Айтбай Ақбота 018 жм тапсырма: «Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы ахуал. Бейбіт ұрылысқа бейімделу»



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі19,83 Kb.
#109801
  1   2   3
Байланысты:
Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Хазірет Айша

Айтбай Ақбота 1018 ЖМ

1 тапсырма:

«Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы ахуал.

Бейбіт ұрылысқа бейімделу»

1941-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысы болып өтті. Ұлы Отан соғысына КСРО-ның басқа халықтары мен бірге Қазақстандықтар да соғысқа аттанды. Ұлы Отан соғысы 1945 жылы Кеңес халқының жеңісімен аяқталды. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңісінің нәтижесінде адамзатты фашизм құлдығынан аман алып қалды. Менің ойымша, соғыста Кеңес халқы жеңіске жеткенімен, одан кейінгі жағдай оның жағдайы жақсы болмады.

Біріншіден Ұлы Отан соғысында 30 млнға жуық адам қаза болды. Бұл соғыстан кейінгі демографияның төмендеуіне алып келді. Соғыс аяқталғаннан кейін еліміз өте ауыр экономикалық жағдайда болды. Кеңес Одағының байлығының үштен бір бөлігі жойылып кетті. Оған қоса соғыстан кейін қалалар мен елді мекендердің тек қирандылары қалды. Көптеген фабрикалар, зауыттар, шахталар, темір жолдардың жұмысы тоқтады. Бұл жағдай да экономиканың әлсіреуіне алып келді. Қазақстанға соғыс жылдарында ғылым және шығармашылық орталықтар көшірілген болатын. Бұл мекемелермен қоса Қазақ жеріне дарынды, білімді, әйгілі ғалымдар келе бастады. Мысалы: В. Вернадский, В. Обручаев, А. Панкратова сынды ғалымдар келді. Ал, өнер қайраткерлерінен Г.Уланов, В.Сац сынды өнер иелері келіп Қазақ жерінде шығармашылықпен айналысты. Менің ойымша, бұл құбылыс Қазақ жерінде ғылым мен әдеби өнердің дамуына алып келді. Соғыстан кейін 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрылды.Оның ұйымдастырушысы Қаныш Сәтбаев болды,академия құрамында 19 ғылыми-зерттеу институттары болды. Оған қоса білім алу ошақтары, зерттеу институттары, мәдени мекемелер көптеп құрыла бастады. Соғыстан кейінгі бұл жағдай біздің халқымызға оң әсерін тигізді деген ойдамын. Бірақ бір өкініштісі соғыстан кейінгі жылдарда Қазақ зиялы қауымына қарсы Сталиндік қуғын-сүргін саясатының жаңа толқыны басталды.Мәскеуде «Ленинград ісі», «Дәрігелер ісі»,ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» сынды қолдан жасалған идеологиялық тапсырмалар ұйымдастырылды. Е.Бекмаханов талантты тарихшылардың бірі болды. Ол « 20 ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты монография жазған болатын. Бұл монография Кенесары Қасымұлы көтеріліске қатысты шығарма болатын. Бұл шығарма ұлтшыл, оған қоса зиянды деп бағаланып Бекмаханов 1952 жылы 25 жылға бас бостандығынан айрылады. Бірақ кейінірек қазақстанға қоныс аударған орыс зиялысы А. Панкратованың қатысуымен Е. Бекмаханов ақталып шығады. Соғыстан кейінгі жылдарды елде астық тапшылығы байқалады. Соған байланысты бұл мәселені шешу үшін 1954 жылы « Тың және тыңайған жерлерді игеру» қаулысы қабылданды. Мұның теориялық тұрғыда екі бағыты болды. Бірінші бағыты «Интенсивтік бағыт» яғни, экономиканы ретттеудің нарықтық қатынасына көшу. Бірақ бұл бағыт социализм идеясын қарсы келді . Екінші бағыты «экстенсивтік бағыт», яғни астық өнімін жаңа жерлерді игеру арқылы арттыру жолы болды. Кеңес үкіметі осы экстенсивтік бағытты ұстады. Тың және тыңайған жерлерді игеру қаулысынің кесірінен жер эрозияға ұшырады,жайылымдардың саны азайды. Қазақ халқының саны азайып, басқа шет елдерен өзге ұлт өкілдерінің қоныс аударуына байланысты ұлттық тілге, дәстүрге қауіп төнді. Алайда бұл қаулының пайдалы жағы да болды: қазақ халқының нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді және қазақстан шет елге экспортқа астық шығара алатын елге айналды.

Соғыстан кейінгі Қазақстанның жағдайы қиын болғанымен, сол олқылықтарды түзету үшін шаралар қолданылды. Алайда соғыстың Қазақстанға тигізер пайдасы да біршама болды.



2 тапсырма: «Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан» және «Л.Брежнев бастаған топтың билікке келуі.1965-66жж.экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы» тақырыптарына салыстырмалы талдау жасау.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет