5. Тірі организмдер өмірінің формалары: Бактериялар прокариотты біржасушалы ағзалар. Бактериялық жасушаның орташа өлшемі 2-6 мкм



бет5/5
Дата06.02.2022
өлшемі2,32 Mb.
#81509
1   2   3   4   5
Байланысты:
МБ 5,6

Топтары[өңдеу]


20 ғасырдың ортасына дейін өсімдіктерді төмен сатыдағы (бактериялар, балдырлар, кілегейлілер, саңырауқұлақтар, қыналар) және жоғары сатыдағы өсімдіктер (ринийлер, мүктәрізділер, псилофиттер, плаунтәрізділер, қырықбуындар, қырыққұлақтәрізділер, ашықтұқымдылар және гүлді өсімдіктер не жабықтұқымдылар) деп бөлді. 20 ғасырдың аяғында бактериялар мен саңырауқұлақтар өз алдына жеке патшалық болып бөлінді. Соңғы жүйеленім бойынша өсімдіктер 3 патшалық тармағына жіктеледі:

  • қызыл балдырлар

  • нағыз балдырлар

  • ұрықты не жоғары сатыдағы өсімдіктер.

Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.
Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Жақын туыстар бір тұқымдасқа олардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады.
Жануарлар (лат. Animalia) — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді.
Жануарлар дүниесі
Жәндіктер Жануарлар
(омыртқасыздар) (омыртқалылар)
1.Қарапайым жәндіктер 1. Балықтар
2. Ішекқуыстылар 2. Қосмекенділер
3. Құрттар 3. Жорғалаушылар
4. Ұлулар 4. Құстар
5.Тікентерілілер 5. Сүтқоректілер
6. Буынаяқтылар



6.Заманауи жасушалық теориялардың негізгі ережелері
1 .Жасуша — бұл барлық тірі құрылымның қарапайым, функционалдық бірлігі.
2.Жасуша — бірегей жүйе, оның құрамына өзара көптеген заңдылықтармен байланысқан, бүтін құрылым түзетін және байланысқан қызметтік бірлік – органоидтардан тұратын элементтер кіреді.
3. Барлық организмдердің жасушалары гомологты.
4. Жасуша тек аналық жасушаның бөлінуі арқылы түзіледі.
Жасуша – барлық тірі формалардың - бір жасушалылардың, көп жасушалылардың, тіпті жасушасыздардың құрылысының, тіршілік әрекетінің және дамуының негізін құрайды. Жасуша өзінде бар механизмдер нәтижесінде зат алмасуын, биологиялық ақпаратты қолдануды, көбеюді, тұқым қуалау және өзгергіштік қасиеттерін қамтамасыз ете отырып, органикалық әлемге тән бірлік пен түрлілік сапасын негіздейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет