№5 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Көрсеткіштермен жұмыс істеу. Мақсаты



Pdf көрінісі
Дата16.12.2022
өлшемі213,21 Kb.
#162988
Байланысты:
5 зертханалық жұмыс (2)
Документ (2), Аниварбек Балауса


№5 зертханалық жұмыс 
 
Тақырыбы: 
Көрсеткіштермен жұмыс істеу. 
Мақсаты: 
MS Visual Studio 2022 ортасында .NET Framework платформасында C++ 
бағдарламалау тілінде қосымша әзірлеуді үйрену. Интерфейстің дизайның құрып
бірөлшемді массивтерді өңдеу үшін көрсеткіштерді пайдаланып, графикалық қосымша 
құру. 
Бақылау формасы:
Берілген тапсырмаларды орындап, қорғау. 
Өткізу мерзімі – 8 апта 
 
Тапсырмалар:
1.
Масивтің максималды және минималды элементтері арасында орналасқан 
элементтерін шығару. 
2.
Массивтің бірінші және соңғы нөлдік элементтері арасында орналасқан 
элементтерінің қосындысын табу. 
3.
Массивтің соңғы оң элементіне дейін орналасқан элементтерінің қосындысын 
есептеу. 
4.
Массивтің бірінші және соңғы оң элементтері арасында орналасқан 
элементтерінің қосындысын табу. 
5.
Массивтің бірінші және екінші нөлдік элементтері арасында орналасқан 
элементтерін шығару. 
6.
Массивтің бірінші және екінші теріс элементтері арасында орналасқан 
элементтерінің қосындысын анықтау. 
7.
Массивтің минималды элементіне дейін орналасқан элементтерінің 
қосындысын есептеу. 
8.
Массивтің соңғы теріс элементінен кейін орналасқан элементтерінің 
модульдерінің қосындысын табу. 
9.
Массивтің нөлге тең соңғы элементінен кейін орналасқан элементтерінің 
қосындысын табу. 
10.
Массивтің модуль бойынша минималды элементінен кейін орналасқан 
элементтерінің қосындысын есептеу. 
11.
Массивтің минималды элементінен кейін орналасқан элементтерінің 
қосындысын анықтау. 
12.
Массивтің бірінші оң элементінен кейін орналасқан элементтерінің 
қосындысын есептеу. 
13.
Массивтің бірінші теріс элементінен кейін орналасқан элементтерінің 
қосындысын табу. 
14.
Массивтің нөлге тең бірінші элементінен кейін орналасқан элементтерінің 
модульдерінің қосындысын анықтау. 
15.
Массивтің максималды элементіне дейін орналасқан оң элементтерінің 
қосындысын есептеу. 
16.
Массивтің бірінші және соңғы теріс элементтері арасында орналасқан 
элементтерін шығару. 
17.
А(m) және B(n) массивтері берілген. Алдымен А-массивінің оң элементтерін, 
содан кейін В-массивінің теріс элементтерін С-массивіне жазыңыз. 
18.
А(m) массиві берілген. Осы массивтің элементтерін «көпіршік» әдісі бойынша 
өсу ретімен орналастырыңыз. 
19.
А(m) массиві берілген. Осы массивтің элементтерін «көпіршік» әдісі бойынша 
кему ретімен орналастырыңыз. 
20.
А(m) және B(n) массивтері берілген. Алдымен А-массивінің максималды 


элементіне дейін, содан кейін В-массивінің минималды элементінен кейін орналасқан 
элементтерін С-массивіне жазыңыз. 
21.
А(m) және B(n) массивтері берілген. Алдымен А-массивінің минималды 
элементінен кейін, содан кейін В-массивінің максималды элементіне дейін орналасқан 
элементтерін С-массивіне жазыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет