4 тәжірибе. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан



Дата18.05.2023
өлшемі17,73 Kb.
#177071
Байланысты:
Тарих конспект
Тәжірибелік тапсырма 2, Тәжірибелік тапсырма 6, реферат, методические PD83, жэо, МИ СМК 4.01.6-20 Учебные работы, казахский, DOC-20221103-WA0152PDF 221105 182333, Intervaly, Тәжірибелік тапсырма 7, win11p, Дәріс № 6 ТЖ кезінде халықты қорғау, философия рк 1 правка, Севообороты 1. 2011

4 тәжірибе. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
Ұлы Отан соғысы — бұл ұлы трагедия, қасырет, өлім, елді қыру, жою. Фашисттердің айуандығында шек болмады. Қазақстан соғыстан алыста болса да, тылда көп еңбек етті. Соғыстағы жеңіс — бұл қазақстандықтардың тылдағы еңбегінің де жеңісі. Бір мақсатқа жұмылған жұмысшылар мен шаруалар, интеллигенция, ерлер мен әйелдер, коммунистер мен комсомолдар, балалрға дейін ортақ екпінмен бұған дейін тарих білмеген ерліктер жасады.
Совет халқының гитлерлік ордамен жүргізген Ұлы Отан соғысы — бұған дейін біздің ғаламшарды дүр сілкіндірген соғыстардан да жойқын болды. Өз Отанын қорғаған совет халқы бүкіл әлем таң қалған керемет ауызбіршіліктің, ерліктің үлгісін көрсетті. Ұмытылмас мамыр айында М. Егоровтың, М. Кантарияның, Е Қошқарбаевтың Рейхстагқа қызыл ту тігуі — адамзат тағдырын айқындаған Ұлы Жеңістің келгенін білдірді. Ұлы Отан соғысында тарих білмеген ерлік көрсетіп, жеңіске ең көп үлес қосқан совет халқы болды.
1941-1945 жылдардағы жекелеген ұлттар үшін жасалған Сталиндік кезеңнің өрескел зардабы – халықтар депортациясы еді. 1920—1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру — сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО- да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 млн адамға жетті. Тарихи деректерге сүйенсек, поляк, еврей, шешен-ингуш, немістерді күштеп атамекенінен көшіру жоспарлы және құпия түрде іске асырылды. Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті. Ал 1937—1938 жылдары немістердің ұлттық мәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы «Кіші Қазан» науканы кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді.
КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. “Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды. “Солтүстік” тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған “Онтүстік тобы” Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік Германияның Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында Қазақстанға үлкен мән берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді. Бұл территорияны славян халықтарынан тазарту және түрік-моңғол халықтарын жою көзделді. Сонымен қатар фашистік Германияға қызмет ететін Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру жоспарланды.
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінін 70% - 5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Батыс шекаралық округтердегі Қызыл Әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе, артиллериядан – 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудын алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті. Ұлы Отан соғысы кезінде Т.Бегелдинов екі мәрте, Б.Момышұлы Кеңес Одағының батыры атанған.
Қазақстандықтардың майданға көмегі әсіресе 1942-1943 жылдары күшейе түсті. Жүзден астам қорғаныс өнеркәсіп орындарының іске қосылуы Қазақстанның әскери өнеркәсіп потенциялын көтерді. 1943 жылғы қаңтарда республика қара металлургиясының тұңғышы Ақтөбе ферросплав зауытының құрылысы мерзімінен бұрын аяқталды, химкомбинат целитра, бор және фосфор қышқылын, сода, әскери өнеркәсіпке қажетті басқа да химиялық өнімдер өндіруді өрістетті.

1943 жылы Петропавл жылу электр станциясы іске қосылды. Кішкене және Үлкен Алматы өзендерінде бірнеше шағын су электр станциялары шапшаңдата салына бастады. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі де өнім шығаруды еселеп арттыра түскен. Жұмыс істеп тұрған қуаттарды ұлғайту мен қатар жаңадан көптеген тоқыма және тамақ кәсіпорындары салынды.



Жаңа мұнай кәсіпшіліктері: Қошқар, Комсомольск, Тентексор, Жолдыбай қуаттарын еселеп арттырды. Соғыс жылдары Ембіде 430 жаңа скважина іске қосылды. Соғыстың соңғы үш жылында Қазақстан 247,2 мың тонна жоғары сапалы мұнай берді. Өнеркәсіптің жоғары қарқынмен дамуының нәтижесінде соғыс жылдарында республикада халық шаруашылығындағы өнеркәсіптің жалып өнімінің үлес салмағы 1940 жылғы 60% 1945 жылы 66% дейін өсті. Ал, жұмысшылардың саны 1,5 еседен астам көбейді.

Тыл еңбеккерлері жаралылар мен жауынгерлер отбасыларына қамқорлық көрсетіп отырды. Госпитальдарды, жараланған жауынгерлерді қамқорлыққа алу кезінде басталған бүкілхалықтық қозғалыс, мұндай бірауыздылық дүние жүзілік соғыстар тарихында бұрын-соңды болмаған. 1941 жылы желтоқсанның өзінде – ақ қазақстанда 32100 төсегі бар 72 эвакуациялық госпиталь жұмыс істеді. Жараланған жауынгерлерді қоғамдық негізде аудандық әскери комиссариаттар жанында құрылған әйелдер кеңестері күнделікті қамқорлығына алып отырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет