5. 3-ресурс. Ғылыми -жаратылыстану сауаттылығы аспектілері



Дата27.01.2022
өлшемі19,83 Kb.
#115132
түріБағдарламасы
Байланысты:
1 лекция Инклюзив, 00005a06-f2932051, Ушинский, mikrobiologiya zerna, История Казахстана рус 9 кл 1 вар

5.3-ресурс. Ғылыми -жаратылыстану сауаттылығы аспектілері
3-тапсырма: Ғылыми-жаратылыстану аспектілері сіз үшін қаншалықты түсінікті? Оқушыларды оқытуда осы аспектілерді дамытуға бола ма? Қалай дамытуға болады? Оқу бағдарламасының қандай бөлімдерінде жүзеге асырылатынын жазыңыз. Кері байланыс үшін файлды тіркеңіз.

Аспектілер

Оқу бағдарламасының бөлімі

Қалай?

Тапсырманың түрі

/формасы

Мәнмәтіндер

Тапсырмада сипатталған проблемалық жағдаяттардың тақырыптық саласын мазмұндық мәнмәтін деп атауға болады.Мысалы, PISA-да бұл жағдаяттар келесі мәнмәтін бойынша топтастырылады:

  • денсаулық;

  • табиғи ресурстар;

  • қоршаған орта;

  • қауіп-қатерлер мен тәуекелдер;

  • ғылым мен технологиялардың байланысы.

Әр жағдаят үш деңгейдің біреуінде қарастырылуы мүмкін:

  • жеке тұлғалық (оқушының жеке басымен, оның отбасымен, достарымен байланысты);

  • жергілікті/ұлттық (осы жердің немесе елдің проблемаларымен байланысты) және

  • жаһандық (тұтас әлемде болып жатқан құбылыстар қарастырылады).




Мысалы,"ғылым мен технологиялардың байланысы" мәнмәтініне және "Физикалық жүйелер" атты білімнің мазмұндық түріне қатысты жағдаятты әртүрлі деңгейде қарастырып көрейік.

Жеке тұлғалық деңгейде ол тұрмыстық электр құралдарының жұмыс істеуімен байланысты болуы мүмкін.

Жергілікті/ұлттық деңгейде шағын мекенді энергиямен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жел электр генераторының жұмысымен байланысты.

Жаһандық деңгейде – жалпы жаңғыртылатын және жаңартуға келмейтін энергия көздерін пайдаланумен байланысты.

Мәнмәтін бұл оқу тапсырмасын ғылыми-жаратылыстану сауаттылыққа арналған тапсырма деп санауға болатын өте маңызды шарт болып табылады. Өйткені ҒЖС (функционалдық сауаттылықтың басқа түрлері сияқты) өмірден алыс абстрактілі жағдаяттардағы емес, нақты шынайы жағдаяттарда білімді қолдану қабілетін болжайды. Проблемалық жағдаяттағы мәнмәтіннің болуы белгілі бір ғылыми-жаратылыстану білім не үшін қажет болуы мүмкін деген сұраққа жауап береді. Мәнмәтіннен тыс тапсырмалар (есептер) бұл мәселені ашық қалдырады, көптеген оқушылар үшін осындай есептерге күш- жігерін жұмсау бекер әрі мағынасыз.




Білім

Тапсырмада бағаланатын құзыреттің әрбір түрі келесі ғылыми білім типтеріне көрсетілуі мүмкін:

  • мазмұндық білім, келесі салаларға қатысты ғылыми мазмұнды білу: "Физикалық жүйелер", "Тірі жүйелер" және "Жер және Әлем туралы ғылымдар".

  • процедуралық білім, ғылыми білім алу үшін қолданылатын әртүрлі әдістерді білу, сондай-ақ стандартты зерттеу рәсімдерін білу. Мазмұндық салаларды шартты түрде пәндік біліммен салыстыруға болады.




"Физикалық жүйелер" - бұл негізінен физика мен химия материалы," Тірі жүйелер " – биология," Жер және Ғаламшар туралы ғылымдар" - география, геология, астрономия. Алайда PISA-да қолданылатын ҒЖС бойынша тапсырма мазмұнын алатын болсақ, онда ол жиі пәнаралық сипатқа ие. Процедуралық білімге келер болсақ, ол барлық ғылыми-жаратылыстану пәндерге тең дәрежеде қатысты, бұл бірінші кезекте, оларды бір топқа біріктіріп, белгілі бір тар пәндік аядағы сауаттылық емес туралы емес, ғылыми-жаратылыстану сауаттылық туралы айтуға мүмкіндік береді. Біздің тәжірибемізде процедуралық білім түріне қатысты білім мен дағды, құзыреттілік кешенін " Ғылыми таным әдістері" айдарымен біріктіріп қарастырады.

Құзіреттер

Деректердің сенімділігі мен дұрыс түсіндірілуін қамтамасыз ету үшін ғалымдар қолданатын әдістерді сипаттау және бағалау

Нәтиженің сенімділігін арттыратын белгілң бір зерттеу элементінің мақсатын сипаттау ұсынылады (бақылау тобы, бақылау үлгісі, үлкен статистика және т.б.). Немесе: мәселені зерттеудің сенімді стратегиясын таңдау

ұсынылады.



Қарым-қатынас (тәсіл)

Техникалық құрылғының немесе

технологияның жұмыс істеу принципін түсіндіру.



Сипатталған техникалық құрылғының немесе

технологияның жұмысы қандай ғылыми білімге негізделгенін түсіндіру ұсынылады.





Осы мәселенің ғылыми зерттеу тәсілін ұсыну немесе бағалау

Мәселенің сипатталуы бойынша оны шешуге бағытталған зерттеу идеясын қысқаша тұжырымдау немесе бағалау, және/немесе осындай зерттеудің негізгі

кезеңдерін сипаттау ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет