5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған сауалнама балаңыздың аты



Дата06.11.2023
өлшемі20,77 Kb.
#189937
Байланысты:
ата аналар жиналысы тренинг
ата аналар жиналысы тренинг, Ата аналар тренг№1 жиналыс (1)

5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған САУАЛНАМА
Балаңыздың аты _____________________________

Құрметті ата-ана, Сізден сауалнама сұрақтарына ойланып, өз ойыңызды шынайы, ашық көрсетіп жауап беруіңіз сұралады. 


1. Сіздің ойыңызша мектепте оқушылардың сапалы білім алуы неге көбірек байланысты?
А. Ата-аналардың баласының сабағын үнемі қадағалауына
В. Мұғалімнің берген біліміне, қойған талабына
С. Оқушының өзіне байланысты.
2. Сіз балаңыздың жақсы оқи алатынына сенесіз бе?
A. Иә
B. Жоқ
C. Кейде.
3. Мұғалімдердің балаңызбен қарым-қатынасы қандай болғанын қалайсыз?
А. Достық деңгейде
В. Мұғалімнің талабы жоғары, қатал
С. Жұмсақ, жайлы қарым-қатынаста.
4. Бастауыш сыныптағы сынып жетекшімен, мұғалімдермен қандай қарым-қатынаста болдыңыз?
А. Бала туралы жиі пікір алмасу
В. Тек ата-аналар жиналысында
С. Сирек.
5. Бастауыш сыныпта балаңыздың алған біліміне көңіліңіз тола ма?
А. Өте жақсы
В. Жақсы
С. Қанағаттанарлық.
6. Баланың бастауыш сыныпта алған білімін дамыту кімге, неге байланысты?
А. Жоғары сынып мұғалімдерінің біліктілігі мен біліміне
В. Мұғалімнің балалармен тіл табысуына
С. Ата-аналар мен мұғалімдердің тығыз қарым-қатынаста болуына
7. Балам 5-сыныпқа көшкен соң сабақ үлгерімі төмендейді»,- деген ой сізді толғандыра ма?
А. Иә, қалыпты, жиі кездесетін жағдай деп ойлаймын
В. Жоқ, мен баламның біліміне сенемін 
С. Балалардың білімін арттыруға мұғалімдер бар күшін жұмсайды, деп ойлаймын.
8. Оқушылардың бастауыштан орта буынға өткен соң, білім сапасының төмендеуінің себебін қалай жорамалдайсыз?
А. Жоғары сынып мұғалімдерінің балалармен тіл табыса алмауынан
В. Оқу материалдарының күрделенуінен
С. Мұғалімнің білім мен біліктілігінің аздығы.
Д. Ата-аналардың қадағалауының аздығы
9. Сіз балаңыздың жақсы білім алуы үшін не істейсіз?
А. Барлық құрал-жабдықтарын алып беремін, мұғалімге тапсырамын.
В. Мұғалімдермен тығыз қарым-қатынаста болып, сабағын қадағалаймын
С. Мен баламның жоғары білім алатынына сенемін, анда-санда қадағалап отырамын
10. Сіз балаңыз жақсы білім алуы үшін, мектепте қандай өзгерістер болғанын қалайсыз?
А. Мектептегі мұғалімдер өзгеруі
В. Ата-аналар мен мұғалімдердің дұрыс қарым-қатынастар орнату жұмыстарын енгізу
С. Мұғалімдер мен оқушылардың достық, түсіністік қарым-қатынастарта болуы.
Ата - аналар жиналысының тақырыбы: «Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы»
Мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;
Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру;

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар! Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр.


Ата аналар ортаға дөңгеленіп тұрады. Сәлемдесу тансыу .Ата аналар дөңгеленіп отырады жәнеде бір бірімен танысады. Бірінші ата ана өз атын айтады одан кейынгі ата ана биринши ата ананың одан кейін өзінің атын айтады танысу солай жалғасады

Ата - ананың басты қуанышы - бала.


Ата - ананың басты - қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан - жақты қалыптасуына ата - ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т. б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан - жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін - ұстаз болса, оның сүйеніші ата - ана. Сондықтан ата - ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни
6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.
Додокадэр әдісі

Тоқсан қорытындысы


2. Ата - ананың бала алдындағы мектепке деген міндеттері:
1. Мектепке деген құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету;
2. Сабаққа уақытылы жіберіп, сабақтан қалдырмау;
3. Мектеппен, сынып мұғалімімен тығыз байланыста болу;
4. Үй тапсырмасын дұрыс және толық орындауға көмектесу;
5. Баланың жеке сабақ оқитын бөлмесін дайындап беру;
6. Баланың сабағына қатысу;
7. Баланы қосымша әдебиеттермен қамтамасыз ету;
Қорытындылау:
Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.
Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет