5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша



бет60/75
Дата25.08.2017
өлшемі11,95 Mb.
#27482
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   75

Ұсынылатын әдебиет:

1. К. Жанабаева «Basic English»

2. Дудкина А.П. «Английский для делового общения»

3. Е.И. Курашвили, Е.С. Михалкова. Английский язык. Москва, 1991.

4. Т.Н. Игнатова. Английский язык. Москва, 1992.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Программалау технологиясы және тілдер



Пәннің коды: PTT 1205

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 1-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Шамсиева Н.С. – информатика магистрі, аға оқытушы

Курстың мақсаты: бағдарламаларды, бағдарламалау тілдерін ұйымдастыру мен алгоритмдерді құру әдістерін игеруге байланысты мәселелерді студенттердің игеруі қажет

Деректемелері/Пререквизиттері:

Бұл пәнді жетік түрде оқып үйрену үшін алгоритм және оның қасиеттерін, алгоритмдік тілді білу керек.



Курстың/пәннің мазмұны: Pascal, Delphi, Visual Basic, C++ бағдарламалау тілдерінің құрылымын, ерекшеліктерін, базалық басқару құылымын игеру. Алгоритмдер тілінде олардың құрылуын және бағдарламаларды өңдеу технологиясын, типін анықтау.

Ұсынылатын әдебиет: Фаронов В.В. Турбо Паскаль 7.0. Начальный курс. Учебное пособие.-М.: Нолидж, Марченко А.И., Марченко Л.А. Программирование в среде Turbo Pascal 7.0.- Киев: ВЕК+, Федоренко Ю. Алгоритмы и программы на Turbo Pascal. Учебный курс.- СПб: Питер,2001.

Культин Н.Б. Tyrbo Pascal в задачах и примерах. – СПб., Перминов О.Н. Программирование на языке Паскаль. – Радио и связь. М: «Наука», Семашко Г.А., Салтыков А.И. Программирование на языке Паскаль. – М..,Алексеев В.Е., Ваулин Г.Б., Петрова А.С. Вычислительная техника и программирование. М: Высшая школа, Пильщиков В.Н. Сборник упражнений по языку Паскаль. М: «Наука»



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Информатиканың теориялық негіздері

Пәннің коды: ITN 1201

Пәннің типі: Кәсіптендіру, міндетті компоненті

Оқу жылы: 1-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Жүсіпбек Б.К.- аға окытушы

Курстың мақсаты: Информатиканың фундаментальдi ұғымдары: ақпараттар теориясының негiзi, цифрлық автоматтар теориясы, алгоритмдер теориясы, алгоритмдер тиiмдiлiгiнiң анализi, ақпараттық модельдеу және информатиканың семантикалық негiзi туралы түсiнiк қалыптастыру және машықтандыру.

Деректемелері/Пререквизиттері:- Информатика; - Программалау технологиясы .

Курстың/пәннің мазмұны: Информатиканың пайда болуы және дамуы. Есептеу техникасының даму тарихы. Информатиканың ғылым ретінде пайда болуы. Информатика құрылымы. Ғылыми зерттеулердің бағыттары (теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік информатика). Ақпарат философиялық категория ретінде. Ақпаратты түрлендіру. Хабарды сигналдар көмегімен жеткізу. Ақпаратты өрнектеу формалары. Статикалық. Динамикалық. Кодтау. Декодтау. Ақпараттық жүйелер (АЖ). Ақпараттық жүйе ұғымы. Ақпараттық жүйелердегі процесстер. Ақпараттық жүйелердің құрылымы мен топтасуы. ЭЕМ – программалық басқарылатын цифрлы автомат. Тьюринг машинасы. Пост машинасы. Ақпараттарды өрнектеу үшін санау жүйесін таңдау. Сандық ақпаратты бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне көшіру. Теріс сандарды өрнектеу. Сандық ақпараттардың қателіктері. Логикалық бульдік айнымалы. Логикалық функция. Логикалық алгебраның элементар функцияларының қасиеттері. Тьюринг машинасы және Пост машинасы көмегімен алгоритм ұғымын айқындау. Марковтың нормальды алгоритмдері. Маккарти бойыша рекурсивті алгоритмдер. Алгоримдер арқылы шешілмейтін есептер. Алгоритмнің күрделілігі ұғымы. Алгоритмнің асимпотикалық күрделілігі. Есептің күрделілігі.Әр түрлі алгоритмдердің тиімділігін салыстыру. Рекурсивті алгоритмдер. Іздеу және таңдау алгоритмдері. Сұрыптау. Детерминенделген алгоритмдер. Ықтималдықтар алгоритмдері. Сандық ықтималдық алгоритмдері. Монте Карло алгоритмі. Ақпараттық модельдеу. Модельдеу туралы ұғым. Модельдерді құрудың негізгі кезеңдері. Формальдау. Математикалық модельдеу және есептеу алгоритмі. Информатиканың семантикалық негізі. Компьютерлік семантикалық жүйелер. Семантикалық ақпарат. Семантикалық амалдар. Семантикалық обьектілер.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Стариченко Б.Е. Теоретические основы информатики: Учебное пособие для вузов. -2-е изд. перераб. и доп.- М.: Горячая линия – Телеком, 2003. – 312 с., ил.

2. Информатика: Учебник.- 3-е перераб. Изд./ Под ред. проф. Н.В. Макаровой. Москва, 2001г –768 стр.

3. Савельев А.Я. Основы информатики: Учеб. Для вузов. Издательство МГТУ им. Н.Э. Баумана. Москва, 2001г - 328 стр.

4. Вирт Н. “Алгоритмы и струтуры данных“ 2-е изд. С-Петербург, 2001г –352стр.

5. Балапанов Е.Қ., Б.Бөрiбаев, Г.Мадиярова. “Жаңа ақпараттық технологиялар“ – Алматы, 2000 ж.



6. Бурин Е.А. “Введение в основы информатики и вычислительной техники“ Курс лекций.- Алматы, 1988г – 144 стр.

Сабақ беру әдістері: демонстрация, тренинг.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Ақпараттық технологиялар

Пәннің коды: АТ 1201

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 1

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші оқытушы: Мұратова Г.-информатика магистрі

Курстың мақсаты: Ақпараттық технологияның қазіргі заманға сәйкес ақпараттық жабдықтарын пайдалана алатын, алынған білім мен практикалық біліктілігін ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқуда, сонымен қатар, курстық және дипломдық жұмыстарды жазуда қолдана білетін мамандарды дайындау. «Ақпараттық технологиялар» курсы шеңберінде студенттерді кәсіби дайындаудың негізгі мақсаттары: оқу үрдісінде ақпараттық технологияны кеңінен қолдана білу дағдысын қалыптастыру; бөлінген ақпараттық ресурстармен жұмыс істегенде оқу үрдісінде ақпараттық технология құралдарын тиімді қолдануға оқыту; ақпараттық технология құралдарын дамыту және жетілдіру жағдайында студентке өздігінен оқу, өзіндік даму және өздігінен іске асыруға қажетті шығармашылық потенциалын дамыту болып табылады.

Деректемелері/Пререквизиттері:. Информатика

Курстың/пәннің мазмұны: Ақпараттық технологиялар ұғымы. Ақпарат ұғымы, қасиеттері және құрамды бірлігі. Оқытудың ақпараттық технологиясы және білім жүйесінде қолдану. Ақпараттық технологияның пайда болуы мен даму кезеңдері. Ақпараттық технологияның түрлері және оларды қолдану мәселелері. Ақпараттық технологияның ақпараттық жабдықтары. Интернет технологиялар. Компьютерлік желілер. Желілердің түрлері, қызметі.Электрондық пошта технологиясы. Пошталық сервер.Мультимедиалық технологиялар. Мультимедиа жөнінде түсінік.Мультимедиалық оқыту бағдарламаларын дайындау.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Internet-технологии. – Режим доступа: http://citforum.ru/internet/. – Загл. с экрана.

  2. Информационные технологии. – Режим доступа: http://www.itstan.ru/content/view/165/252/. – Загл. с экрана.

  3. Информационные технологии. Жуковский О.И. – Томск, Изд-во ТУСУР, 2003.

  4. Информационная технология. Советов Б.Я. — М.: Выс­шая школа, 1994

Сабақ беру әдістері: баяндау, сөздік әдісі, тренинг

Бағалау әдісі: кредит оқыту жүйесі бойынша бағалау өлшемдерін қолдана отырып баға қойлады

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интернет-ресурстар, электронды оқулықтар, материалдық база, кітапханақоры
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Программалау

Пәннің коды: Prog 1202

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 1-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Шамсиева Н.С. -аға оқытушы

Курстың мақсаты: программалау әдістерінің негізінде үлкен жүйелерді жасау әдістерін студенттерге үйрету; Модельдеуші алгоритмді қазіргі программалау тілдері арқылы ЭЕМ-де программаларды жүзеге асыру; нақты жүйені программалау әдісі мен формализация және алгоритмизация әдістерін үйрету; Студенттерге алгоритмдік тілдерді, программалау әдістерін, ақпараттық жүйелер негіздерін оқыту; Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін ашып көрсету және олардың даму перспективасын түсіндіру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Бұл пәнді жетік түрде оқып үйрену үшін алгоритм және оның қасиеттерін, алгоритмдік тілді білу керек.

Курстың/пәннің мазмұны: Программалау пәні программа құрудың методологиясы, программалау және жобалаудағы қолданылатын әдістерін зерттейді. Бейсик және Паскаль тілдерінің алфавиті. Тұрақтылар мен айнымалылар. Стандартты функцияларды пайдаланып арифметикалық өрнектердi Паскаль тiлiнде жазу. Қарапайым сызықтық программаларды Бейсик және Паскаль тілдерінде енгiзу, орындау жєне дискiде сақтау. Тікелей режим. Программаны клавиатурадан редакциялау. Программаны дұрыстау, сынақтау. Тармақталу командасы. IF операторы. Жай шарт. Құрама оператор. Құрама шарт. Шартты оператормен есептер шағару. Шартсыз өту операторлармен есептер шығару. Таңдау командасымен Паскаль жєне Бейсик тілдерінде есептер шығару. Цикл. Циклдің түрлері.Әзiрше-циклiне есептер шығару. Екіөлшемді массив. Матрицалармен жұмыс. Көмекшi программалар: функциямен жұмыс. Процедура. Параметр-айнымалы. Параметр-мән. Параметрсіз процедура.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Н.Ермеков“Есептеуіш техника негіздері”-Астана-2010

2. О.Камардинов “ Программалау“-

3. Шафрин Ю.А. «Основы компьтерной технологии».-м.,АБФ,1998



Сабақ беру әдістері: демонстрация, баяндау, сөздік әдісі, тренинг, трек-сызбалар, көрнекілік.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Алгоритмдер және деректер структурасы

Пәннің коды: ADS 1202

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші оқытушы: Алибаева Н.- аға оқытушы

Курстың мақсаты: Алгоритмдер құру және олардың түрлерін меңгеру; Есепті шешу алгоритмедерін анықтау; Есепті шешу алгоритмдерін пайдалану

Деректемелері/Пререквизиттері:. Web- дизайн, Қолданбалы программалық қамсыздандыру

Курстың/пәннің мазмұны:

Алгоритмдер. Алгоритмдерді өңдеу принципі. Негізгі басқару структуралары. Алгоритмдер типі мен қасиеттері. Алгоритмдер анализі. Алгоритмдер анализінің принципі. Алгоритмдердің күрделілігін бағалау. Функцияның өсуі. Стирлинг формуласы. О-нотациясы. Қарапайым рекурсиялар. Есептеудің негізгі эффективті схемалары. Арифметикалық алгоритмдері, көпмүшеліктерді есептеу. Деректер типтері. Деректердің құрылымдық және базалық типтері. Кірістірілген және саналатын типтер. Көрсеткіштер.

Жадының динамикалық таралуы. Деректер құрылымы. Сызықтық және сызықтық емес құрылымдар. Стектер, дектер және кезектер. Ақпараттық ұрылымдарды өңдеу алгоритмдері. Рекурсивті алгоритмдер. Бірігу алгоритмдері. Іштей сорттау алгоритмдері. Іздеу алгоритмдері. Сызықтық және екілік іздеу. Рекурсия, рекуурент және итерация. Қатарды өңдеу алгоритмдері.

Кестелерді толтыру алгоритмдері. Ішкі қатарларды іздеу алгоритмдері. Программалаудың әдістері мен технологиясы. Бағдарламаларды құру және оларды енгізу технологиясы. Құрылымды және модульді программалаудың негізгі принциптері. Динамикалық программалау. Алгоритмдердің эффективтілігі және есептеу оптимизациясы. Реттеу әдістері және программаны тестілеу



Ұсынылатын әдебиет:

  1. ВиртВирт Н. «Алгоритмы и структуры данных»: Пер. с англ.- 2-е изд., 2001-352 стр.

  2. Фаронов В.В. «Турбо Паскаль 7.0.» начальный курс. Учебное пособие-М.: «Нолидж», 1997-616 стр.

  3. Абрамов С.А. , Гнездилова Г.Г. и др. Задачи по программированию. Москва. Наука. 1988г.

  4. Чеблаков Б.Г. Сборник задач по программированию на языке Паскаль. Учебное пособие. НГУ, Новосибирск. 1991г.

Сабақ беру әдістері: баяндау, сөздік әдісі, тренинг.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интернет-ресурстар, электронды оқулықтар, материалдық база, кітапханақоры
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Дискретті математика

Пәннің коды: DM 1203

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші : Мукеева Г.И. аға оқытушы

Курстың мақсаты: Дискреттi математика жайында студенттерге кең көлемде мағлұмат беру. Анықталушы Дискреттi математика жайында студенттерге кең көлемде мағлұмат беру. Анықталушы және ескерiлетiн түсiнiктер мен арнайы терминдердiң мөлшерi бұрынғыға қарағанда нақтылай түсiндiрiледi. Осының арқасында студенттерге арнайы математикалық және теориялық программалау әдебиеттерiнiң терминалогиялық сөздiктерiн өз бетiмен қалыптасуына жағдай жасалады.Дискреттi математиканың, комбинаториканың әдiстерiн меңгеру, графтар мен құпиялар теориясының ұғымдарымен танысу, формальды қорыту және дәлелдеу әдiстерiмен танысу.

Деректемелері/Пререквизиттері: Математикалық талдау. Алгебра. Физика. Программалау тілдері.

Курстың/пәннің мазмұны: Студенттердi дискреттiк математиканың негiзгi бөлiмдерi және олардың қолдануларымен таныстыру. Бұл информатика мамандарын дайындағанда басқа курстарды дұрыс меңгеруге мүмкiндiк бередi. Курсты оқығанда дискреттi объектiлер, шектi жиындар, буль функциялары, айтылымдар алгебрасының формулалары, графтар және тiзбектер және құпиялар теориясының проблемаларымен танысады.

Студенттер жоғарғы оқу орнында қарастырылатын стандарттық бағдарлама бойынша дискреттi математика жайында қажеттi нақты мәлiметтер алады. Көп қолданылатын практикалық есептердi шығаруда, студенттерге келтiрiлген тұжырымдарды дәлелдеу және жаттығуларды орындау студенттердiң дискреттi математиканың әдiстерiн меңгеруге мүмкiндiк бередi. Тривиальды емес алгоритмнiң мысалдарының қорын толықтырады. Дискреттi математиканың типтiк есептерiнiң шешу алгоритмi және математикалық объектiлердi абсолюттi программалау жолдары жас программистерге қажеттi, себебi белгiлi алгоритмдердi конструкциялауда дағдының артуына әкеледi.



Жиындар, ішкі жиындар және элементтер. Жиындар алгебрасының теңдігі

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Э.Мендельсон, Введение математическую логику. Наука, 1984

  2. П.С.Нефедов, Л.Осипова, Курс дискретной математики,М.,1998

  3. Р.Уилсон, Введение в теорию графов,М.,1977 г

Сабақ беру әдістері: баяндау, сөздік әдісі, тренинг.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Графтар теориясы

Пәннің коды: GT 1203

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 1

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Жарменова Б.К. аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттердің графтар теориясының негізгі ұғымдарын меңгеріп, комбинаторика есептерін шешу мен граф құрудың әдістерін үйренуге басты назар аударылады. Сонымен қатар студенттердің ақыл-ойын өзінің қазіргі ақпарат мүмкіншіліктерін, қабілеттерін нығайтуға және кездейсоқ заңдылықтарын танып-білуге бағытталған. «Графтар теориясы» курсы студенттердің абстрактілі, алгоритмдік ойлау мәдениетін қалыптастыру үшін өте қажет.

Деректемелері/Пререквизиттері: Математикалық талдау; Дискреттік математика; Математикалық логика; Информатика.

Курстың/пәннің мазмұны: Қарапайым ұғымдар (түсініктер) мен анықтамалар. Көбейту мен қосу қағидасы ( принципі). Орын ауыстыру, орналастыру мен үйлестіру. Графтар дәрежесінің қасиеттері. Эйлер теориясы Бағытталған графтар. Графтардын ең қарапайым қасиеттері. Ашық (дерево) және тұйық (цикл) графтар ұғымы. Жазық графтар қасиеттері. Ашық графтар қасиеттері. Эйлер графтарымен қолды үзбей сызу есептері. Ілулі граф. Ілулі графтағы қысқа жолдар және қысқа маршруттарды құрудың Форда алгоритмі. Графта қысқа жол іздеу. Графтағы ара-қашықтықтардың сипаттамалары. Графты орап өту. Графтарды бояу және Зыков алгоритмі. Бағытталған графтар және Форд-Фалкерсон алгоритмі.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Ф.А.Новиков, Дискретная математика для программистов,М.,2001

  2. Иванов Б.Н. Дискретная математика для программистов. Учебник СПБ. Ланв. 2002.

  3. Белов Теория Графов, Москва, «Наука»,1968.

  4. Жетпісов Қ., Математикалық логика және дискретті математика, Қарағанды, 2008

  5. Оре О. Теория графов. – М.: Наука, 1980.

  6. Исмагилов Р.С., Калинкин А.В. Матеpиалы к пpактическим занятиям по куpсу: Дискpетная математика по теме: Алгоpитмы на гpафах. - М.: МГТУ, 1995

  7. Яблонский С. В. Введение в дискретную математику. – М.: Высшая школа, 2002. – 384 с.

  8. В. В.Куликов, Дискретная математика (учебное пособие). М., РИОР, 2007. 174 с.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

Пәннің коды: OTKN 2103

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Жиенбаева Л.Б. аға оқытушы

Курстың мақсаты: студенттердің болашақ маман, азамат ретінде төтенше жағдай кезіәнде өзін-өзі ұстай білуі, өзіндік көмек және өзара көмек көрсете алуы мен хабарлау, басқару жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын оқытады, практикалық іс-әрекеттерге үйретеді.

Деректемелері/ пререквизиттерi: орта мектеп “Химия”, “Биология” пәндерінің курстары

Курстың/пәннің мазмұны:

Кіріспе. ТЖ кезіндегі АҚ міндеттері мен орны АҚ құрылымдары.. Тіршілік қауіпсіздігін ұйымдастырудың негіздері. ҚР АҚ туралы заңы.7.05.1997ж. Төтенше жағдайлардың жіктелуі. ЖЗҚ түрлері, қауіпті өндірістік нысандардағы аварияларға сипаттама.Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖтуралы ҚРзаңы.5.07.1996ж. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ сипаттама.Апат, авария, зілзала. Қазақстандағы табиғи сипаттағы ТЖ. Химиялық қауіпті нысандардағы авариялар кезінде жүргізілетін іс-шаралар. ҚӘУЗ олардың жіктелуі.Уланған кезде көрсетілетін алғашқы көмек. Өрттер мен жарылыстар.Табиғи және техногендік өрттер.Өрттен қорғауға арналған іс-шаралар.Өрт сөндіру құралдары. Жұқпалы аурулар олардың алдын алу Карантин, Обсервация. Сақтандыру іс-шараларының түрлері. Жарақаттанғанда, қан кеткенде,сүйек сынғанда, буын шыққанда, күйгенде, үсігенде көрсетілетін алғашқы көмек. Жарақатқа таңғыш қою әдістері. Жарақат көрсеткіштері және оның себептерін зерттеу әдістері.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Суворовцев.А.А., Мельников Е.Н., и др. «Безопасность жизнедеятельности». Учебное пособие. АЧС РК. 2004г.

  2. Белов С. В. Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузов - М.: Высшая школа, 2002г.

  3. Белов С. В. и др. Безопасность жизнедеятельности. - Москва ВШ, 2001.

  4. Безопасность жизнедеятельности. Учебное пособие, книга 1. - Алматы: Республиканские курсы ЧС и ГО, 2002г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Әлеуметтану

Каталог: docs -> wepsait -> oku
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
oku -> Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты 5В011200-«Химия» Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
wepsait -> 5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының
oku -> «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   75




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет