№5 обөж пәні: Оқушылардың даму физиологиясы Тақырыбы



Дата22.04.2022
өлшемі1,92 Mb.
#140463
Байланысты:
Гаухар Утепова №5 (копия)
Утеген Оразалы Презентация, Тест Коррозия

№5 ОБӨЖ
Пәні: Оқушылардың даму физиологиясы
Тақырыбы: Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарының алдын алу.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: Торегали М.
Тексерген: Кажыгали
Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты.Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм.
Тірек-қимыл жүйесі
Ревматоидтық артрит – көбінесе шеттік (синовиялық) буындардың симетриялық эрозиялық-деструциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауруы.
Ревматоидтық артриттің даму себептері белгісіз, дегенмен оның дамуында келесі факторлар әсер етеді:
  • Ген ерекшеліктері. Ревматоидық артритке шалдыққандардың қандас туыстарында осы дерт 4 есе жиі кездеседі.
  • Инфекциялық агенттер.

Ревматоидтық артрит 
Остеохондроз жер бетіндегі тірек-қозғалыс жүйесінің ең көп тараған ауруы болып табылады.
Бұл — омыртқаның ауруы.Яғни,қатар тұрған омыртқалардың арасындағы шеміршек деформацияланып,ақырында омыртқалар арасы жақындап кетеді де,оның ортасындағы жұлын-ми жүйке тамырлары қысылып,адамның белі,аяғы, қолы,басы,тіпті,ішкі ағзаларының барлығы ауруға ұшырайды.
Остеохондроз
Грек тілінен аударғанда «osteo» — сүйек,aл «hondrа» — шеміршек деген мағына береді.Осы остеохондроз ауруының асқынған түрі омыртқа арасындағы жарық (грыжа) ауруына алып келіп соқтырады.
Остеоартроздың қауіп факторлары
  • 45 асқан жас
  • Артық дене салмағы (ДСИ > 30 кг/м2)
  • Буын аурулары (артрит)
  • Туа біткен ерекшелік
  • Хирургиялық шаралар
  • Кәсіби жүктемелер
  • Спортпен айналысу
  • жарақат
  • Қант диабеті

Остеоартроз
Остеоартроз — үдемелі дегенеративті-дистрофиялық ауру, негізінде жатады: шеміршектің жүктемеге қарсы келуі сәйкессіздігі.
Бехтерев ауруы
Бехтерев ауруы — буындардың созылмалы жүйелі ауру.
Омыртқа зақымдалуы – Бехтерев ауруының негізгі белгісі. Ауырсыну сол немесе басқа бөлікте байқалады, көбінесе бел-сегізкөз бөлігінде. Кейін омыртқа қозғалуының шектелуі болады: тізесін бүкпей қол саусақтарымен жерге тигізе алмайды, кеуде клеткасының тыныс алу экскурсиясы төмендейді. —Аурудың бастапқы кезеңінде көрінуі омыртқаның байлам аппаратының зақымдалуына негізделеді. Бел-сегізкөз аймағында ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну қозғалыстан кейін күшейеді. 
Жалпақтабандылық - адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі.
Жалпақ табанның іштен туа біткен және жүре пайда болған екі түрі болады. Туа біткен жалпақ табан сирек кездеседі, себебі, ол табан сүйектері мен жіліншіктің жетілмеуінен болады. Жиі кездесетін түрі — жүре пайда болған немесе статикалық жалпақ табан.
Жалпақтабандылық
Сколиоз - омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы (туа және жүре пайда болады).
Лордоз - омыртқа бағанасының алға қарай майысып, қисаюымен сипатталады.
Бүкірлік, кифоз — омыртқа бағанасының (әдетте кеуде бөлімінің) дөңестеніп қисаюы.
Омыртқа жотасының қисаюы

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет