5 дәріс Молекулалық физика және термодинамика Атом мен молекула массалары



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі90,7 Kb.
#84745
1   2   3   4   5
Байланысты:
5-Дәріс-Лекция 1

Статикалық физика
Макроскопиялық денелердің қасиеттерін зерттейтін физиканың бөлімін статикалық физика деп атайды, яғни бірдей және өте көп бөлшектерден тұратын (өте көп молекулалардан, атомдардан, электрондардан және т.б. бөлшектерден тұратын) жүйелерді зерттейтін бөлім. Зерттеулер осы макроскопиялық денені құраушы бөлшектердің қасиеттеріне және олардың өзара әсерлесуіне негізделіп жүргізіледі. Статикалық физика «денелердің макроскопиялық теориясы» деп те аталады.
Макроскопиялық денелер қатарына қалыпты жағдайдағы (р0=1.013∙105Па, V =22.41∙10-3м3, Т0=273.15K) идеал газ жатады. Мысалы, температура 0˚С=273.15К деп және қысым 1.013∙105Па-да идеал газдың 1 см3 көлемінде 2.7∙1019 молекула болады.
Статикалық физиканың бір бөлімі «тепе-теңдіктегі статикалық термодинамика». Тепе-теңдіктегі статикалық термодинамика, термодинамикалық тепе-теңдіктегі процестердің заңдарын зерттейді, физикалық жүйенің термодинамикалық сипаттаушыларын есептейді және өзара әсерлесу заңдарына сүйеніп физикалық жүйе күйінің теңдеуін шығарады.


Термодинамика
Термодинамикалық тепе-теңдік күйдегі макроскопиялық физикалық жүйелердің жалпы түрдегі қасиеттерін және олардың бір күйден екінші күйге өту процестерін зерттейтін ғылым. Термодинамика «термодинамика бастамасы» деп аталатын көп жылғы бақылау нәтижесінде пайда болған денелер жүйесі туралы тұжырымдарға сүйеніп дүниеге келген. Термодинамиканың қолдану шегін статикалық физика анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет