56. Жетім балалармен әлеуметтік психологиялық жұмыс технологиясы


Әлеуметтік жұмыстың психологиясы отандық психологиялық теориядағы негізгі бағыт ретінде



бет3/3
Дата31.01.2023
өлшемі44,55 Kb.
#166970
1   2   3
Байланысты:
56 60 жауаптарымен
Қызықты мәліметтер, 1-тәрбие сағат қмж, 138623.pptx, 49 51 78 сұрақтар қоғам, Швейцария
59.Әлеуметтік жұмыстың психологиясы отандық психологиялық теориядағы негізгі бағыт ретінде.
Әлеуметтік немесе қоғамдық психология (гр. psyche — жан және logos — сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын немесе сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы болып табылады.

Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді жіне де сонымен бірге қызмет атқарады. Әлеуметтік психология қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге,және де олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл ғылымның болашағы зор, XXI ғасырда жетекші орындарға шығады деп есептейді қазіргі таңда.
60.Әлеуметтік жұмыстың психологиялық құрылымы кәсіби қызмет түрі түрінде.

Психология сан салалы ғылым. Қазірде оның қырыққа жуық саласы бар. Олардың өзінің тудырған – қоғамның нақтылы, талап-тілектері, өмірімізде болып жатқан ғылыми-техникалық, экономикалық прогрестің әсері тиеді. Осы ғылымның кейбір салалары еңбек үстінде адам санасы қалайша дамып отыратындығын зерттейді. Қоғамның, ұжымның жеке адамға тигізетін ықпалын зерттеу ісімен психологияның әлеуметтік (қоғамдық) деп аталатын саласы айналысады. Яғни әлеуметтік жұмыстың психологиялық мәселелерін психологиялық оңалту, реабилитациялау, түзету шаралары негізінде шешеді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарға психологиялық жағынан көмектер жасалады, осы арқылы негізгі мәселелерді шешу қарастырылады. Әлеуметтік психологияда әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың психологиялық топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын, ондағы жеке тұлғалардың жағдайын, олардың лидерлері мен қарамағындағылардың проблемаларын зерттейді. Соңғы жылдары оның әлеуметтік психологияға ерекше мән берілуде. Әлеуметтік психология әртүрлі ұйымдасқан және де ұйымдаспаған қоғамдық топтардағы адамдардың өзара қатынасынан туындайтын психикалық құбылыстарды қарастыатын саласы болып табылады. Дегенмен, қазіргі психология оның жаңа салаларының пайда болуымен ғана сипатталып қоймайды, сонымен қатар оның әртүрлі салаларының арасында бірден бір тығыз байланыстың қалыптасуымен ерекшеленеді. Бұл үрдіс екі бағытта іске асады. Өзара қарым-қатынастың нәтижесінде бір салаға екінші саланың ықпалымен жаңа дамуы аңғарылады және де , екінші жағынан, әрбір сала біртұтас және біржүйелі сипатқа ие болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет