4 Лабораториялық жұмыс Тұздар Жұмыстың мақсаты



Дата28.11.2022
өлшемі18,88 Kb.
#160080
Байланысты:
4 Лабораториялық жұмыс
6-11, 6-11, 1 лекция

4 Лабораториялық жұмыс
Тұздар
Жұмыстың мақсаты: тұздардың физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу

Қондырғылар мен реактивтер
Колба -3 дана, шыны пластика, микроскоп, пипетка, натрий гидроксиді, фенолфталейн, натрий сульфаты, мыс (ІІ) сульфаты, MgO,CuO,ZnO түйірлері, темір (ІІІ) хлориді, калий гидроксиді, калий иодиді. НСІ, Н3РО4 ерітінділері.

Жұмысты орындау барысы
1-тәжірибе.Тұздардың физикалық қасиеттері. Лабораторияда бар тұздардың үлгісін қарастырыңыз. Анықтама кітаптан оларға физикалық мәліметтер беріңіз. Бақылау нәтижесін және физикалық константасын кестеге толтырыңыз.
2-тәжірибе. Бейтараптану реакциясы. 3 колбаға (50-100мл) 5 процентті натрий гидроксидінің, ізбес суының және мыс (II) гидроксиді суспензиясының сулы ерітіндісінен 10-15мл құйыңыз. Алғашқа екі колбаға 2-3 тамшы фенолфталейн индикаторын тамызыңыз. Содан соң барлық үш колбаға айналдыра араластыра отырып алғашқы екі прбиркадағы малина түсі жойылғанша және үшінші колбадағы тұнба ерігенше пипеткамен 10 прцентті күкірт қышқылын тамызыңыз. Тұздарды алуға байланысты ұқсастықтар мен айырмашылықтарға назар аударыңыз. Барлық үш колбада да тұз түзіледі, екінші колбада тұнба түрінде. Шыны пластинкасына суспензиялы кальций сульфатынан бір тамшы тамызып, микроскоппен кристалдарын көріңдер. Сондай-ақ натрий сульфаты мен мыс сульфаты ерітінділерінен шыныға тамызып, абайлап буландырып, микроскоппен тұз кристалдарын көріңдер.
3-тәжірибе. Қышқылдардың негіздермен және амфотерлі оксидтермен әрекеттесуі.3 колбаға MgO,CuO,ZnO бірнеше түйірлерін (0,5г дейін) салып,әрқайсына 2-3мл-ден 5 процентті күкірт қашқала ерітіндісінен қосыңыз.Осы заттардың бөлме температурасында және қаздырғанда қалай әрекеттесетініне, сондай-ақ түзілген ерітінділердің түсіне назар аударыңдар.
4-тәжірибе.Қышқылдардың метардармен әрекеттесуі.Пробиркаға мырыштың бірнеше түйірлерін салып,үстіне 1-2мл күкірт қашқалы ерітіндісін тамызыңыз.Реакция аяқталған соң ерітіндіден шыны пластинкаға тамызып,абайлап қыздырып микроскоппен кристалдарын көріңдер.
5-тәжірибе. Сілтілердің қышқылдық және амфотерлі оксидтермен әрекеттесуі. а) прбиркаға калий гидроксидінің бірнеше түйірін салыңыз.Тағы бір басқа пробиркаға мрамордың бірнеше бөлшегін салып,үстіне (1:2) қышқыл құйыңыз,аузын газ жүретін түтігі бар тығынмен жабыңыз,СО2 газы бөлінеді.Түтіктің екінші ұшын сілті құйылған келесі прбиркаға батырыңыз.Қыздырғанда не байқалады және реакция нәтижесіне назар аударыңыз.
б) пробиркаға мырыш окидінің (0,5г дейін) ұнтағынан салып,үстіне 2-3 мл 10 процентті калий гидроксиді ерітіндісінен қосыңыз.Оксидтің жайлап ерігенін және қыздырғанда еру жылдамдығының артатынын бақылаңыз.
6-тәжірибе. Тұздардың қышқылдармен және сілтілермен әрекеттесуі. 2 пробиркаға 1-2мл 5 процентті темір (III) хлориді ерітіндісіне құйып,біреуіне бірнеше тамшы 5 процентті ортофосфор қышқылын, екіншісіне 5 процентті калий гиороксиді ерітіндісінен қосыңыз. Реакция нәтижесінде түзілген тұнбаның құрамына және оның түсіне назар аударыңыз.
7-тәжірибе. Тұздардың тұздармен әрекеттесуі. 2 пробиркаға 2-3мл-ден 5 процентті калий карбонатын құйыңыз. Біреуіне бірнеше тамшы 5 процентті кальций хлоридін,екіншісіне 5 процентті мыс (II) сульфатын тамызыңыз.Осы реакциялардың нәтижесінде біреуі тұнбаға түсетін,екіншісі ерітіндіде қалатын екі түрлі тұздың түзілгеніне назар аударыңыз.
8-тәжірибе. Тұдардың жай заттармен әрекеттесуі.
а) 10 процентті мыс (II) хлоридіне немесе сульфатына темір шегені немесе темір үгінділерін салыңыз.Жаңа тұз түзілу нәтижесінде ерітінді түсінің өзгергенін және темірдің жоғарғы қабатында қоңырқай дақтардың пайда болғанын бақылаңыз.
б) калий йодиді ерітіндісіне батырылған сүзгі қағазынан 2-3мл етіп жолақ дайындаңыз. Пробиркаға (тяга астында) калий перманганатының аз ғана бөлшегін (0,5г дейін) салып, 2-3 тамшы концентрлі тұз қышқылын тамызыңыз және оның үстіне пинцеттің еөмегімен тұз ерітіндісіне батырылған қағазды салыңыз. Қағаз түсінің өзгеруінен реакция жүргенін анықтаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет