«5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы аттестаттау комиссия төрайымының есеб І


Кешенді емтихандарды өткізуді және дипломдық жұмыстарды (магистрлік диссертацияларды (жобаларды) қорғауды ұйымдастырудағы әдістемелік іс-шаралар



бет3/4
Дата27.10.2022
өлшемі27,55 Kb.
#155227
1   2   3   4
Байланысты:
ГУЛНУР МАК ОТЧЕТ Киякбаева — копия
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)
3.Кешенді емтихандарды өткізуді және дипломдық жұмыстарды (магистрлік диссертацияларды (жобаларды) қорғауды ұйымдастырудағы әдістемелік іс-шаралар.
Кешенді емтихан сұрақтары мазмұнына келетін болсақ,5В010200- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында диплом жазудан босатылған студенттер кешенді тестті on-line режимінде тапсырды. Кешенді емтихан сұрақтары «Педагогика, Психология»,Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, Математиканы оқыту әдістемесі, Қазіргі қазақ (орыс) тілінің негіздері» пәндерінен сұрақтарды қамтыды. Диплом жұмысы (жобасы) тақырыптарының мазмұны қазіргі заманғы ғылымның талабына сәйкес келеді. Білім алушылар тақырып бойынша деректемелерді талқылай отырып, өз тұжырымдарын да атап өтті.
Комиссия төрайымы мен мүшелері бір ауыздан барлық білім алушылардың дайындықтарын жақсы бағалады.


4. Дипломдық жұмыс (жоба) / магистрлік диссертация (жоба) тақырыптарының қазіргі заманғы ғылымның, техниканың және өндірістің талабына сәйкестігі.
Дипломдық жұмыстардың (жобаның) тақырыптары өзекті, ғылым, техника және құқық саласының заманауи күйі мен даму перспективасына сай жазылған. Антиплагиат анықтамалары мен рецензия т.б сияқты қосалқы құжаттар Шымкент Университетінің «Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеу» ережесінің талаптарына сай ұсынылған. Кейбір жұмыстарда стилистикалық және орфографиялық сипаттағы кемшіліктер мен қателер бар. Бұл ғылыми жетекшілерінің тарапынан жеткілікті түрде назар аударылмағандығын көрсетеді.
Барлық білім алушылардың қойылған сұрақтарға жауап беруі жақсы деп бағаланды.

5. Мамандық бойынша кадрлар даярлаудың сапасына талдау
5В010200-«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша қорытынды жұмыстарын тапсырған топ студенттерінің білім сапасын төмендегі кестеден көруге болады:
Студенттер тарапынан әсіресе күндізгі оқу бөлімі студенттері тарапынан оқу слайдтары, плакаттардағы схемалар мен суреттер және т.б. көрнекіліктер арқылы зерттеу жұмыстары қорғалды.
Кешенді емтихан тапсырған және диплом жұмысын қорғаған студенттер арасында «қанағаттанарлықсыз» баға алғандар болған жоқ. Бұл кафедра түлектерінің оқу жылы барысында алған білімдерінің қанағаттанарлық және жақсы деңгейде екендігін білдіреді.
Бүгінгі таңда бітірушілер «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» бакалавры дәрежесін алған соң төмендегі салалар бойынша қызмет ете алады:
- Жоғарғы оқу орнында;
- білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында;
- ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде);




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет