолжалғауды (эстафетаны) сөреден мәреге дейін, бір-біріне бере отырып, алып өту. Кезеңдердің (ұзындығы біркелкі (қысқа және орта арақашықтық) және әртүрлі (аралас арақашықтық) ұзындықта болуы мүмкін. Қолжалғаулы жүгіру көбінесе стадионның жолында өткізіледі, және кей кездері-қаланың көшелерінде өткізіледі.
Табиғи жағдайдағы жүгіру 15км-ге дейінгі арақашықтықта өткізіледі, ал ең ұзын ара қашықтық-жолдарда, даңғылдара өткізіледі. Жеңіл атлетикадағы ең үлкен арақашықтық-марофондық (42км 195м), сондай-ақ елді мекендер арасында дәстүрлі жүгіріс өткізіледі, мысалы: Тарасовка-Москва (28км), Пушкин-Ленинград (30км).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет