4. Студенттердің өздік жұмысы



бет5/57
Дата06.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#59245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Дәрісті бекіту сұрақтары:
1.Теледидардағы хабарлардың мазмұн-мағынасына, жанрлық ерекшеліктеріне, берілу пішініне қарай топтастыру
2. Сөйлеу өнерін шешендік өнер дәстүрімен байыту әдістері
3. Тікелей репортаж.
4. Жүргізуші шеберлігі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекетова Л. Проблемы реформирования телевидение и радио в Казахстане. – Алматы:1996
2. Бекетова Л. Проблемы реформирования телевидение и радио в Казахстане. – Алматы: 1996
3. Д.Рендаль Универсальный журналист – А.,1999


3-Дәріс
тақырыбы: Телепублицистиканың зерттелуі


Дәріс мақсаты: Публицистиканың бір саласы саналатын телепублицистиканың қоғамдағы рөлі орасан зор. Ол кез келген мәселеге қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы қоғамдық санаға ықпал жасауын талдап, түсіндіру.
Дәрістің жоспары:

  1. Публицистика термині.

  2. Публицистика туралы осындай алуан түрлі түсінік.

Сөз өнерінің теориялық және әдістемелік мәселері жағынан аз зерттеліп, толық бағасын ала алмай келе жатқан бір саласы – публицистика. Ол туралы отандық және шетел ғалымдарының пікірлері алуан түрлі. Бүгінге дейін ортақ бір шешімге тоқтай алмай келеді.
Публицистика терминінің төркіні латынның publicus деген сөзіне барып тіреледі. Қазақша мағынасы қоғамдық дегенді білдіреді. Төл тіліміздегі баламасын алғаш ғылыми айналымға енгізген – ардақты алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы. Ол өзінің «Әдебиет танытқыш» атты атақты еңбегінде көсем сөз ұғымын публицистика баламасы ретінде қолданады: «Көсем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталдады». Ұлттық рух ұстыны Ахмет Байтұрсынұлы ұйғарымын тарата талдамас бұрын көсемсөз туралы тағы қай ғалымның қандай көзқарасы бар екеніне тоқталмай өтуге болмайды.
Өткен ғасырдың 70 жылдарында Кеңес елінде көсемсөз туралы пікірталас қызу өрбіді. «Вопросы литературы» журналының 1970 жылғы жетінші санында «Публицистика - әдебиеттің алғы шебі» деген тақырыпта пікірталасқа қатысушылар ой-тұжырымдары оқырман талқысына салынды. Бұл мәселеге аталған басылым 1973 жылғы 10-санында «Публицистика және қазіргі заман» деген тақырыппен қайта айналып соқты. Екі санында да, тоқ етерін айтсақ, басылым жарияланымдарының ортақ тұжырымы публицистика әдебиеттің жауынгер жанры дегенге келіп саяды.
Орыс зерттеушілерінің осы тұжырымы әсер еткен болуы керек 1976 жылы жарық көрген Қазақ совет энциклопедиясының 9-томында ұлттық журналистика ұстазы Т.Амандосов пен белгілі ғалым Ә.Жұмабаев көсем сөзге мынадай анықтама берген: «Публицистика - өмірдің әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, ғылыми және басқа да рухани құбылыстарын, өмірдің фактілерн өзіне арқау ететін әдеби жанр».
Көсемсөзді жанр ретінде қарастырушы зерттеушілер пікірімен белгілі ғалым Т.Қожакеевтің де көзқарасы сәйкес келеді: «Публицистика нақтылы өмірден орын алып отырған мәнді оқиға – фактілер төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал жасайды,- деп жазды профессор. Яғни, публицистика –фактінің, нақты оқиғаның жанры».
Зерттеуші Т.Ыдырысов көсемсөз жайлы мынадай пікір білдіреді: «Публицистика – жазушы мен журналистің әлеуметтік пікір айтуы, күнделікті өмірге, әр қилы қоғамдық шабытпен терең ой топтап, жұртшылықты белгілі бір оқиғаға, құбылысқа ерте, еліктіре білуі. Екінші сөзбен айтқанда, публицистика дегеніміз – саяси-көркем прозы, қаламгердің әлеуметтік мәселелерді толғауы».
Публицистиканы әдебиетпен қоса журналистиканың саласы ретінде қарастырушылар да бар. «Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде» орын тапқан мақаласында С.Байменов мынандай пікір білдіреді: «Көсемсөз – әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы»,- деп жазды ол.
Ал, «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» деген тақырыпта зерттеу жүргізген ғалым Бауыржан Жақып дәл осы аттас кітабында публицистика мен журналистиканың аражігін бірнеше қырынан аша келе, нақты мынадай тұжырымға тоқталады: «Журналистика – белгілі бір қызмет саласы және әсер ету сферасы, түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын, ұйымдар мен мекемелердің басын құрайтын белгілі бір аппарат, әлеуметтік институт. Ал публицистика – белгілі бір нысаны, орны, функциясы, мазмұны, құрылымы мен пішіні бар, белгілі бір жанрлар жүйесі бар және қоғам мүшелеріне әсер ету тәсілдері бар тұтас шығармашылық түрі».
Байқап отырғандығымыздай, публицистика туралы осындай алуан түрлі түсінік бар. Оның олай болатын себебі де жоқ емес. Публицистика қоғамдық ойдың қозғаушы күші және қоғамдық өмір шындығының сырлы шежіресі болғандықтан ол туралы толыққанды зерртеу жүргізу кешегі кеңестік тоталитарлық қоғамда мүмкін болмады. Олай еткен күнде қоғам шындығы ашылып қалатын болды. Сол себепті публицистика зерттеушілеріне қатаң партиялық бақылау аясынан шықпай ой түйіндеулеріне тура келді. Публицистикатану ғылымының кенже дамып келе жатқанының негізгі себебі де содан деп білеміз.
Еліміздің егемендік алып, нарықтық экономикаға негізделген демократиялық қоғам орнату бағытындағы даму жолымызды айқындаған бүгінгі заманда публицистикаға объективті тұрғыдан толыққанды зерттеу жүргізуге мүмкіндік тууда.
Публицистиканың бір саласы саналатын телепублицистиканың қоғамдағы рөлі орасан зор. Ол кез келген мәселеге қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы қоғамдық санаға ықпал жасайды. Әрине, қоғамдық санаға публицистикадан өзге де өнер түрлері, атап айтқанда, театр өнері, кино өнері, айтыс өнері, сонымен бірге тәлім-тәрбие ошақтары, әлеуметтік орта, табиғат құбылыстары әсер ететнін жоққа шығармаймыз. Дегенмен қалың бұқараға қаратып айтылатын, көтерілген мәселе туралы пікірді иландырып, ұйытып, әсерлі жеткізетін телепублицистиканың орны ерекше екенін айрықша еске саламыз. Ал өз кезегінде қоғамдық сана сол замандағы қоғам субъектілерін ырқында ұстайтынын өмір дәлелдеумен келеді.
Телепублицистика өз тұсындағы әлеуметтік, қоғамдық, саяси мәні бар, өзекті мәселелерді көтереді. Ол бұқараға сол күнгі, сол кезеңдегі басты міндеттерді аңғартады. Өмір-тіршіліктегі болмыс-құбылыстардың сыр-сипат, мән-жайын түсіндіріп, сол жөнінде телехабарлар не болмаса телебағдарламалар арқылы жұртшылық пікірін қалыптастырады.
Телепублицистиканың қоғамдағы рөлі орасан зор. Ол кез-келген мәселеге қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы қоғамдық санаға ықпал жасайды. Әрине, қоғамдық санаға телепублицистикадан өзге де өнер түрлері, атап айтқанда, театр өнері, кино өнері, айтыс өнері т.б., сонымен бірге тәлім-тәрбие ошақтары, әлеуметтік орта, табиғат құбылыстары т.б. әсер ететінін жоққа шығармаймыз. Дегенмен, қалың бұқараға қаратып айтылатын, көтерілген мәселе туралы пікірді иландырып, ұйытып, әсерлі жеткізетін телепублицистиканың орны ерекше екені даусыз.
Алғашқыда телеэкрандағы хабарларды журнал, лекция, хабар, әдеби хабар, әңгіме, сөз, концерт, мультфильм, фото және кинорепортаж, киноочерк, киножурнал, мақала, деректі, ғылми фильм, спектакль, телеқойылым, концерттік трансляция бағытындағы пішіндер мен жанрлар құрады. Келе-келе бұл пішіндер мен жанрлар көрермендер арасында танымалдыққа ие болды. Егер радиожурналистиканың алғашқы кеңестік әрі қазақстандық жанрлары радиогазет шеңберінде дамыса,, ал тележурналистиканың отандық урнал түрінде дамығаның ғылыми тұрығдан айқындалды.
Кеңестік тележурналистиканың басты міндеті – қоғамдық пікірді партияның саясатында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес қалыптасытур арқылы аудиторияға тұрақты ықпал ету болды. Сонымен бірге марксизм-ленинизм тұрғысынан қоғамдық өмірдің көкейтесті құбылыстарын түсіндіретін, бағалайтын шығармаларды жасау және тарату, сол заманның жанды тарихын жасау, қоғамдық сананы қалыптастыруға қатысу, көпшіліктің және жекелеген тұлғалардың тәжірибелік қызметін жандандыру, халыққа қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірдің маңызды оқиғалары туралы хабарлап отру, тәрбие, ойын-сауық, оқыту құралы ретінде көпшілікке қызмет көрсетудің мәні дәйекетлді.
Ақапарат қызметінің пайда болу үрдісі барлық жергілікті студияларда бір үлгіде өтті. Ол республиканың қоғамдық өміріндегі жаңалықты қамтудан басталып, облыстар мен қалалардың актуальді оқиғалармен аяқталды. Жаңалықтар спорт жарыстарынан шағын сюжеттер ғана беріліп тұрды. Экраннан жастар аудиториясын толғантқан проблемалар, жұмысшылар өмірі, комсомол ұйымның жұмыстары сирек көрсетілді. Өмірдің сан-саласындағы көкейтесті тақырытарға теледидар әлі шынайы түрде тереңдеп бара алмады. Көрермендерді көп ұлтты кеңес әдебиетімен, өнерімен, класиктер шығармаларымен таныстыру, өнер адамдарының мерейтойлық шығармашылық портреттері, өмірбаяндық хабарлар, өнер шеберлерінің концерттері – көркемдік бағыттағы хабарлардың негізгі мазмұнын құрады. Балалар хабарлары жолындағы алғашқы ізденістер басталды. Сөйтіп, Алматы телестудиясының шығармашылық тобы сан бағыттағы беймәлім пішінермен бетпе-бет келіп, газет пен радионың бар мүмкіндігін экранға ыңғайлау жолындағы ізденістерін жылдар бедерінде ұштап отырды.
Хабарлар құрылымын түрлендіру, мазмұынын байыту, идеялық дәрежесін көтеру бағытындағы кейбір ізденістер тиімділікке қол жеткізсе де, телехабарлардың қалыптасу кезеңінде қиындықтар:а) теледидар жүйесі құрылымндағы ізденістердің баяу жүруі; ә) телеөндіріс табиғаты мен ерекшеліктерін ескермеу; б) кадрлар даярлаудағы босаңдық; в) шығармашылық құрамды қайта даярлауға мән берушілік; г) республика аумағында курстық жүйені өркендетуге көңіл бөлмеуден орын алды. Алайда партия қоғам өміріндегі қуатты қаруға бей-жай қарамыд. Кеңестік кезеңдегі теледидарға партиялық басшылық мынаны көрсетті: идеологиядағы жаңа, маңызды жүйе – теледидардың қалыптасу мен дамуына партия ұйымдарының жан-жақты көмек көрсетулері, күн тәртібіндегі мәселелерді теледидар қызметкерінің дкр кезінде айқындауларында жоғарыдан бағыт-бағдардың үнемі беріліп отыруы, теледидар кадрларын жасақтауға партия ұйымдарының қамқорлығы мен олардың кәсіби шеберлігін ұштауларында қажетті шараларды жүзеге асырулары, радиотелевизиялық өндірісті дамыту мен телевизиялық хабарлар таратудың материалдық-техникалық базасын нығайту, теледидардың программаларды қабылдау жүйесін ұлайтуға үнемі қамқорлық жасағаны, зор ықпал еткені көрсетілді.
Телевизия – уақытпен бірге дамып, елмен бірге өзгеріп, қоғаммен тығыз бірлікте қанатын жая түсті. Жастық жалынды хабарлар тобы да экранға шықты. Қазақ телевизиясының көркемдік жағын басқарған С. Шәріпов Қазақ телевизиясының он жылдық табысын тарзылай отыры, оның негізгі қызметін дә де айқын көрсетті.
Тележурналистер кезеңге сай өз хабарларында экономика мен өндіріске ғылыми басшылық жасауға батылдық әрі тереңірек үңіле бастады. Себебі уақыт сұранысына ора «Еңбек экраны», «Алматы және алматылықтар», «Уақыт және стиль», «Жаныңда жүр жақсы адам» т.б. хабарлар көрермендер тарапынан жыл қабылданды. Хабарларда заттық игілікті өз қолдарымен жсаушы еңбек адамдарының сан алуан бейнелері, өндірістік процестермен бірлікте жан-жақты ашылды. Жетпісінші жылдары экранда өндірісті басқаруды жетілдіру жөніндегі телевизиялық «Тимур» циклы мен артта қалған бригадалардың алдыңғылар сапына қосылуына көмектесуді мақсат ететін «Агрегат-13» хабарының тиімділігі айтарлықтай.
Қазақ телехабарының алғашқы айда болу, қалыптасу кезеңінде экранның барлық қырлары мен сипаты өз табиғатын толық ашпады, синкреттік өнер мүмкіндігі барынша пайдаланылмады. Себебі білімді кадрлардың аздығы, әрі синкретті өнер түрінің өзіне тән табиғилығын тануға техникалық және шығармашылық топтағы мамандардың білім-білігі мен парасат-пайымы жете бермеді. «Теледидарда бәрі де әрекетте, ол миллиондаған адамдардың көз алдында жүруді үйренуде. Ол өнер теориясының дәстүрлі сұрақтарын уақыт өткен сайын қайталап қоюда»,-деген пікір осының дәлелі.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет