4 Хромтау орта мектебі Қазақ тілі сабақтарында жаңА Әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары



Дата20.06.2018
өлшемі103,46 Kb.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Оразова Жанат Есетқызы

4 Хромтау орта мектебі


ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Еліміздегі барлық білім ошақтары компьютер және интерактивті тақтамен жабдықталуда. Қазіргі заманғы, ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны күннен-күнге өсуде. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің алдына да жаңа міндеттер жүктелуде. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа ақпараттық технологияны меңгеру мұғалімнің білімін шыңдап ғана қоймай, интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және тағы басқа көптеген адами келбетін қалыптастыруына ықпал жасайды.

 Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс тәсілдерімен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Мектеп пәндерін оқыту процесінде интерактивті тақтаны пайдалану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың білімге деген қызығушылығының, ізденушілікке деген ынтасының, сезімінің өсуіне әсер етеді. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, ізденушілігіне байланысты.

Ақпараттық технологияны оқыту үдерісінде екпінді түрде енгізу бағытына қолданылатын жаңа түрдегі құрал – интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды. Мұғалімдер өз сабақтарында мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан-жақты ізденіп, сабақтарын қызықты, әрі тартымды, нәтижелі өткізуге тырысуда. Интерактивті тақтаның мүмкіншілігі шексіз. Оны көрнекілік ретінде қарастырсақ, ол оқу нәтижесінің сапасына оң әсер етері сөзсіз. Бұл – бейнеконференциялар, мектептер арасында бірлескен сабақтар өткізу үшін қолданылатын ерекше жүйе. Сонымен қатар, пәндік көрнекі құралдарды бейнематериалдар арқылы көрсетуге болады.

Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені, оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнің негізгі алға қойған міндеті – шәкірттерінің ой-өрісін кеңейтуге, биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Орыс мектептеріндегі қазақ тілін жүргізу мұғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Мұғалімнің еңбегінің табысты болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әр қилы ұқсастықтарын, айырмашылықтарын есепке ала отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да тиімді болады. Оқу тәрбие жұмысының негізі – сабақ. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижелі болуына тікелей әсер етеді.

Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әр түрлі жағдайларға байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс – тіршілігімен жан-жақты терең таныстыру.

 Осылардың барлығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дәстүрлі әдістемеге қарағандағы артықшылықтарын пайдалану арқылы тіл үйренушінің білім сапасының артуына, қатысымдық құзіреттілігінің қалыптасуына ықпал етеді. Тілдік білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тіл үйренушілерді әлемдік мәдени құндылықтарға, ақпараттық ресурстарға жақындатып алып келеді, шынайы мәдени аралық коммуникацияға жағдай жасайды. Бұл технологияның тіл үйретудегі мүмкіндіктері ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты дәлелденген, тек практикалық тұрғыдан жүзеге асыруға мамандардың дайындығы арта түсуі қажет. Алдағы уақытта жоғары талаптарға жауап беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлері арта беретіні сөзсіз.

Сондықтан қазақ тілін оқыту-үйрету үдерісінде бұл технологияларды ұтымды қолдану үшін оқытушылардың өз кәсіби шеберліктерін, ақпараттық-технологиялық құзыреттілігін үнемі дамытып отыруы талап етіледі.

 Сабақта интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.

 Сонымен, оқуда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімі нанымы болады. Сонымен қатар интерактивті тақтамен орындалатын жаттығулар оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.

 Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.

 Интерактивті тақтада орындалатын тапсырмалар бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді. Ол әрекеттер тілдік және ой операциясының күрделенуіне байланысты болады.

 Оқу тапсырмаларының негізінен, жазба түрде орындалуын қажет ететін логикалық тілдік жаттығулардың арқалайтын «жүгі» салмақты, өйткені бұл жаттығулар арқылы оқушы қазақ тілі тақырыптарын грамматикалық ерекшелігін танудың нық әрі сенімді баспалдағын қалайды және оқушы үшін маңызды болып табылатын жазу, орфография ережелерін меңгереді.

Профессор Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясының маңыздылығы зор.

Оқушының ойлау қабілетін, тілін дамытуға игі ықпал ететін, мен жұмысымда қолданатын оқытудың бір түрі сабақта деңгейлік тапсырмаларды қолдану. Деңгейлік тапсырмалар оқушының қазақ тілінен алатын білімін толықтыра отырып, қажетті дағдылар мен біліктердің қалыптасуын қамтамасыз етуіне ықпал етеді.

Деңгейлік тапсырмаларды белгілі бір тақырып біткен кезде, қайталау сабақтарын өткізгенде пайдалану өте ұтымды. Бұл тәсілдің ең маңыздылығы – әр оқушы өз шамасына қарай тапсырманы орындай отырып өзінің нені білетін және білмейтінін толық сезінеді, жолдастарынан қалмау үшін келесі жолы білмегенін біліп алуға тырысады.

Әңгімелесу әдісі білімді жинақтауға оқушылардың теориялық білімдерін қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға немесе барлық сынып оқушыларына қояды..

Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланады.

Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған.



Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.

Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдістер:

Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу,кітаппен жұмыс.

Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.

Оқыту үрдісінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады.



Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді.

Бұған демонстрация, иллюстрация тәсілдері жатады.

Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны — жаттығу әдісі.Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады.

Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяңдауға дағдылану мақсатын көздейді.

Оқушы бірінші сыныптан бастап қазақ тілін үйрену барысында тілдегі түрлі қолданылатын атауларды ( әріп, дыбыс , буын, сөз, сөз тіркестері, сөйлем, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері – нүкте, үтір, леп белгісі, сұрау белгісі, сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтама, ережелерді оқып үйренеді.

Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден меңгеріп кетуі мүмкін емес,тек оның негізгі, қажеттілерін(анықтама, ережесін) есте сақтауы мүмкін.

Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді.

Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы, осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден, дағды бермеуден деп айтуға болады.

Қазіргі кезде қазақ тілін қандай бағытта, қандай мазмұнда оқыту керек?

Меніңше, коммуникативті функционалды бағытта болуға тиіс. Сондықтан тілдің коммуникативті механизмін ашу қажет . Яғни, оның сөйлеу процесіндегі, сөйлем құрудағы, мәтін бойынша әңгіме құрастырудағы рөлі амал – құралдар арқылы меңгертіледі.

Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, білу қазіргі таңның басты мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі- әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу.Қазір технологиялардың түрлері өте көп. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгеру күрделі жұмыс. Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету қиын да, қызық жұмыс.

Грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда тірек сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір- бірімен, қарым- қатынас жасауға (сөйлеу, айту, жазу, оқу) ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге үйретеді.

Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор орындығы , топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды.

Бір сыныпта отырған балалардың ұлты, оқу ынтасына қарай тілді білу дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Сол себепті де нақты нәтижеге жету үшін модульдік оқыту технологиясының тиімді екенін күнделікті іс- тәжірибемнен көріп келемін. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының негізі баланың тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай келіп отыр. Модульдік технологиясының басты ерекшелігі – оның тек қана білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай- ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін- өзі өзентілендіру, өзін - өзі бекіту, қарым- қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттануға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады.

Сондай-ақ, профессор Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясының маңыздылығы зор.Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже:
Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу;
Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, оны дамыту;
Өз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін шығармашылық тұлға қалыптастыру;
Деңгеймен оқытудың ерекшелігі:
1.Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Орыс сыныптарында қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ – жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ , сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз іс–тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын.

Қорыта келе осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі:



  • Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

  • Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;

  • Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;

  • Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Артықова Т.М. Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі . Оқыту әдістемесі.А:, 2005 ж.

2.Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А: Қазақ тілі, №4, 2007.16б.

3.Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2,2004. 47 б.

5.Оралбаева Н. Жақсылықова Қ. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі, А: 1996 жыл.

Аннотация

  Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс тәсілдерімен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Мектеп пәндерін оқыту процесінде интерактивті тақтаны пайдалану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың білімге деген қызығушылығының, ізденушілікке деген ынтасының, сезімінің өсуіне әсер етеді. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, ізденушілігіне байланысты.

Мұғалім баяндамасында сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты екендігін туралы баяндайды. Өйткені, оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнің негізгі алға қойған міндеті – шәкірттерінің ой-өрісін кеңейтуге, биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Мұғалімнің еңбегінің табысты болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әр қилы ұқсастықтарын, айырмашылықтарын есепке ала отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да тиімді боладығы . Оқу тәрбие жұмысының негізі – сабақ. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижелі болуына тікелей әсер етеді.



Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әр түрлі жағдайларға байланысты. Қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс – тіршілігімен жан-жақты терең таныстыруды мақсатқа ала отырып, жаңа әдіс- тәсілдердің тиімді жолдарын пайдалану жөнінде жан-жақты айтылады. Баяндама жаңаша оқытудың , жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану жолдарын қарастырған.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет