5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Орындаған күндізге оқу бөлімінің


КІРІСПЕ Зерттеудің көкейкестілігі



бет3/9
Дата24.12.2021
өлшемі1,26 Mb.
#104756
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
курстық 3 курс Толқын сыныптан тыс
гылыми жоба, гылыми жоба, музыкалық білім тарихы, курстық 3 курс Толқын сыныптан тыс, лад, Matematikaly -sauattyly , 531535.pptx
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүгінде еліміздің өзінің дербес даму жолын таңдап, әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізген, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуге қадам басып отырған мемлекет екендігін дәлелдей келе, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында (28 ақпан, 2007ж.): «Біз әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» - деп Қазақстанның педагогика ғылымына үлкен міндет жүктейді [1].

Бүгінгі таңдағы қолданысқа ие болып жүрген «Жалпы білім беретін мектептің» бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы, «Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартында» үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастырудың құнды негізі екендігі анықталған.

Осы бағытта пәнаралық байланыс бастауыш сатыда жекелеген пәндер ең алдымен оқушыда мәдениеттің базистік қырларын қалыптастыруда, оның жеке бас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет еткендіктен білім мазмұнының интегративті, біртұтастығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл қазіргі педагогикалық теория мен оқу-тәрбие процесінің практикасында өзіндік мәні бар өзгерістермен, ХХІ ғасырдың білім беру мақсатымен байланысты болатыны мәлім, бірақ та, уақыттың өзі болашақ ұрпақ алдынан қарапайым білімді меңгеруінен де күрделі өлшеусіз талаптардың туындағанын көрсетіп отыр. Солардың ішінде ең басымды мақсаттардың бірі – әр түрлі пәндік білімді өз бетімен меңгерудің тәсілдерін игеруге және оны өмірдің сан алуан жағдаяттарында пайдалана алатын өзін-өзі дамытатын, өзін-өзі жетілдіретін және өзін-өзі тәрбиелейтін тұлғаны қалыптастыру.

Осы орайда мұндай оқушы тұлғасын қалыптастыру жалпы білім беретін мектепте пәнаралық байланыс мәселесінің әлеуметтік-педагогикалық маңыздылығы ерекше артқанын көрсететіндіктен, оқу материалы мазмұнының табиғи тұтастығын айқындайтын жолдарды іздестіру барысында дүниеге келіп, ғылыми білімнің жетістігіне қарай туындап, дамып отырған пәнаралық байланыстың тарихи-ғылыми негіздерін зерттеу бүгінгі өзекті мәселелердің бірі деп санаймыз.

Арнайы ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді аналитикалық талдау нәтижесін зерделей келе, пәнаралық байланыстың бүгінгі күнге дейін Қазақстанда, ТМД және шетел ғалымдарының еңбектерінде зерттеліп, жалғасын тапқандығына көзіміз жетті. Атап айтқанда, Одақ көлемінде психолог - ғалымдар Л.С.Выготский [2], Г.С.Костюк [3], В.В.Давыдов [4], т.б.; педагогтар В.В.Краевский [5], Б.С.Гершунский [6], В.М.Коротов [7], Э.И.Моносзон [8], И.Д.Зверев [9], В.Н.Максимова [10], т.б.; шетел ғалымдары Дж.Дьюи [11], Г.Нойнер [12], В.Суходольский [13], С.А.Рашкова [14], Қырғызстанда педагог-ғалым Э.Мамбетакунов [15] т.б.; Қазақстанда Р.Г.Лемберг [16], А.А.Бейсенбаева [17], М.Ә.Құдайқұлов [18], Р.М.Қоянбаев [19], Т.С.Сабыров [20], Ә.Мұханбетжанова [21], т.б. Музыка мен әдебиет байланысына көркемөнер, музыка тұрғысынан М.С.Каган, Д.Б.Кабалевский, Ж.Енсепов пәнаралық байланыс негізінде студенттердің эстетикалық талғамын дамытудың педагогикалық шарттары (Р.А.Дарменова), әдебиеттану тұрғысынан М.А.Рыбникова, В.В.Голубков көңіл бөлген.

Қазақстанның педагогика ғылымының тарихында пәнаралық байланысты айқындау, талдап қорыту және оны пайдаланудың қандай шарттары мектептің оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және зерттеу тақырыбын «Бастауыш сыныптың музыка сабағында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары» деп таңдауымызға себеп болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет