5-билет Атмосфера-жердің газ тәрізді қабығы. Атмосфера қабаттары. Жанартаулардың пайда болуы және құрылысы



Дата29.07.2022
өлшемі18,37 Kb.
#147856
Байланысты:
Жаратылыстану 5-билет Меруерт
2 тапсырма ЫқтималдылықТ, Күнделік кз кіру, «ән шырқайық бәріміз», Жануарлардың морфологиясы мен физиологиясы. Жануарлар турлері жа-melimde.com, 30 билет жауаптары. Жаратылыстану, blank-rezume-konstr-2

5-билет
1. Атмосфера-жердің газ тәрізді қабығы. Атмосфера қабаттары.
2. Жанартаулардың пайда болуы және құрылысы.
3. Дүниетанудағы пәнаралық байланыс. Адам. Табиғат. Қоғам блогы бойынша.
1. Атмосфера-жердің газ тәрізді қабығы. Бұл жер қабаттарының ішіндегі ең жоғары және тығыздығы ең жоғары және тығыздығы ең осал қабық.Ол ауа деп аталатын газдардың қосындысынан тұрады.Атмосфераның төменгі шекарасы-жер беті, бірақ ауа жыныстардың сызаттары мен саңылауларына да енеді.Жер бетіндегі ауа тығыз және ауыр болады.Теңіз деңгейіндегі 1 м³ ауаның массасы 0°С температура кезінде 1 кг 293 грамға тең болады.12 см биіктікте 310 грамм ғана, ал 40 км биіктікте не бары 4 грамм болады. Армосфера 5 сфераға бөлінеді. Ең төменгі қабаты-тропосфера. Онда барлық ауа массасының 80% жынысы шоғырланған, сондықтан ол ең тығыз қабат. Биіктігі- полюстерде 8 км, экваторда 20 км, барлық су буы тропосферада жинақталған.Ауа райының құбылыстары да дамиды. Тропосфера ауасы 78,08% азоттан , 20,95% оттегінен, 0,93% аргоннан, 0,03% көмірқышқыл газынан және басқа газдардан құралады. Тропосферадан кейінгі тік бағытты қабат-стртосфера. Стратосфера қабаты шамамен жер бетінен 50-55 километр биіктікке дейін орналасқан. Бұнда ауаның тығыздығы тропосферамен салыстырғанда аздау болады. 10-35 км биіктікте озон көп тараған. Озон бұл жердегі тіршілікті ғарыштан келетін зиянды ультракүлгін сәулелерден  қорғайды. Стратосфера қабатының үстінде, 80 км биіктікте мезосфера жатады.Онда бұлттар болады.Олар мұз кристалдарынан құралған. Онда температура өте төмен. Мезосферадан жоғары 100 км-ге дейінгі биіктікте ионосфера жатады. Онда ауа өте сирек, электрондар көп, магниттік дауылдар болады.Биіктігі 800 км-де температура 100°-қа жетеді.800-1000 км-ден жоғары болатын атмосфераның қабатын экзосфера деп атайды. Мұнда газ бөлшектерінің қозғалуы өте жылдам.


2. Жанартау -көмейінен ыстық газ, бу, күл, тас, т.б. тау жыныстары атқылап тұратын және жер бетіне отты қоймалжың зат — лава тасып төгілетін конус форматы тау. Тереңде орналаскан магма жер қыртысында пайда болған жарықша саңылаулар арқылы жоғары қарай зор қысыммен атқылап, жер бетіне шырып төгіледі. Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарынан айрылған магма лава деп аталады. Магма ошағынан жоғарыға қарай өңеші, яғни жанартау көмейі. Көмей жоғарыдағы тостаған тәріздес ұңғы — кратермен аяқталады (грекше кратер — тостаған).
Жанартау атқылаудың алдында жер астынан гүріл естіледі, кратерден газ бен бу бұрқырап шыға бастайды.
Бу мен күл биік бавана төрізді көтеріліп, жогары жағында жан-жағына бүлт түрінде жайылады. Күл өте ұсақ тозаңдардан тұрады, ол жанартаудың етегі мең маңайын қалың қпбат құрап басып калады. Жанартау үстінде пайда болған бүлттан несер жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Тау беткейлерінен күл араласқан лай тасқыны төмен қарай сел болып ағады. Сөйтіп етегіндегі елді мекендерді басып қалады. Іле-шала кратерден от шашқан ыстық лава тасып төгіледі.
Везувий жанартауының етегінде тұрған ежелгі Рим қалалары Помпеи мен Геркуланумды лава және лайлы тасқын мен күл осылайша басып қалғган. Көп жылдардан кейін тығыздалған күл мен қатқан лаваның бетін құнарлы топырақ жауып, оған қалың өсімдік өседі.


3. Дүниетану пәнінің мазмұны әр блок бойынша басқа пәндердің мынадай материалдарымен байланысады.
І. «Адам» блогы бойынша:
Қазақ тілі: дыбыстардың рөлі; кітаппен, мәтінмен жұмыс істеу, тіл дамыту, байланыстырып сөйлеу, сөйлеу мәдениеті, сипаттау, талдау, баяндау; шығарманы мәнерлеп оқу; монолог; диалог.
Ана тілі: жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз-әңгімелер, өлеңдер (адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасының алуан түрлі сырлары бейнеленген).
Математика: арифметикалық төрт амал.
Еңбек: адам өміріндегі еңбектің маңызы.
ІІ. «Табиғат» блогы бойынша:
Ана тілі: табиғат объектілерін, құбылыстарын, әсем көріністерін, өсімдіктер мен жануарларды, оларды қорғау қажеттігін бейнелейтін шығармалар; жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз-әңгімелер, өлеңдер.
Математика: арифметикалық төрт амал, баға, сан, масса, көлем, жылдамдық, уақыт туралы түсініктер; геометриялық бейнелер, геометриялық шамаларды өлшеу.
Бейнелеу өнері: табиғат бояулары («күз», «қыс», «көктем», «жаз»), табиғат өрнектері және халықтың сәндік қолөнері («қазтабан», «өркеш», «қосмүйіз» т.б. ою-өрнектер); суретшілердің табиғат жайындағы туындылары (А.Қастеев, А.Ғалымбаева т.б.).
ІІІ. «Қоғам» блогы бойынша:
Ана тілі: мектеп, оқушы, мұғалім, туған ауыл, оның көркі, табиғаты, адамдары, ата-ана, бауыр, ата, әже, дос, туған ел, отан тақырыптарына жазылған әңгімелер, ертегілер, аңыздар, өлеңдер, мақал-мәтелдер.
Математика: арифметикалық сан, көлем, уақыт туралы түсініктер; геометриялық шамаларды өлшеу, геометриялық бейнелер.
Еңбек: ауыл шаруашылық еңбегі, техникалық еңбек, тігін.
Музыка: еліміздің әнұраны, халқымыздың табиғаты, оған деген өз қатынасы, адамның әлеуметтік көңіл-күй сезімдерін т.б. бейнелейтін күйлері, міндеттері.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет