5 Зертханалық жұмыс №5. Символды мәліметтерді өңдеу Мақсаты



Дата08.03.2023
өлшемі16,29 Kb.
#171497
Байланысты:
3 лаб.ж (2)
Елубаев СОЦ 14, 1 лабка матлаб, Силлабус Алгебры 2023 2023

5 Зертханалық жұмыс №5. Символды мәліметтерді өңдеу

Мақсаты: символды мәліметтерді өңдеудің тәжірибелік икемділігі- жолдарын алу.

5.1 Жалпы мағлұмат
Жол ‘\0’ нөлдік байтпен аяқталатын char типті мағыналар жиынын сипаттайды. Осы шартты жолды көрсеткен кезде ескеру қажет, яғни N ғана емес, сондай-ақ, N+1 элементі көрсетілуі абзал. Жолдардың инициализациясы кезінде элементтерді көрсетудің дәстүрлі тәсілдері қолданылады.
Инициализацияланған жолдық айнымалылар ұзындығына тең болып келетін тұрақтыларды анықтау үшін sizeof() функциясы қолданылады.
С – ке символды жолдар мен айнымалыларды енгізу үшін scanf() (бірінші аралықты символға дейін) немесе кітапханасындағы gets() қолданылады. кітапханасындағы тілі қолданушыға қосымша екі функция cin.get және cin.getline ұсынады. Бұл кітапханалардағы нәтиже үшін аналогты функциялар қолданылады.
Жолдармен жұмыс жасағанда кітапханасының функциялары қолданылады, әдетте келесідей:
а) жапсыру – бірнеше жолдардың жүйелі қосылулары:
strcat (str1, str2);
б) жолдардың көшірілуі:
strcpy(str1, str2);
в) жолдардың салыстырылуы:
strcmp(str1,str2);
г) жолдардың ұзындығы:
lenth=strlen(str1);
д) бас әріпті жазылудағы жолдық символдардың құрылуы:
strlwr(str1);
е) кіші әріпті жазылудағы жолдық символдардың құрылуы:
strupr(str1);
ж) жолдардың кейбір символдармен толтырылуы:
strset(str1,’символ’);
и) символ кодын алу:
n=int(a);
5.2 Зертханалық жұмысқа тапсырма
5.1 кесте бойынша алынған және нұсқаға сәйкес келетін тапсырманы шешу. Бағдарламаның блок-сұлбасын құру және қолданушының мәліметтерді енгізуін ұйымдастыру.

5.1 кесте – Тапсырмалар нұсқалары



Нұсқалар

Тапсырмалар

1

s жолында әрбір Z әрпінің енгізілуін екі еселеу .

2

Дауысты дыбыстан басталатын s жолдағы әрбір сөздің бірінші әрпін бас әріпке ауыстырыңыз.

3

Енгізілген s жолындағы төрт әріптен көп емес неше сөздердің бар екенін анықтаңыз.

4

Көрші екі сөздерді ауыстыра отырып, экранға енгізілген сөйлемді шығарыңыз.

5

Сөйлемдегі дауысты дыбыстан басталатын барлық сөздерді экранға шығарыңыз.

6

Егер жол ұзындығы тақ болса, жолдан ортаңғы әріпті алып тастаңыз немесе егер жұп болса, ортаңғы екі әріпті алып тастаңыз. Ортаңғы әріп болып жолдың дәл ортасындағы әріп болып есептеледі.

7

s жолындағы n нөмірлі сөздің бастапқы қалпын анықтаңыз.

8

s жолындағы n нөмірлі сөздің ұзындығын анықтаңыз.

9

s жолдағы n нөмірлі сөздердегі әріптер санын анықтаңыз.

10

Сөйлемдегі сөздерінің реті кері ретпен ауыстырылған сөйлемді экранға шығарыңыз.

11

s жолындағы str1 жолшасының мәндерін str2 жолшасындағы мәндеріне ауыстырыңыз.

12

s жолындағы s1 жолшасын ұзындығы l болып келетін n қалпынан бастап алып тастаңыз.

13

S жолына s1 жолшасын n қалпынан бастап енгізіңіз.

14

S жолдағы сөздер санын анықтаңыз.

15

s жолын s1 жолына n рет көшіріңіз.


Бақылау сұрақтары
1. Жол дегенміз не?
2. Жол айнымалылары қалай жарияланады?
3. Жолдардың негізгі ерекшеліктерін ата.
4. Инициализацияланған жолдық ұзындығын қалай анықтауға болады?
5. Жолдарды енгізу қалай жүзеге асады?
6. кітапханасын қолдана отырып тіркелген ұзындықтар жолдарын енгізудің мысалдарын көрсет.
7. Жолдарды шығаруда қандай функциялар қолданылады?
8. Символды мәліметтерді жолма-жол енгізудің мысалдарын көрсет.
9. Символды жолдарды енгізудің мысалдарын келтір.
10. Жолдармен жұмыс жасаудың қандай негізгі функциялары қарасты-рылған?

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет