5 Дәріс Нүкте. Сызба салудың теориялық негіздері



бет1/5
Дата13.04.2024
өлшемі0,8 Mb.
#200788
  1   2   3   4   5
Байланысты:
5 дәріс Нүкте
Alimzhan Anelya, 380060.pptx 2



5 Дәріс Нүкте. Сызба салудың теориялық негіздері
Кеңістіктің негізгі элементтеріне нүкте, түзу және жазықтық жатады. Бұл элементтер қарапайым пішіндерді анықтайды, олардан күрделі геометриялық объектер жасалады. Төменде кеңістік элементтерінің белгілері және олардың параметрлік бағалануы келтірілген:
1) Нүктелер латын әліппесінің бас әріптерімен белгіленеді  А, В, С, D және т.б. немесе араб цифрларымен 1, 2 белгіленеді.


а түзуінде бірпараметрлік нүктелер жиыны 1 орналасқан. Түзудегі нүкте орнын бір параметр – l анықтайды. О нүктесі есептеудің басын білдіреді.

Ж азықтықта екіпараметрлік нүктелер жиыны 2 орналасқан. Нүктенің жазықтықтағы орны екі координатамен xA және yA анықталады.


Кеңістікте үшпараметрлі нүктелер жиыны 3 орналасқан. А нүктесінің орнын үш координата xА, yA, zA анықтайды.


2) Түзу сызықтары латын әліпбиінің кіші әріптерімен a, b, c, d және т.б. белгіленеді.


Жазықтықта екі параметрлі түзулер жиыны - 2 орналасқан. l түзуінің орнын A және B нүктелері арқылы анықталады, ол үшін екі параметр xВ және yA пайдаланылады.


Кеңістікте төртпараметрлі түзулер жиыны – 4 орналасқан. Oxz и Oxy жазықтықтарына тиісті A және B нүктелерін беру үшін – xA, zA, xB, yB. параметрлерін қолдану керек.


3) Жазықтықтар және беттер грек әліпбиінің бас әріптерімен , , және т.б. (дельта, тете, сигма).


К еңістікте үшпараметрлі жазықтықтар жиыны - 3 орналасқан. Ox, Oy, Oz өстеріне сәйкесінше тиесілі A, B, C нүктелерін беру үшін үш параметр xB, yC, zA керек. А, В және С нүктелері жалғыз жазықтықты Δ анықтайды А Δ, В Δ, С Î Δ.


К еңістікте төртпараметрлі сфералар жиыны - 4 орналасқан. Сфераны кеңістікте:


 Сфера центрін Оc - x0, y0, z0 үш параметр береді. Бұл параметрлерді пішін параметрлері деп атайды ;
– бір параметр R сфера радиусын анықтайды.
Бұл параметр пішін параметрі деп аталады. Сонымен, кеңістікте сфералар 3+ 1= 4


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет