5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білімалушыларға «Тіл біліміне кіріспе» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарға арналған


«Тіл біліміне кіріспе» пәніне арналған әдістемелік нұсқаудың өзектілігі



бет2/25
Дата06.02.2022
өлшемі94,84 Kb.
#81610
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
f691bb77-0288-11e7-bfa7-a692e7d05c5eМет.разр. ТБК 2-сем

«Тіл біліміне кіріспе» пәніне арналған әдістемелік нұсқаудың өзектілігі: «Тіл біліміне кіріспе» пәнінде білім алушыларға тіл білімінің негізгі ұғымдар жүйесімен және тілдік терминдермен таныстыру, тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы, мәні жайлы түсінікті қалыптастыру және білім алушыларды тілдік талдау дағдысымен қаруландыру.
Тәжірибелік сабақты өткізудің басты мақсаты міндеттері: Пәннің негізгі мақсаты тіл білімінің негізгі ұғымдары мен терминдерін қарастырып, оның басты-басты теориялық мәселелерін баяндап беру, білім алушыларды тіл біліміндегі негізгі теориялармен қаруландыру, тіл білімінің негізгі тұжырымдары мен топшылауларын, соңғы зерттеулердің нәтижелерін, тіл біліміндегі бағыттар мен тілдің онтологиясын баяндап беру.
«Тіл біліміне кіріспе» пәнінде студенттердің өз ана тілінің (қазақ тілінің) құрылымын терең меңгерту; тілдің фактілерін ғылыми терең түсіне білуге үйрету; ана тілінің туыстас тілдермен генетикалық жақындығын меңгерту;
басқа да туыс емес тілдермен типологиялық ұқсастықтарын салыстыра білуге жаттықтыру. «Тіл біліміне кіріспе» пәнінде студенттерді тіл білімінің негізгі ұғымдар жүйесімен және тілдік терминдермен таныстыру, тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы, мәні жайлы түсінікті қалыптастыру және студенттерді тілдік талдау дағдысымен қаруландыру.
Сондай-ақ студенттің білімді өз бетінше игеруіне негізделеді. Тәжірибелік сабақтар студенттің ойлау қабілетін белсендіреді, берілген материалдарды толық меңгеруге, ұғынықты етіп талдауға көмектеседі. Сонымен қатар, мақсат қоя білуге, мәселелерді шешуге, ережелерді есте сақтауға ықпал етеді.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет