«5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»



бет2/2
Дата20.06.2018
өлшемі1,33 Mb.
#43357
1   2

3-модуль. Педагогика, психология және физиология


Модульдын аты және шифры

Педагогика, психология және физиология МММ-3

Модульға жауапты

Сабирова Р.Ш., Абильдина С.К., Тыкежанова Г.М.

Модуль түрі

Мамандық бойынша міндетті модуль

Модуль деңгейі

ВА (бакалавриат)

Апталық сағат саны

2-сместр – 2 сағат, 3-семестр – 6 сағат, 4-семестр – 4 сағат,

Кредиттер саны

12

Оқу түрі

Күндізгі

Семестр

2, 3, 4

Студенттер саны

10

Модульдың пререквизиттері

Филолософия, саясттану, әлеуметтану, құқық негіздері, экология және тұрақты даму

Модульдың мазмұны

Педагогикалық мамандық және оның дамуының қазіргі қоғамдық қайта құру жағдайындағы негізгі бағыттары. Педагогикалық әрекет және оның негізгі аспектілері. Педагогикалық білім жүйесі. Педагогтің кәсіби құзыреттілігі. Педагогикалық мамандықтың қоғамның рухани құндылықтарына әсері. Мұғалімнің кәсіби қызметі және оның әлеуметтік-педагогикалық мәні. Мұғалім мамандығына қойылатын талаптар. Жоғары педагогикалық білім жүйесіндегі педпрактика. Педагогикалық жобалау мұғалімнің кәсіби қызметінің ерекше түрі ретінде. Педагогті үздіксіз кәсіби жетілдіру факторлары. Педагогикалық қарым-қатынас педагогикалық процесс субьектілерінің өзара әрекетінің негізі ретінде. Педагогтің сөйлеу мәдениеті табысты кәсіби қызметінің шарты ретінде. Педагогика- адамды тәрбиелеу туралы ғылым. Педагогика ғылымының әдіснамалық негіздері. Тұтас педагогикалық процестің мәні. Білім алушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі мәселелері. Тәрбиелеу мақсаттары, оның әлеуметтік шарттары. Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушылар ұжымының өзара байланысы және өзара әрекеті. Сыныптағы тәрбие жүйесі сынып жетекшісінің шығармашылық қызметінің нәтижесі ретінде. Отбасылық тәрбие негіздері. Дидактикадағы оқыту үрдісі.

Психология және адам дамуы - психикалық іс-әрекеттің негізгі заңдылықтары, психиканың эволюциялық процесі, психологиялық ғылымдардың дамуының қазіргі тенденциялары.

Оқушылардың физиологиялық дамуы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары. Онтогенездің әртүрлі кезеңдеріндегі тіршілік әрекетінің, мүшелер қызметтерінің, мүшелер жүйесінің ерекшеліктері, әр жас кезеңдердегі функциялардың өзіндік ерекшеліктері.

Білім берудегі менеджмент педагогикалық жүйелерді басқару мәні мен мазмұны, принциптері мен әдістері жөнінде толық түсінік береді.



Бағалаудың өлшемдік технологиялары пәні мен мақсаты. Өлшемдік бағалау - білім берудің мазмұны мен мақсатына сәйкес болатын, үйренушілердің оқу-танымдық біліктілігінің қалыптасуына жағдай жасайтын,айқын анықталған, ұжымдық қалыптастырылған, барыс қатысушыларына алдын-ала мәлім белгілері бар оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.

Оқу нәтижесі

Білікті болуы тиіс: мектеп жасындағы балалардың өсіп, дамуының жас физиологиялық ерекшеліктерінің негіздерін білу, адам өміріндегі түрлі кезеңдерінде тұлғаға тән психикалық процестер, қасиеттер, қалыптар, құбылыстар жайында білу. қазіргі педагогикалық ғылымның даму бағыттарына талдау жасау; білім беру сферасы, білім беру үдерістері жайлы білім жүйесін меңгеру; педагогикалық үдерісті жобалау; мектеп пен ғылыми-зерттеу мекемелерінің және оқу мекемелерінің, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, шығармашыл одақтардың бірлескен іс-әрекетінің негізгі бағыттарын анықтау; педагогикалық зерттеулер жүргізу тәсілдерін меңгеру; оқушыға оқыту мен тәрбиенің субьектісі ретінде кәсіби қатынасты қалыптастыру.

Білуі тиіс: оқушылардың жас ерекшеліктері мен гигиеналық нормаларын білу және талдау, оқу-тәрбиелік үрдістерді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды мекетепте қолдану, адам даму психологиясының себеп-салдарын анықтау, психикалық құбылыстарды тану, психологиялық білімдерді тәжірибе жүзінде қолдана алу. Педагогикалық менеджменттің негізгі ұғымдары; басқару үдерісі мәні, педагогикалық менеджмент қызметі, принциптері мен әдістері; білім беру саласында мемлекеттік саясат принциптері; білім беру мазмұны мен мақсаты; білім беруді басқарудың жаңа технологиялары; мектепті басқару мен жетекшілік етудің негізгі принциптері; мектептің әкімшілік –педагогикалық және шаруашылық басқару бойынша білім беру органдарының қызметі (жалпыға бірдей оқыту мекемелері, жалпы білім беретін мектептер типтері, мектептерді оқу құралдарымен қамтамасыз ету); мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын басқару бойынша білім беру органдарының қызметі (мұғалімдерге әдістемелік өмекті ұйымдастыру, мектептерді инспектирлеу); смектепішілік басқарудың мазмұны мен әдістері; біліктілікті жетілдіру формалары мен педагогикалық және басқаушылық қызметкерлерді аттестациялау; оқу және шынайы педагогикалық жағдаяттарды талдау; білім беру жүйелерін басқарудың негізгі нәтижелереін бақылау, анықтау және бағалау; мектеп құрылымына әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде талдау жасау.

Дағдылары болуы тиіс: алған білімін мектепте оқу-тәрбие жұмыстары барысында қолдану, психологиялық құбылыстарды талдауға дағдыланады. Болашақ кәсіби іс-әрекетінде міндеттерді: тиімді білім беру жүйесін құру мен жобалау, талдау; өзіндік іс-әрекеті мен өз біліктілігін арттырудың оңтайлы стратегияларын таңдау; педагогикалық ұжымды басқарудың қазіргі технологияларын қолдану; мектеп құжаттарын жүргізу.

Құзыретті болуы тиіс: педагогикалық үрдістің әрекеттерін дамытуға бағытталған бала ағзасының әр кезеңдердегі дамуының психофизиологиялық функцияларын түсіну, адамды психологиялық жүйе ретінде тану, онтогенез процесінде адам дамуының психологиялық заңдылықтары жайында білу; жастық ерекшеліктерді ескере отырып оқушылар тобына немесе оқушы тұлғасына психологиялық-педагогикалық мінездеме құрастыру барысында алынған білімдерді қолдану. Оқу мекемесінің нақты білім беру басқышында оқу-тәрбие үдерісінің сапасын қамтамасыз ету үшін қазыргі әдістемелер мен технологияларды қолдану; білім беру ортасының мүмкіндіктерін қолдану; тәрбие міндеттерін оқу пәндері құралдары арқылы; педагогикалық менеджменттің теориялық негіздері жайлы білімді қолдану, басқару әдістерін қолдану, жалпы білім беретін мектептердегі оқу үдерісін ұйымдастыру мен бағалау, жобалауды жүзеге асыруда ақпараттық мүмкіндіктерді қолдану.

Қорытынды бақылау түрі

Емтихан /тест/

Кредит алу шарттары

Қорытынды бақылау нәтижесі бойынша оң баға алу қажет және модульде қарастырылған барлық жұмыс түрлері орындалуы қажет

Модульдың ұзақтығы

Үш семестр

Әдебиеттер

1. Жарықбаев Қ.Б. Жан тану негіздері. - Алматы.,2012.

2. Дүйсембин Қ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. - А. -Дәуір, 2013

3. Әбиева Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы: Дарын, 2014.

4. Педагогика. Дәріс курсы. Авторлар ұжымы. - Алматы, 2012.

5. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. - Алматы, Рауан, 2015ж.

6. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. - Алматы, 2013.

7. Крайг Г. Психология развития (перевод с английского). - М.,2015.

8. Уканова Ә. К. Білім беру жүйесіндегі менторлық қызмет [Текст] / Ә. К. Уканова, О. К. Джолдасбаев // Білім берудегі менеджмент = Менеджмент в образовании. - 2016. - № 1. - С. 76-81.

9. Смолянинова О. Г. Проблема оценивания образовательных достижений: технология е-портфолио // Информатика и образование. - 2016. - № 1. - С. 55-63.

10. Дарменова Р. А. Кәсіптік білім беруде білім сапасын тәуелсіз бағалау жолдары / Р. А. Дарменова, Ұ. Н. Алашабаева // Қазақстан пед. ғылымдар акад. хабаршысы = Вестник акад. пед. наук Казахстана. - 2015. - № 6. - С. 47-51.

11. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2015 ж.

12. Нарсеитова // Білім берудегі менеджмент. - 2015. - № 4. - С. 66-69.



Өзгертілу уақыты





4-модуль. Кәсіби тілдер және оқыту әдістемесі


Модуль атауы және шифры

Кәсіби тілдер және оқыту әдістемесі, МММ-4

Модульға жауапты

Балмагамбетова Ж.Т, Пастушенко Т.А., Абильдина С.К., Алшынбекова Г.К.

Модуль түрі

Міндетті

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

4-семестр – 2 сағат, 5-семестр – 6 сағат

Кредиттер саны

8

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

4, 5

Білім алушылардың саны

10

Модуль пререквизиттері

Шетел тілі, Орыс тілі, Педагогика, Психология

Модуль мазмұны

Кәсіби орыс тілі пәнінің қызметі тілдің барлық типтерін жетілдіру және кәсіби қызметте болашақ маманға қажет әмбебап икемділікті қалыптастыру. Бұл міндет ғылыми стильді меңгеру дағдысымен, мамандық тілімен: рефераттау, тезис жасау, ғылыми мәтіндерді рецензиялау, ғылыми тілдікэтикетті меңгеру арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми және кәсіби әдебиетпен жұмыс жасау. Мамандық бойынша ғылыми әдебиетке шолу жасау, аннотация жасау. Кәсіби терминологияны қалыптастыру. Контраргумент элементтері арқылы диспутқа түсу.

Кәсіби бағытталған шетел тілі пәні Студент мамандығының пәндік саласында сөйлеу әрекеттерінің іскерліктері мен дағдыларын дамытады. Оқытылатын шетел тіліндегі базалық категориялылық-түсініктеме аппараты және кәсіби шет тілдік терминология. Кәсіби-бағытталған шетел тілінде мамандықтың пәндік саласына кіріспе. Шетел тілінде мамандық бойынша пәндік сала мазмұнының сипаттамасы. Арнайы кәсіби- бағытталған материал және оны берілген кәсіби жағдаяттарда қолданады.

Мектептегі тәрбие үрдісі және оған жалпы сипаттама. «Тәрбие жүйесі» ұғымы. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі, бағыттары. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдістемесі. Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қызметі мен формалары. Қазіргі жағдайдағы балалар мен жас өспірімдер бірлестігі. Қазіргі оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие технологиялары. Тәрбие жұмысының тиімділігі мен нәтижесінің диагностикасы.


Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: орыс және шетел тілдерінде мамандық бойынша кәсіби мәтіндерді түсіну, продуциялау, арнайы терминологияны, кәсіби орыс тіліне тән арнайы дайын тілдік формаларды және күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдану. қазақ тіл білімі салаларын оқытуда әдіс-тәсілдер, ұстанымдар, оқытудың формалары мен түрлерін меңгеру және ерекшеліктері мен тиімді тұстарын айқындау.

Білуі тиіс: кәсіби және іскелік қарым-қатынас саласында орыс тілі, шет тілі саласындағы ауызша және жазбаша сөйлеу стилін, типін, жанрлары мен формаларын жүзеге асыру, мамандықтар бойынша ғылыми мәтіндердің лексикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін білу. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуға қойылатын талаптарға сай тілдік қарым-қатынас жасауды меңгереді.

Дағдылары болуы тиіс: мамандықтың кәсіби тілін меңгеру, тілдік кәсіби және қарым-қатынастық құзыреттілікті жүзеге асыру. кәсіби қарым-қатынас жағдаяттарын, ана тіліндегі мәтіндерді шет тіліне аудару шет тілінен ана тіліне аудару дағдыларын, сонымен қатар кәсіби қарым-қатынас жағдаяттарында ауызша екіжақты аудару дағдыларын іске асыру үшін сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгеру. Тілді меңгертуде әдіс-тәсілдердің тиімділігін сараптай алуға дағдыланады.

Құзыретті болуы тиіс: кәсіби қаарым-қатынастың түрлі деңгейінде еркін қарым-қатынасты қамтамасыз ететін тереңдетілген тілдік қабілеттілікті дамыту, қатысымдық тұрғыда, оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым әрекеттерін жүзеге асыра отырып кәсіби деңгейде қолдана алады.

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Екі семестр

Әдебиеттер

1. Профессиональный русский язык: учеб. пособие / Е. А. Журавлева [и др.]. - Алматы : Эверо , 2015. - 242 с.

2. Кубдашева, К. Б. Профессиональный русский язык. - Алматы : Эпиграф, 2015. - 138 с.

3. Сансызбаева, С.К. Профессионально-ориентированный русский язык. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2015. - 134 с.

4. Burmistrova, V. Workbook on the professional-oriented Englisn Language for the students of the Specialty "Public Healthcare". - Алматы : Эпиграф, 2016. - 156 p.

5. Амерханова, Ш. К. Профессионально-ориентированный иностранный язык (английский). - Алматы : Эпиграф, 2016. - 104 с.

6. Акбаева, Г. Н. Профессионально-ориентированный английский язык для педагогических специальностей: учеб. пособие / Г. Н. Акбаева, Г. Т. Смагулова, А. К. Болатбекова. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 151 с.

7. Набуова Р. Тәрбие жұмысының әдістемесі. - Алматы : NURPRESS, 2014. - 272 б.

8. Есқалиева С. Б. Тәрбие жұмысының теориясы және ұйымдастыру әдістемесі. - Астана : Фолиант, 2014. - 191 б.

9. Тебенова Қ. С. Педагог мамандарды инклюзивті білім беру жүйесіне даярлау: монография / Қ. С. Тебенова, Р. М. Айтжанова, А. Р. Рымханова ; Акад. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік ун-ті. - Қарағанды : Арко, 2016. - 264 б.

10. Тажбаева С.Г. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. -Алматы, 2013.



11. Сағындықова, А. Ж. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру жолдары [Текст] / А. Ж. Сағындықова // Білім = Образование . - 2016. - № 1. - С. 12-14.

Жаңартылған күні

31.08.17 ж


5-модуль. Лингвистика, әдебеттану және инклюзивті білім


Модуль атауы және шифры

Лингвистика, әдебеттану және инклюзивті білім, МТМ-5

Модульға жауапты

Құсбеков Д.К., Қалиев Б.А., Түйте Е.Е., Рапишева Ж.Д., Такиров С.У., Хусаинова Ж.С., Алшынбекова Г.К. , Әділова А.С.

Модуль түрі

Мамандық бойынша таңдау модульдері

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

1-семестр – 6 сағат, 5-семестр – 5 сағат, 6-семестр – 5 сағат, 8-семестр- 3 сағат

Кредиттер саны

19

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

1, 5, 6, 8

Білім алушылардың саны

10

Модуль пререквизиттері

Педагогика, Психология, Білім берудегі менеджмент, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

Модуль мазмұны

Әлеуметтік гуманитарлық білім берудегі жаңғыру ұғымы. Жаңғырудың негізгі теориялары. Әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің модернизация тәжірибесі. ХХ ғасырдағы Қазақстанның дамуының мәдени-тарихи тәжірибесі. Мемлекеттік тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның бірінші және екінші модернизациясы. Қазақстанның үшінші жаңғыруының басымдылықтары мен міндеттері. Қоғамдық сана жаңғыруы. Әлеуметтік гуманитарлық білім беру контекстіндегі ұлттық сана ұғымы. ХХ-ХХI ғғ Қазақстандағы ұлттық сананың қалыптасу ерекшеліктері. Ұлттық сананың қалыптасуындағы ұлттық мәдениеттің ролі мен маңызы. Қазақстанның эволюциялық дамуы жаңа идеологияның приципі ретінде. Қазақстандағы мәдениеттер диалогы. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қызметінің ерекше тәжірибесі. Қазақстандағы конфессия аралық келісім саясаты. Қазіргі әлемдегі Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің шарттары. Жаһандану әлеміндегі жаңа заманғы Қазақстан мәдениеті. Қазіргі заманғы Қазақстанның ұлттық-мәдени бірегейлігінің негізі ретіндегі «Мәңгілік Ел» идеясы. Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениетіндегі рухани мұраны игерудің теориясы мен практикасы. «Қазақстанның рухани қасиетті жерлері» атты жобасын жүзеге асыру мүмкіндігі мен шарттары. Жастарды тәрбиелеудің негізі ретінде қазіргі заманғы Қазақстандықтардың өмірлік жетістіктерінің тарихы.

Экономикалық қажеттіліктер, экономикалық қорлар мен экономикалық ресурстар, экономикалық таңдау мәселелері, «Экономикалық теорияның» «экономикс», «саяси экономикамен» өзара байланстылығы, экономикалық теорияның функциялары және әдістері қарастырылады. Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негізі және оның белгілері. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің түрлері. Субъектілерді мемлекеттік тіркеу және тарату. Банкроттылық.

Тіл біліміне қатысты негізгі ұғымдар жүйесі және тілдік терминдер, тіл білімі және оның басқа ғылымдармен байланысы, тілдің шығуы, қоғамдық қызметі, тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы, мәні, дүниежүзі тілдерінің классификациясы, тіл білімінің салалары, жазу.

Әдебиеттануға кіріспе курсында әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму кезеңдерін, әдебиетке, әдебиеттану ғылымына қатысты терминдер, түсініктер жүйесі жан-жақты қарастырылып талданады, теориялық ұғымдар эстетикалық, поэтикалық тұрғыдан сараланып, кеңінен қарастырылады.

Сөйлеу және жазудың маңызы, арақатынасы, тілдегі орны. Сөйлеу, жазудың дыбыстар арасында іске асатыны. Дыбыстың тілдегі қызметі. Қатынас құралы ретінде дыбыстық тілдің алар орны. Дыбыс – тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететіндігі.


Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: Қазақстан қоғамының жаңғыру процесін зерттеу барысында пайда болатын мәселелердің тиімді шешімін таба білу; Қазақстан қоғамы жаңғыруының өзекті мәселелерін түсіну үшін тиісті кәсіби бағыттылыққа байланысты білімін қолдана білуі; Қазақстан қоғамы жаңғыру процесін талдау және зерттеудің қажетті әдістерін таңдай білуі; көзқарастық сипаттағы білімнің негізінде қазіргі заманғы әлеуметтік практиканың шындықтарын ұғыну және талдай білу. Тілдің қоғамдық қызметін, барлық салаларының қалыптасуы мен даму, өзгеру жолдарын зерттеп айқындау, генеологиялық және типологиялық классификациясын анықтап көрсету, қазіргі кездегі тілдің өмір сүру қалпын, фонетикалық, жергілікті тіл ерекшеліктерінен, заңдылықтарынан білімі болады. Әдебиеттануға қатысты терминдер мен түсініктер жүйесін толық меңгеріп, оны келесі сатыларды өтілетін әдебиет тарихын, арнаулы курстарды оқығанда қолдана алуға үйрету; Коммерциялық кәсіпорындар және жеке бизнесті құқықтық қамтамасыз ету және оның қызметін әрі қарай құқықтық реттеу; Құрылтай құжаттарын дайындау, жоба келісім шарттарын және жергілікті актілерін дайындау, жеке бизнесінің бизнес жоспарын дайындау және бағалау оның тәуекелдері. Дамыған елдерде сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі бөлігі - Шағын бизнестің үлесін түсіндіру. Оқитын пәнді меңгеру барысында студент әлеуметтік мәдени білім беру феномені ретінде арнайы білім беру туралы жалпыланған теориялық білімдерді алуы қажет, өздік жұмыс іскерліктері мен дағдыларын игеруі қажет. Термин туралы жалпы түсінік, терминологиялық лексика және терминологиялық қор, қазіргі тіліміздегі терминдердің жасалу ерекшеліктерітуралы мағлұмат алады; тіл арқылы қоршаған ортаны танып-білуге үйретеді және тілдік білімнің табиғатын және оны қалай қолдану керектігін меңгертеді. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға; түрлі адаммен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз етуге жағдай жасау.

Білуі тиіс: әлеуметтік жаңғыру саласында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін білу, қоғамдық сана жаңғыруымен байланысты бағдарламалық құжаттарды, әлеуметтік жаңғыру процесстерін сипаттаудың жаңа заманғы эпистемологиялық модельдерін білу. Коммерциялық кәсіпорындар және жеке бизнесті құқықтық қамтамасыз ету және оның қызметін әрі қарай құқықтық реттеу. Жеке бизнесті құрудағы және жүргізудегі экономикалық негіздерін білу.

Тілдің тарихи даму жолын, заңдылықтарын толық түсінуге баулу; жалпы тілдік теориялардың шығу негізін танып білу, үйрену. Әдебиеттану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдерін және әдебиетке қатысты түсініктер жүйесін меңгеруі керек. Көркем шығарманы талдаудың ғылыми принциптерін теориялық тұрғыда пайымдау. Оқылатын пәнді игеру үшін студент мүмкіндіктері шектелген балалар дамуының анатомиялық-физиологиялық және клиникалық ерекшеліктерін, психикалық дамуының заңдылықтарын, дидактика мен тәрбие теориясының негіздерін білуі тиіс. Терминология және әдеби тіл, қазақ тілінде термин қалыптастыру, қазіргі термин шығармашылығындағы принциптер, заңдылықтар, мен тәсілдерді меңгереді. Орыс (және т.б) тілді мектептердің оқушыларын қазақ тілінде оқыту үдерісіне түрлі типті сөздіктермен жұмыс істеуді үйренеді. тіл мен таным, тіл мен ойлау, тіл мен сөйлеу, тіл мен сана байланыстары арқылы студенттердің дүние танымын кеңейтеді. Әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудегі инновациялық үдерістерге қолдау көрсету.



Дағдылары болуы тиіс: Қазақстан қоғамы жаңғыру процесіне белсенді түрде араласу үшін қажетті аксиологиялық бағыт бағдарларды дербес түрде таңдай білу. Тиімді және табысты бизнесті ұйымдастыру, операциондық және бизнес үрдістерді оңтайландыру. Қазақ тілінің құрылымдық жүйесі жөнінде білім, тілдер жіктемесі,тіл біліміндегі негізгі бағыттар туралы бастапқы мағлұмат береді. алған білімдерін кәсіби тұрғыда, түрлі коммуникативтік жағдайларда қолдана алады; қазақ тілі бойынша кешенді лингвистикалық талдау жасауға, әлемдік әдебиетте танылған теориялық ұғымдардың қазақ әдебиетіндегі көріністерін талдауға дағдыланады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында нақты түзету-тәрбиелеу міндеттерін шешу және тиімді оқыту әдістерін іріктеу іскерлігі болуы керек. Қазақ тілінде термин жасауда, басқа тілдерден енген терминдерді аударуда қолдана алады, терминдердің жасалу жолын талдау негізінде пікір алысу, ой таластыру дағдылары қалыптасады. Сөздіктерді құрудың теориялық негізін жасау, сөздіктердің жалпы типологиясы, сөздіктердің макро және микроқұрылымын анықтау сияқты дағдыланады; компьютерлік және коммуникативті сауаттылық; оқушының шығармашылық және сыни ойлауын дамытуға арналған интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып сабақтарды ұйымдастыру және өткізу; педагогикалық процесінде инновациялық технологияларды пайдалану.

Құзыретті болуы тиіс: тұлғалық қатынасын көрсете білу, белсенді және дербес талдай білу іскерлігі, тұжырым жасай білу, оңтайлы және объективті шешімдер қабылдай білу, айрықша белгісіне динамикалық әлеуметтік құрылым, жоғарғы мобильділік, инновацияларға қабілеттілік пен сыншылдық жататын ашық, демократиялық, құқықтық қоғамды құруға белсенді түрде қатыса білу қабілеттілігі қалыптасады. Тиімді және табысты бизнесті ұйымдастыру, операциондық және бизнес үрдістерді оңтайландыру; шағын бизнес қызметінің нәтижесін бағалау, келісім шартқа отыру бойынша келіссөздер жүргізу. Қазақ тілінің, тіл білімінің барлық салалары бойынша білімдерін бекітуге, толықтыруға, тереңдетуге негіз ретінде пайдаланады.. Аталмыш пәнді оқу барысында әдеби теориялық ұғымдарды көркем шығармаларды талдауда пайдалана алады: студенттер өздерінің білімдерін жаңашыл мұғалім тәжірибесін, әдістемелік әдебиетті зерттеп және курстық немесе дипломдық жұмысты жазуда өздік зерттеулерді жүргізіп тереңдетіп кеңейтуіне болады. Сонымен бірге алынған білімдерін педагог-дефектологтың тәжірибелік іс-әрекетінде қолдана білуге үйренеді. Оқушының қызығушылықтары мен қабілеттерінің мониторнигін жасау.

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Төрт семестр

Әдебиеттер

1. Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 638 б.

2. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 638 б.

3. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 639 б.

4. Кодухов В.И. Введение в языкознание. – М.: Альянс, 2016. – 288 с.

5. Камчатнов А.М. Введение в языкознание. – М.: Флинта, 2016. – 232 с.

6. Такиров, С. У. Әдеби сын белестері: ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы әдеби сын мәселелері: монография. - Алматы: Эверо, 2014. - 151 б.

7. Қабдолов , З. Сөз өнері. - Алматы: Өлке, 2014. - 495 б.

8. Аударманың өзекті мәселелері: ғылыми басылым / құраст. С. Құлманов. - Алматы: Palitra-Press, 2015. - 296 б.

9. Жарылғапов, Ж. Ж. Қазақ прозасы: модернизм және постмодернизм - Караганды : Изд-во КарГУ, 2015. - 288 б.

10. Панфилова А. П. Инновационные педагогические технологии. М.: Академия, 2013. - 192 с.

11. Бөрібекова, Ф. Б. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. - Алматы : Times, 2014. - 359 б.

12. Әділова А.С. Қабылдау стилистикасы / - Алматы: Эверо, 2016. – 128 б.

13. Матузов Н.И. Мемлекет және құқық теориясы: оқулық- Алматы, 2013

14. Омаров Б., Хамзабек Д., Шәріп А. Ұлттық проза және дәстүрлі ментальдік. –Астана: «Фолиант», 2013.

15. Оспанов, Қ. И. Құқық негіздері: оқу құралы. - Алматы: Жеті жарғы, 2014. - 303 б.

16. Андыбаева, Г.Т. Экономикалық талдау: оқу құралы- Алматы, 2014.

17. Мұхамбетов Ж. Қазақ диалектологиясы: оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2015. – 391 б.

18. Айтбаев О. Основы казахской терминологии. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. – 384 с.

19. Бордовский Н.В. Современные образовательные технологии: уч. пос. 2-изд. – М.: Кнорус, 2012. – 432 с.

20. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар.



21. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру//Егемен Қазақстан, 2017.

Жаңартылған күні

31.08.17 ж



6-модуль. Қазіргі қазақ тілі


Модуль атауы және шифры

Қазіргі қазақ тілі, МТМ-6

Модульға жауапты

Қалиев Б.А., Қазанбаева А.З., Ажарбекова Э.Н., Жуынтаева З.Н.

Модуль түрі

Таңдау

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

2-семестр – 3 сағат, 3-семестр – 3 сағат, 4-семестр – 3 сағат, 5-семестр – 3 сағат

Кредиттер саны

12

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

2,3,4,5 семестр

Білім алушылардың саны

10

Модуль пререквизиттері

Тіл біліміне кіріспе, Қазақ әдебиеті, Қазақстанның замануи тарихы, Қазақ тілі

Модуль мазмұны

Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы курсында сөз мағынасының дамуы, фразеология, лексикография, сөздің қалыптасу, даму заңдылықтарын, мағыналық жақтары мен қолданылу ерекшеліктерін, сөздің көп мағыналылығы мен ауыс мағынаға көшу жолдарын, қазақ тілі сөздік құрамы мен сөздік қорының толығу жолдарын, фразеологизмдердің белгілерін, түрлерін, варианттылығын, семантикалық топтарын, сөз табына қатыстылығын, қолданылу ерекшеліктерін меңгереді.

Грамматикалық ұғымдар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория. Сөз таптары және олардың лексика-грамматикалық сипаты. Сөз форалары.

Жазба тілдің пайда болуы, жазудың түрлері, көне түркі графикасы, араб, латын, орыс жазуы, графикалық лингвистика мәселелері.

Сөйлеу және жазудың маңызы, арақатынасы, тілдегі орны. Сөйлеу, жазудың дыбыстар арасында іске асатыны. Дыбыстың тілдегі қызметі. Қатынас құралы ретінде дыбыстық тілдің алар орны. Дыбыс – тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететіндігі.



Синтаксис туралы түсінік, сөз тіркесі синтаксисі, сөз тіркесінің формалары, сөйлемді құрайтын элементтер, сөйлем мүшелері, сөйлемнің өзіндік белгілері, жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері, жай сөйлемнің құрылымдық түрлері, жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілдері, құрмалас сөйлемнің белгілері, Салалас, сабақтас, аралас құрмаласм сөйлемдер.

Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: сөздік қор мен сөздік құрамның арақатысын, толығу жолдарын және сөз мағынасының түрлерін, берілу жолдарын меңгеру; сөзжасам тәсілдерін, сөзжасамдық мағынаны, сөзжасам бірліктерін, сөз таптарының сөзжасамын, сөздің морфологиялық құрамын, грамматикалық ұғымдар: грамматикалық мағынаны, грамматикалық форманы, грамматикалық категорияны, сөздерді таптастыру принциптерін, сөз таптары және олардың морфологиялық құрылымын меңгереді; сөйлемді синтаксистік талдауда синтаксистік аспектілердің түрлерін білуге, қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесін ғылыми тұрғыдан танып-білуге үйретеді. Фонетика ғылымының өзекті мәселелері, алған білімдерін практикада қолдана білу, фонетикалық талдау жасай алу, теориялық еңбектерге сүйене отырып, өзіндік пікір айта білу;

Білуі тиіс: сөз, ұғым, мағына жайында алған білімдерін лексиканы оқытуда жүзеге асырады; сөздің морфологиялық құрамы мен құрылымын, сөз таптарының лексика-грамматикалық ерекшеліктерін айқындай отырып, қазіргі қазақ тілі синтаксисі пәнінен алған білімін кәсіби деңгейде қолдана алады. Қазақ тілі деңгейлеріндегі фонетикалық, лексика-грамматикалық заңдылықтарды теориямен ұштастыра алады. Тілдің қызметін, өмір сүру формаларын, сөздің айтылуы мен жазылуын, дыбыс, әріп, фонема, үндестік заңы туралы, орфография туралы түсінік, олардың ерекшелігін айқындай біледі.

Дағдылары болуы тиіс: сөз, мағына түрлерін, мағынаның берілу жолдарын, семантикалық топтарды талдай білу; сөздік қор мен сөздік құрамның айырмашылығын айқындай алуға дағдыланады; Дыбыстардың қолдану қабілеттілігі, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісі, түрлері, дыбыс, әріп, фонема, буын, екпін олардың арақатынасы, үндестік заңы, жазу мәселесі жайында көзқарас қалыптастырып; түбір морфема мен қосымша морфема жігін, сөз таптарын ажырата білу дағдысы қалыптасады; сөйлем ішіндегі синтаксистік байланыс пен синтаксистік қатынастарды талдай білуге дағдыланады.

Құзыретті болуы тиіс: әдеби теориялық ұғымдарды көркем шығармаларды талдауда, сөздік құрам, сөздік қор, лексикология салаларынан алған білімдерін кәсіби деңгейде қолдану; сөздің морфологиялық құрамын, түбір морфема мен қосымша морфема жігін ажыратуда, фонетика саласының зерттелуі мен дамуы, қалыптасуын, дыбыс, әріп, фонема, дыбыстардың сипаттамасын, дыбыстар тіркесімі, орфография, олардың ерекшелігін айқындай отырып, фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау жұмыстарында, қазақ тілі салаларын оқытуда қолданады; жинаған теориялық білімдерін, мектепте жүзеге асырады.

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Төрт семестр

Әдебиеттер

1. Сарбасова, Қ. Б. Қазіргі қазақ тілі (лексикология және фразеология). - Алматы : Дәуір, 2012. - 199 б.

2. Сарекенова , Қ.Қ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 168 б.

3. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009.

4. Қалиев Б.А. Қазақ тілінің фонетикасы: Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012.

5. Сыздықова Г. О. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. - Алматы : Дәуір, 2012. - 160 б.

6. Момынова Б.Қ. Қазақ тілінің морфологиясы. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2014. - 278 б.

7. Момынова Б. Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар. - Алматы : Арыс, 2012. - 173 б.

8. Сыздықова Г. О. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. - Алматы : Дәуір, 2012. - 160 б.

9. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар: монография-оқулық / жалпы ред. басқарған Ж. Жақыпов. - Алматы : Мемлекеттік тілді дамыту ин-ты, 2016. - 462 б.

10. Сайрамбаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы : Абзал-Ай, 2014. - 638 б.

11. Шалабай Б. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. - Алматы : Қазақ ун-ті , 2012. - 186 б.

12. Еспекова Л. Ә. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. - Алматы: Эверо, 2014. - 100 б.

13. Орфографиялық сөздік. - Алматы: Дәуір, 2013.

14. Ерғалиев, Қ. С. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы. - Павлодар : ПМПИ баспасы, 2012.

15. Ажарбекова Э.Н. Орфография мен пунктуация мәселелері. Практикум. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012.


Жаңартылған күні

31.08.17 ж


7-модуль. Қазақ әдебиетінің тарихы

Модуль атауы және шифры

Қазақ әдебиетінің тарихы МТМ-7

Модульға жауапты

Жұмағұлов А.Б., Әбдуов М.І., Төлеубаева К.А..

Модуль түрі

Мамандық бойынша таңдау модульдері

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

1-семестр – 6 сағат, 3-семестр – 3 сағат, 4-семестр – 5 сағат, 6-семестр – 4 сағат

Кредиттер саны

18

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

1, 3, 4, 6

Білім алушылардың саны

10

Модуль пререквизиттері

Қазақ әдебиеті, Қазақстанның заманауи тарихы, Әдебиеттануға кіріспе

Модуль мазмұны

Ежелгі және қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет курсында тарихи бастауын Сақ, Ғұн дәуірінен алып, Түркі қағанаты арқылы әлемдік алып империя, соған лайық түркі өркениетін қалыптастырған әдеби мұраның тақырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық даму үдерісінің қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар мұрасымен тарихи сабақтастығы, сонымен қатар ұлттық әдебиет тарихын дәуірге бөліп зерттеу, оның тарихи даму белестерін жүйелі саралау бағытындағы үрдістер қарастырылады.

Қазақ халық ауыз әдебиті пәні қазақ халқының ертедегі наным-сенімін табиғаттың сырларын біліп түсіну, өзінше игеру және тұрмыс – тіршілігін жақсарту жолындағы күресі ғылыми тұрғыдан зерделеу арқылы пән мақсат-мұраттарына жетеді. Фолклортанудың негізгі ерекшелігі жинау, жариялау, зерттеу, тексеру, мәтінтануды меңгеру және практикада қолдана білуге дағдысын арттырады.

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет пәнінде Алаш ұпанды әдебиеттің көркемдік-эстетикалық даму үрдісіне тән басты бағыттар мен ерекшеліктер талданады. Әдеби дамудағы жанрлық түрленулер мен жаңашыл қадамдардың әдеби-эстетикалық, әдеби-тарихи маңызы қоғамдық дамудың өзекті мәселелерімен тығыз байланыста сараланады. Ояну дәуіріндегі ұлттық сөз өнерінің тақырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық даму өрісін тарихи сабақтастықпен меңгереді. Кеңестік тоталитарлық жүйе қысымындағы Алаш қалам қайраткерлерінің әдеби және ғылыми мұрасының қазіргі тәуелсіздік негіздерін бекітудегі тарихи құндылығы екшеледі.

Кеңес дәуіріндегі көрнекті өкілдері ретінде Мағжан, Жүсіпбек, Сәкендерден бастап, Ә. Кекілбаев, М. Мағауинге дейін отыз үш қаламгердің шығармашылғы қамтылады.



ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті пәні қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдың тұсындағы (1941-2000) әдеби процесс пен әдебиет тарихы жөніндегі хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім береді. ХХ ғасырдың орта тұсынан кейінгі басты-басты әдеби шығармаларды идеялық, жанрлық, көркемдік - бейнелеу тәсілдері тұрғысынан талдап, шеберлік мәселелеріне байланысты бағалай білу студенттердің өз пікірлерін қалыптастыруына жағдай жасайды.

Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: ауыз әдебиетінің жанрлық жүйелерін жан-жақты саралай білу; қазақ әдебиетінің тарихы туралы сыни және ғылыми еңбектерімен танысып, зерттеу жұмысын жасай білуі керек. Қазақ әдебиетінің 1960 жалдардан кейінгі кезеңінен алған білімдерін студент нақты іс-тәжірибеде пайдалана алады, анықтама әдебиеттермен жұмыс істей білу.

Білуі тиіс: фольклорлық мұраларды образдық, көркемдік-эстетикалық сипаттарына қарай жіктей білу; қазақ әдебиетінің көркемдік дамудағы дәстүр арналарының тарихи сабақтастығын игеру. Ежелгі және хандық дәуірдегі, ХІХ, ХХ ғасыр әдебиетінің негізгі көркемдік даму арналарының тарихын, теориялық мәселелерін білу. ХХ ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі әдебиетінің типологиялық қырларын, жаңа тенденцияларын, жанрлық ерекшеліктерін білу керек

Дағдылары болуы тиіс: фольклор үлгілері халық өлеңдері, эпостар мен лиро - эпостар, халық ертегілері мен аңыздардың өзіндік сипаттарын әдеби-теориялық тұрғыдан саралай алу; фольклорлық мұраларды образдық, көркемдік-эстетикалық сипаттарына қарай жіктей білу; YІ-ІХ ғасырлардан бастау алатын көне түркі әдебиетінің ХІІІ-ХY ғасырлардағы Алтын Орда дәуіріне дейінгі аралықтағы әдеби жәдігірліктердің әдеби-тарихи сипаттағы маңызын жүйелі қамту және қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің тарихи мәнін ашу. Анықтама әдебиеттермен, ХХ ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі әдебиетіне арналған ғылыми еңбектермен жұмыс істей білу, әдебиеттегі эстетикалық жаңа құбылыстарын түсіндіру.

Құзыретті болуы тиіс: қазақ фольклорының тарихын, ауыз әдебиетінің бай мұрасын меңгере отырып, сабақ барысында қолдану; қазақ әдебиетінің шығу тегін, тарихи негіздерін оқытуда пайдалана алу.

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Төрт семестр

Әдебиеттер

1. Рахымов Б.С., Айтбаева Б.М. Батырлық жырлардағы ажарлаудың қызметі.- Алматы: Аманат, 2014.

  1. Шешендік өнер. - Алматы, 2012.

3. Тамабаева Қ.Ө. Көркем шығарма және оны талдау. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 157 б.

4. Есембеков Т.О. Көркем мәтін теориясы. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2015. - 185 б.

5. Желдербаева, С. Мәнерлеп оқу. - Алматы : Рауан, 2013. - 119 б.

6. Көпрүлу Ф. Түркі әдебиетінде алғашқы сопы-ақындар. - Түркістан: Б.ж., 2017. - 173 б.

7. Әбілұлы М. Ежелгі сақ дәуіріндегі балалар әдебиеті. - Алматы: Эверо, - 2015. - 212 б.

8. Тілепов Ж. ХIV-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. - Алматы: Дәуір, 2015. - 388 б.

9. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. - Алматы: Рауан, 2013. - 455 б.

10. Әбдуов М. І. Халық ақындары және фольклор. - Қарағанды: ҚарМУ басп. , 2014. - 145 б.

11. Жұмағұлов, А. Б. Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы. - Қарағанды: Tengri Ltd, 2012. - 154 б.

12.Тапанова С. Қазіргі қазақ әдебиеті (1917-1990 ж.ж.). - Алматы : Эпиграф, 2016. - 324 б.

13. Кенжебаева А. Ә. ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы қытай әдебиеті. - Алматы: CyberSmith, 2017. - 97 б.

14. Тамабаева Қ.Ө. Тәуелсіз ел әдебиетінің даму ерекшелігі. - Алматы: Эверо, 2014. - 152 б.

15. Жұмағұлов А. Б. Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы. - Алматы: Эпиграф, 2016. - 205 б.

16. Жарылғапов Ж. Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. - Алматы: Эпиграф, 2016. - 164 б.



Жаңартылған күні

31.08.17 ж

8-модуль. Оқыту әдістемесі


Модуль атауы және шифры

Оқыту әдістемесі, МММ-8

Модульға жауапты

Қазанбаева А.З., Рүстемова Ж.А., Ажарбекова Э.Н.

Модуль түрі

Мамандық бойынша міндетті модульдер

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

5-семестр – 5 сағат

Кредиттер саны

5

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

5

Білім алушылардың саны

10

Модуль пререквизиттері

Педагогика, Психология, Оқушылардың физиологиялық дамуы

Модуль мазмұны

Қазіргі әдістеме ғылымының өзекті мәселелері. Көрнекті әдіскер ғалымдардың мұрасы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары. Қазақ тілінің фонетикасын, лексика мен фразеологиясын, сөзжасамды, морфологияны оқыту әдістемесі, синтаксисті оқыту әдістемесі. Орфография мне пунктуацияны оқыту әдістемесі.Тіл ұстарту әдістемесі. Сынақ жұмыстары және олардың түрлері. Қазақ тілін оқыту құралдары. Қазақ тілінің оқу жұмысын ұйымдастыру.

Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы, жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы, әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи әдеби курсты жоспарлау әдістері, әдебиетті оқыту әдістері, көркем шығарманы оқыту, эпикалық шығармаларды оқыту, драмалық шығармаларды оқыту, лириканы оқыту, әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері, әдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары, әдебиет сабағының көрнекілігі, әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар, мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика мәселелері қарастырылады.



Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: мектептегі тәрбие үрдісі және оның сипаттамасы туралы білу; сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекет бағыттары мен қызметтерін білу; тәрбие жүйелерін құра білудің әдістемесін білу; - тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формаларын таңдай білу; жалпы білім беретін орта мектептің оқушыларымен тәрбие жұмыстарын жүргізу әдістемесін білу; тәрбиелік шараларды өткізу әдістемесін білу; оқушылар ұжымын ұйымдастыру әдістемесін білу; тәрбие шаларалын ұйымдастыруда тәрбиенің қазіргі технологияларын қолдана білу; жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәлімет пен практикалық дағдылар туралы түсініктерді игеру. Қазақ әдебиетін педагогика және психологиямен байланыста оқыта отырып, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін, формаларын меңгереді.

Білуі тиіс: тәрбие жұмысын кешенді жоспарлау, тәрбие процесінің мазмұнын негізді таңдау, тәрбие әдістерін, құралдарын және формаларын тиімді таңдау; әдеби жазу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізуді игеру. Әдебиетте оқытуда әдіс-тәсілдер, ұстанымдар, оқытудың формалары мен түрлерін меңгеру және ерекшеліктері мен тиімді тұстарын айқындау.

Дағдылары болуы тиіс: тәрбиенің мәдени-тарихи феномен ретіндегі мәні; тәрбиелік жүйелердің мәні мен құрылымы; тәрбиенің әлеуметтік-мәдени ортасы; тәрбие технологиялары; психологиялық-педагогикалық диагностикалау; күнтізбелік жоспар жасай білу; сабақтық жоспар жасау тәжірибесін меңгеру. қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінен алған білімдерін практикада ұштастыра алады. Әдебиетті меңгертуде әдіс-тәсілдердің тиімділігін сараптай алуға дағдыланады.

Құзыретті болуы тиіс: тәрбие жұмысын жүзеге асыруда олардың заңдылықтары мен принциптерінің сәйкестігінде; ұжыммен және жеке студенттермен педагогикалық өзара әрекетті орнату. практикалық іс-әрекетте алынған білімдерін қолдану; жалпы білім берудің тәрбие жұмысының жүйелерін оқып үйрену дағдыларын алу мен оқушылармен жұмысты бақылау, талдау мен ұйымдастыру іскерлігін игеру. жалпы білім берудегі мұғалімнің тәрбиелік іс-әрекетінің мазмұны мен жүйесін білу; білім беру саласында әдебиеттің теориясы мен типологиясын біледі.

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Бір семестр

Әдебиеттер

1. Жапбаров А. Қазақ тілін оқытудың тәжірибелік әдіс-тәсілдері: жаттығу әдістері. - Алматы : Эпиграф, - 2016. - 220 б.

2. Қабылов, Ә. Қазақ тілінің лексикасын оқыту. - Алматы : CyberSmith, 2017. - 216 б.

3. Жапбаров А. Оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 252 б.

4. Байдибекова А. О. Интерактивті тақтаны оқыту әдістемесі. - Алматы : Эверо, 2015. - 101 б.

5. Ишанов П. З. Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекеттерін басқарудың теориясы мен практикасы. - Қарағанды : ЖК Боровский, 2014. - 118 б.

6. Жапбаров А. Оқушылардың орфографиялық икемділіктері мен дағдысын қалыптастыра оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 200 б.

7. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 244 б.

8. Панфилова А. П. Инновационные педагогические технологии. М.: Академия, 2013. - 192 с.

9. Бөрібекова, Ф. Б. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. - Алматы : Times, 2014. - 359 б.

10. Байтанасова, Қ. М. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. - Астана: Фолиант, 2012.



Жаңартылған күні

31.08.17 ж


9 модуль. Аударма негіздері және әдеби процесс


Модуль атауы және шифры

Аударма негіздері және әдеби процесс, МТМ-9

Модульға жауапты

Рапишева Ж.Д., Рүстемова Ж., Такиров С.У., Рахимов С.Б., Әділова А.С.

., уль түрі

Мамандық бойынша таңдау модульдері

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

6-семестр – 6 сағат., 8-семестр – 3 сағат

Кредиттер саны

9

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

6, 8

Білім алушылардың саны

10

Модуль пререквизиттері

Әдебиеттануға кіріспе, Ежелгі және хандық дәуірдегі қазақ әдебиеті тарихы, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

Модуль мазмұны

Балалар әдебиетіндегі басты кезеңдер. Балалар әдебиетіне тарихи оқиғалардың тигізген әсері. Қазіргі балалар әдеби процесіндегі негізгі тақырыптар. Белгілі бір кезең балалар әдебиетіне елеулі үлес қосқан ақын-жазушылар шығармашылығы.

Абайтану пәнінде ұлттық әдебиеттанудағы іргелі ілім абайтану қалыптасу жолдарының ғылыми өзекті мәселелерін жан-жақты игереді. Абай шығармашылығының ұлттық, шығыстық, батыстық дәстүрлік негіздерін меңгереді. Абай шығармашығындағы тақырыптардың сөз зергерінің мұрасын зерттеу контекстінде қарастырылу мәселелері. Ақын поэзиясын әдеби-тарихи, әдеби-теориялық талдаудың классикалық үлгісін ғылыми негіздеген Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Әуезұлы және кейінгі зерттеушілер мақала, еңбектерінің маңызы.

Аударматану мәселелері курсы аударманың теориясы мен тарихы туралы жалпы мәлімет, оның табиғаты жайлы түрлі көзқарастар, даму кезеңдері, аударма теориясының негізгі салалары мен аударма түрлері жайында мағлұмат береді.

«Стилистика» және «тіл мәдениеті» ұғымдары, стилистиканың негізгі ұғым-категориялары, тіл мәдениетінің салалары, тіл құралдарының стилистикалық қызметі, функционалдық стильдер, сөздің эмоционалды-стилистикалық және функционалдық-стилистикалық бояуы, троптар мен фигуралар.



Ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірдің даму жолдары мен әлем әдебиеті теориясының мәселелерін сабақтастықта қарастырып, көркем шығарманың мазмұны мен формасы, образдар жүйесі, жанрлар, поэтикалық тіл, өлең құрылысы т.б. теориялық ұғымдар мен категориялар қарастырылады.

Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: қазіргі дәуір балалар әдебиетінің бағыт-бағдарын, тақырып шеңберін, жанр ерекшеліктерін түсіну. Абай мұраларын тілдік тұрғыдан талдауды игеру, тілі деңгейлеріндегі фонетикалық, лексика-грамматикалық заңдылықтарды теориямен ұштастыра алады, аударматану тарихы, теориясы, практикасы, аударма заңдылықтары, сөздіктердің сипаты, түрлері, құрастырылуы, қазақ лексикографиясы мен терминографиясы мәселелері туралы білім алады. Әдеби туындыларды теориялық талдаудың ғылыми жолдарын меңгереді. Әдебиеттанудың ғылым ретіндегі тарихи даму заңдылығын игереді. Әдебиеттанудың ғылым ретіндегі тарихи даму заңдылығын меңгереді. Әдеби аудараманың қоғамдық қызметін, аударма және аудармаш міндеттерін айқындау. Сөзқолданыстағы стилистикалық және стилистикалық емес қателерді жібермеуге үйрету

Білуі тиіс: балалар әдебиеті дамуындағы ағымдардың туу жолдары мен шығармашылық ізденістерін білу. Абайдың ақындық мұрасының қазақ әдебиетінде қалыптастырған дәстүрлерін көркемдік сабақтастық тұрғыдан талдай білу. Аударылатын тілдік жүйелердің барлық деңгейінде кездесетін ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тауып, олардың аударылу тәсілдерін меңгереді; Әдебиет теориясының даму арналарын айқындау, әдебиеттің қоғамдық сана мен өнер түрі ретінде ерекшелігін аша білу. Әдеби аударма ғылымының теориясы мен тарихы, ғылыми-практикалық мәселелерін жан-жақты жүйелі игеруі шарт. Тіл құралдарының стилистикалық бояуы болатынын білу.

Дағдылары болуы тиіс: көркем туындыларды әдеби-теориялық тұрғыдан талдай білу. сауатты аударма жасауға дағдыланады, Абай мұраларын әдеби және тілдік тұрғыдан талдау. Сөз өнеріне қосылған көркем шығармаларды талдаудың ғылыми принциптеріне теориялық тұрғыдан дәйекті дәлелдеу мен әдебиеттану ғылымындағы терминдер мен түсініктер жүйесін қамту. Мәдениеттер мен ғаламдық өркениеттер тоғысындағы аударма саласының маңызын, аударманың қоғамдық қызметін талдау.

Құзыретті болуы тиіс: қазіргі дәуір балалар әдебиетін өзіндік ерекшеліктеріне қарай танып білу. Аударма теориясына байланысты алған білімдерін тәжірибе кезінде, кәсіби қызметінде қолдана алады. Абайтанудың даму жолдары мен қазіргі даму сипаттарын айқындай алуды білім беру саласындағы әдебиетті оқытуда, көркем шығармаларды талдауда қазақ әдебиетін теориялық тұрғыдан сараптауда, әдеби аударма негізінен алған білімдерін кәсіби мақсатта пайдалана алады.

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Екі семестр

Әдебиеттер

1. Рүстемова Ж. А. Қазақ балалар әдебиеті [Мєтін] : оқулық / Ж. А. Рүстемова. - Алматы : Эверо, 2015. - 269 б.

2. Аударманың өзекті мәселелері: ғылыми басылым / құраст. С. Құлманов. - Алматы : Palitra-Press, 2015. - 296 б.

3. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. – Алматы: «Дәуір-Кітап», 2013. – 240 б.

4. Қанабекова М.Қ. Қазақ тілі стилистикасының негіздері: оқу құралы/– Алматы: «Қыздар университеті» баспасы, 2013. – 258 бет.

5. Әділова А.С. Қабылдау стилистикасы / - Алматы: Эверо, 2016. – 128 б.

6. Такиров, С. У. Әдеби сын белестері: ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы әдеби сын мәселелері: монография. - Алматы: Эверо, 2014. - 151 б.

7. Жарылғапов Ж.Ж. Жанр және көркемдік әдіс. -Алматы: Эверо, 2014.

8. Ыбырайым Ә.О. Стилистика және редакциялау. - Алматы: Дәуір, 2014.

9. Қапасова, Б. Қ. Тіл мәдениеті. Шешендік өнер. - Алматы: Дәуір, 2014.

10. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 2014.



Жаңартылған күні

31.08.17 ж


10-модуль. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі және әдебиеттану


Модуль атауы және шифры

Салыстырмалы-тарихи тіл білімі және әдебиеттану, МТМ-10

Модульға жауапты

Әділова А.С., Мажитаева Ш.М., Жарылғапов Ж.Ж., Қалиев Б.А., Рапишева Ж.Д., Жұмагелдин Ж.Ш.

Модуль түрі

Таңдау

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

4-семестр – 3 сағат, 6-семестр- 3 сағат, 8-семестр – 12 сағат.

Кредиттер саны

18

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

4, 6, 8

Білім алушылардың саны

10

Модуль пререквизиттері

Қазақ халық ауыз әдебиеті, Ежелгі және қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті, Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, орфографиясы және пунктуациясы, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

Модуль мазмұны

Салғастырмалы грамматика курсында қазақ және орыс тілдеріндегі грамматикалық құбылыстарды салыстыра-салғастыра оқытады. Орыс тілді мектептерде қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктерін орыс тілі құбылыстарымен салыстыра оқытуға үйретеді, оларды қазақша сөйлеуде қолдана білу жолдарын қарастырады.

Қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдері нормаларымен танысып, сөйлеу тіл мәдениеті жетіледі;.

Жалпы тіл білім курсы тіл ғылымының теориялық-методологиялық негізі болып табылады. Онда алдымен, тіл білімінің қалыптасу, даму тарихы, өзіндік кезеңдері, олардағы лингвистикалық ой-пікірлер, алғашқы тілдік зерттеулерден бастап бүгінге дейінгі лингвистиканың қол жеткен табыстары мен нәтижелері сөз болады. Тіл теориясының негізгі проблемаларынан терең филологиялық білім беру көзделеді.

Шетел әдебиетінің тарихы пәнінде әлем әдебиетінен, орыс тілінен тікелей қазақ тіліне аударылған шығармаларды жанрлық ерекшелігіне қарай талдап, зерттеу, студенттерді туындысы аударылған ақын, жазушының әдебиеттегі жолымен, әдеби тәсілімен, шығармасының жанрлық сипатымен, көркемдік маңыздылығымен, ерекшелігімен таныстыру, классикалық мұралардың көркемдік құндылығы, танымдық-тағылымдық ерекшелігі, эстетикалық, философиялық сипаты қарастырылады. Батыс және Шығыс Еуропадағы құнды классикалық әдеби мұралармен жете таныстырады. Әлем әдебиетіндегі классикалық туындылардың жетістіктері мен құндылықтары нақты жүйеленіп, ақын-жазушылардың шығармашылық лабораториясы жан-жақты зерттелінеді.

Қазақ әдеби сынының тарихы пәні бойынша ұлттық сыншылдық-эстетикалық ой-пікірдің туу, қалыптасу және даму кезеңдері оқытылады. Ол жолда сыншылдық көзқарастың алғашқы пайда болуынан бастап, жеке жанр ретінде қалыптасуы, баспасөз және сын, сын жанрларының тууы секілді мәселелер сараланады. Кеңес дәуіріндегі соцреализм ықпалындағы сын-зерттеулерге бүгінгі таңдағы көзқарас бойынша бағалау жасалып, сыншы-әдебиетшілер шығармашылығы .

Ұлы ақынның адамгершілік мұратын ұлттық және адамзаттық гуманизм өнегесі тұрғысынан байыптау, Абай шығармашығындағы ұлт тағдыры сынды күрделі тақырыптардың сөз зергерінің мұрасын зерттеу контекстінде қарастырылу үрдісін айқындау мәселелерін алға тартады.



Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: сөйлеу стилі, типі, жанрлары мен орыс тіліндегі ауызша және жазбаша тілдің формаларын жүзеге асыру, сөйлеу стилінің түрлі функционалдық сөйлесімдерінің синтаксистік және морфологиялық, лексикалық ерекшелктерін игеру. Тілдің қалыптасу жолдары мен заңдылықтары бойынша білімдері толығады, біліктілігі жетіледі. Қазақ тілінің құрылымдық жүйесі туралы, қазақ және орыс (шетел) тілдеріндегі грамматикалық ұқсастықтар мен ерекшеліктер туралы білім алады; тіл білімінен алған жалпы теориялық білімдерін жетілдіре, тереңдете түсу.

Білуі тиіс: Қазақ тілінің стильдік құралдары, негізгі стильдік ұғымдары, әдеби тіл және оның нормалары, функционалдық стильдері, сөйлеу мәдениеті, сөзқолданыс мәдениеті туралы жүйелі білім алады. Әдеби тіл туралы жалпы мәлімет, оның табиғаты жайлы түрлі көзқарастар, оған беріліп жүрген анықтамалар; қазақ әдеби тілінің зерттелу тарихы, пайда болу кезеңдері, алғашқы арналары, қандай негізде қалыптасқаны, даму сатылары жайында білім береді. Тілдік жүйелердің барлық деңгейінде кездесетін ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тауып, оларды салыстыру, салғастыру тәсілдерін меңгереді; алған білімдерін кәсіби тұрғыда, түрлі коммуникативтік жағдайларда қолдана алу; тілдің тарихи даму жолын, заңдылықтарын толық түсінуге баулу; жалпы тілдік теориялардың шығу негізін танып білу, үйрену.

Дағдылары болуы тиіс: әдеби тілінің нормаларын білуге, сақтауға, стилистикалық және стилистикалық емес қателерді ажырата алуға және болдырмауға дағдыландырады. Қазақ тілі бойынша кешенді лингвистикалық талдау жасауға дағдылану; тілдің адам қоғамында атқаратын рөлін зерделеу, тілді зерттеуде қолданылған әдіс-тәсілдер, мектеп-бағыттар тарихынан хабардар болу. Қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдері нормаларымен танысып, сөйлеу тіл мәдениеті жетіледі;.

Құзыретті болуы тиіс тіл саясатына байланысты әдеби тілдің дамуына әсерін тигізетін ішкі (тілдік) және сыртқы (тілдік емес) жағдаяттарды түсінуде: қазақ тілінде сөйлеу мәдениетін теориялық және практикалық тұрғыда ұштап, сөз жұмсау өнерін меңгерту. Қазақ тілінің барлық саласы бойынша білімдерін бекітуге, толықтыруға, тереңдетуге негіз ретінде пайдалану; алған білімдерін тіл мәдениеті, стилистика және әдеби тіл нормаларын анықтауда пайдалана алу, тәжірибе кезінде қолдана білу. Білім беру саласында әлемдік әдебиетті оқытуда, қазіргі қазақ әдебиетінің жаңа тенденциялары туралы білімді меңгертуде. қолдана алады.

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Үш семестр

Әдебиеттер

1. Манкеева Ж. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 638 б.

2. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. – Алматы: «Дәуір-Кітап», 2013. – 240 б.

3. ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы: Қазығұрт, 2013. - 639 б.

4. Исаев С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 638 б.

5. Адилова А. С. Көркем мәтіндердегі цитация құбылысы. - Алматы : Эверо , 2015. - 249 б.

6. Адилова А. С. Қазіргі қазақ көркем мәтіндеріндегі цитация құбылысы немесе мәтін ішіндегі мәтін. - Қарағанды : ҚарМУ баспасы, 2012. - 261 б.

7. Алефиренко Н.Ф., Голованева М.А., Озерова Е.Г., Чумак-Жунь И.И. Текст и дискурс. – М.. Флинта, Наука, 2012. – 232 с.

Сулейменова Э.Р, Амренова Р.С., Таусоғарова А.Қ., Каирбекова И.С. Ментальді таңбаланған концептілер. – Көкшетау: «Мир печати», 2014. – 240 б.

8. Қалиев Б.А. Лингвистика ілімдерінің тарихы. Электронды дәрістер курсы. Қарағанды, № 5936, 2012.

9. Березин М.Ф. Общее языкознание. – М: Альянс, 2014. – 416 c.

10. Данильенко В.П. Общее языкознание и история языкознания. – М: Флинта, 2016. – 272 с.

11. Мұсаұлы Ж., Әміренова Р.С. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы. - Көкшетау, 2013.
12 . Ысқақұлы Д. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы: «СДУ баспасы», 2013.

13. Смағұлов, Ж. Қ. ХХ ғасырдың қырқыншы-алпысыншы жылдарындағы сын және әдебиеттану: оқу құралы / Ж. Қ. Смағұлов , Қ. С. Қалыбекова, С. У. Такиров ; Қарағанды мемлекеттік техникалық ун-ті. - Қарағанды : Арко, 2015. - 372 б.

3. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 2014.

14. Смағұлов Ж.Қ. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы. – Алматы: Эверо, 2014.

15. Қобланов Ж. Т. Шетел әдебиетінің тарихы. - Алматы : Бастау, 2015. - 196 б.

16. Тарақов Ә. С. Әлем әдебиеті және көркем аударма. - Алматы: Қазақ ун-ті, 2014. - 354 б.

17. Қазақ тіл білімі: лингвистикалық парадигмалар және лингводидактика. – Алматы, 2014.

18. Гончарова Л.М. Основы теории коммуникации. - М.: НИЦ ИНФРА-М, 2013. - 352 c.



19. Нахимова Е.А. Основы теории коммуникации. - М.: Флинта, 2015. - 164 c.

Жаңартылған күні

31.08.17 ж

11-модуль. Құжаттану және құқық


Модуль атауы және шифры

Оқытудың қосысша түрі, ҚМ-11

Модульға жауапты

Рапишева Ж.Д., Какимова М.Ш.

Модуль түрі

Қосымша оқыту түрі

Модуль деңгейі

BA

Апта ішіндегі сағат саны

3-семестр – 2 сағат, 4-семестр – 2 сағат

Кредиттер саны

4

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

3, 4

Білім алушылардың саны

10

Модуль пререквизиттері

Қазақ тілі, Тіл мәдениеті, Құқық негіздері

Модуль мазмұны

Студенттерді өз мамандығы бойынша құжаттарды және мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізе алуға үйрету. Мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету. Өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эсселер жазуға үйрету, мамандық бойынша мәтіндерді, нұсқауларды оқып, түсінуге үйрету, мемлекеттік тілде іс қағаздарын сауатты жазуға машықтандыру, әр түрлі стильде жазылған мәтін түрлерін, өз мамандығы бойынша құжаттардан негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру, қазақ тіліндегі кәсіби бағдарлы іс қағаздарды, нұсқауларды оқып, түсіну қабілетін қалыптастыру, аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету. «Жемқорлық» түсінігінің теориялық-әдістемелік негіздері, Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қатынастарының жетілуі шарты негізіндегі жемқорлыққа қарсы тұру, жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың этникалық ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлық әрекет үшін құқықтық жауапкершілік, әртүрлі сфералардағы сыбайлас жемқорлық үшін моральдық-этикалық жауапкершілік, діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты сияқты түсініктерді меңгерту.

Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: кәсіптік қарым-қатынаста тіл жүйесінің дыбыстау, лексикалық-фразеологиялық, грамматикалық ерекшеліктерін игеру; өз мамандығына қатысты құжаттарды қазақ тілінде сауатты толтыруға машықтану және дұрыс аударма жасай білу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың этникалық ерекшеліктері, төтенше жағдайлар кезіндедәрігерге дейін көмек көрсету.сыбайлас жемқорлық әрекет үшін құқықтық жауапкершілік.

Білуі тиіс: мамандығына байланысты терминологияны меңгеріп, кәсіби сөйлеу жағдаяттары бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейтіп, сөздерді еркін пайдалана білу, ісқағаздарды сауатты толтыра білу, хабарламаларды, жаңалықтарды, нұсқауларды оқып, түсіну, ол туралы айта білу, әр түрлі стильде жазылған мәтіндер, өз мамандықтарына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу. «Жемқорлық» түсінігінің теориялық-әдістемелік негіздерін, жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктерін біледі. Кәсіби қызмет саласында коммуникативтік құзыреттілігін тиімді пайдалана білу.

Дағдылары болуы тиіс: Сөйлеу әрекетінің 4 түрін толық меңгеріп, оны кәсіби қарым-қатынаста пайдалана білу: монолог; диалог түрлерін (хабар алмасу, пікір алысу, сұрақ-жауап, пікірталасқа араласу) меңгеру; тыңдалған мәтіннен тұлғалық, кәсіби бағалы ақпаратты бөліп ала білу, кәсіби бағыттағы сөздіктерді еркін пайдалана және сауатты түрде аударма жасай білу және мемлекеттік тілде ісқағаздарымен жұмыс жасай білу, әр түрлі кәсіби қарым-қатынас жағдайында аударма жасай білу құқықтық және мемлекеттік құбылыстар туралы білімдерді өздігінше дамыту қабілеттілігі, нормативті-құқықтық актілермен жұмыс істеу дағдысын алу,. Әртүрлі сфералардағы сыбайлас жемқорлық үшін моральдық-этикалық жауапкершілік, діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты сияқты түсініктерді меңгерту,

Құзыретті болуы тиіс: Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қатынастарының жетілуі шарты негізіндегі жемқорлыққа қарсы тұруға үйренеді, коммуникативтік, лингвистикалық, грамматикалық, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру; құқық және заңдардың жүйелілігін түсіну, қазіргі Қазақстандық заңдар нормалары негізінде әрекет тәртібін анықтауға үйрену, құқық нормасын позитивті қабылдау.

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Екі семестр

Әдебиеттер

1. Бектасова, Ж. Т. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. - Алматы: Эпиграф, 2016. - 124 б.

2. Әбутәліп, О. М. Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу. - Астана: Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, 2013. - 272 б.

3. Егіншебаева Н. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. – Алматы, 2012.

4. Қасымбеков М. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу. – Көкшетау, 2012.

5. Смағұлов, А. А. Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес проблемалары. - Астана: АртPrint XXI, 2012. - 262 б.

6. Турдалиев, Ә. О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы. - Алматы : CyberSmith, 2017. - 371 б.

7. Құқық негіздері / Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық ун-ті; ред. Б.Ө.Алтынбасов. - Астана: Мастер ПО, 2014. - 348 б.

8. Ғаламдану жағдайындағы құқықтық мемлекет: ғылыми еңбектер жинағы = Правовое государство в условиях глобализации: сб. науч. тр. / Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік ун-ті; құраст. А. В. Турлаев. - Қарағанды: Tengri , 2016. - 198 б.

9. Оспанов, Қ. И. Құқық негіздері. - Алматы: Жеті жарғы, 2014. - 303 б.



10. Матузов Н.И. Мемлекет және құқық теориясы: оқулық. - Алматы, 2013.

Жаңартылған күні

31.08.17 ж



12-модуль. Практика


Модуль атауы және шифры

Практика, ҚОТ-12

Модульға жауапты

Рахимов Б.С., Қалиев Б.А., Жұмагелдин Ж.Ш.

Модуль түрі

Қосымша оқу түрлері

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

1-семестр – 1 апта, 2-семестр – 1 апта, 4 семестр - 1 апта, 6-семестр – 2 апта, 7-семестр – 13 апта

Кредиттер саны

20

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

1, 2, 4, 6, 7

Білім алушылардың саны

10

Модуль пререквизиттері

Қазақ халық ауыз әдебиеті, Қазақ диалектологиясы, Тіл біліміне кіріспе, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі, Педагогика, Психология

Модуль мазмұны

Оқу, педагогикалық және дипломалды іс-тәжірибелері көп деңгейлі оқыту жүйесіне сәйкес жоғары білімді маман дайындаудың ең негізгі бөлігін құрайды. Оқытудың аталмыш түрі ЖОО-да студенттердің игерген теориялық білімі мен әр түрлі деңгейдегі мектептерде олардың өз бетімен жұмыс істеу үдерісін байланыстырады. Ол студентке меңгерген білім қорын байытып, іскерліктері мен таңдаған мамандығы бойынша қалыптасқан дағдыларын жетілдіруге және дербес педагогикалық қабілеттерін арттыруға мейлінше қолайлы мүмкіншілік туғызады. Студенттерді оқытушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жоғары оқу орнында психологиялық-педагогикалық пәндерден, арнайы әдістемеден және негізгі пәндерден алған білімдерін жан-жақты қолдануға үйретеді

Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: оқу үдерісін, оқу-әдістемелік, тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырудың озық тәжірибесін жинақтап қорытуға және таратуға, оқытудың техникалық құралдарын қолдануға үйренеді. Орта мектеп-гимназия мен лицейлерде оқушылардың танымдық, кәсіби еңбегін жандандыратын әр түрлі типтегі және әдістегі оқу жұмыстарын жоспарлау мен жүргізуді игереді. Іс-тәжірибеден өту барысында жиналған зерттеу жұмыстарын, мәліметтерді талдап және жүйелеп, белгілі бір теориялық тұжырымдар жасауы жұмыстарын жоспарлай білуді, топтастыруды және қорытындылай білуді игереді.

Білуі тиіс: студенттің сабақ жүргізгенде және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуде ұстазға керекті педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды жете меңгере білуі керек. Студент диплом жұмысының тақырыбын аша білуі, оны талдап, баяндай білуі, зерттеу жұмысын жазу барысында қолданылған атау, ұғым терминдердің анықтамаларын түсіндіре білуі керек.

Дағдылары болуы тиіс: мамандық бойынша кәсіби қызмет тәжірибесі мен іс-тәжірибелік дағдыларын, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу мақсатында ғылыми-зерттеушілік дағдыларын қалыптастырады.

Құзыретті болуы тиіс: Студент іс-тәжірибе кезінде алған педагогикалық іскерліктер мен дағдыларын орта мектеп-гимназия мен лицейлерде, кәсіби мектептерде бағыт-бағдар ретінде пайдалана алады. Іс-тәжірибенің қорытындысын диплом жұмысын (жоба) жазуда қолдана алады.

Қорытынды бақылау формасы

Диф.сынақ

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

18 апта

Әдебиеттер

1. 2007 жылдың 27 шілдесіндегі (2015 жылдың 12 сәуіріндегі өзгертулер мен толықтырулармен) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;

2. ҚР БҒМ «Кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу ережесі мен іс-тәжірибе базасы ретіндегі ұйымды анықтау Ережелерін бекіту туралы» №107 2016 жылғы 29 қаңтардағы бұйрығы. Астана, 2016.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ білім алушыларының кәсіби іс-тәжірибесі туралы ереже. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2017.

3. Қалиев Б.А. Педагогикалық іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011. – 17 б.

4. Қалиев Б.А. Тілтанымдық іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011. – 19 б.

5. Қалиев Б.А. Диалектологиялық іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012. – 26 б.



Жаңартылған күні

31.08.17 ж


13 модуль. Мемлекеттік аттестация


Модуль атауы және шифры

Мемлекеттік аттестация, МКА-13

Модульға жауапты

Жарылғапов Ж.Ж., Мажитаева Ш.М.

Модуль түрі

Меммлекеттік аттестация

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

2-4 апта

Кредиттер саны

3

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

8

Білім алушылардың саны

10

Модуль пререквизиттері

Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі, Педагогика, Психология

Модуль мазмұны

Мемлекеттік емтиханға дайындалу барысында, емтиханды тапсыру кезеңінде және тапсырып болғаннан кейін студенттің барлық оқыған пәндерінен алған білімін қолданып белгілі бір құбылысты, процесті, жағдайды түсіндіре алу қабілетімен ойларын жинақтап тұжырымдай білу іскерлігін қалыптастырады

Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: мемлекеттік емтиханға дайындалу барысында, емтиханды тапсыру кезеңінде және тапсырып болғаннан кейін студенттің барлық оқыған пәндерінен алған білімін қолданып белгілі бір құбылысты, процесті, жағдайды түсіндіре алу қабілетімен ойларын жинақтап тұжырымдай білу іскерлігі қалыптасады. Өздік жүмысты жүргізу қабілеттілігін арттыру және диплом жұмысын орындау барысында қарастырылатын сұрақтар мен мәселелерді шешуде қажетті зерттеу әдістемелерін игереді.

Білуі тиіс: Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі бойынша алған білімдерінің жиынтығын, нәтижесін көрсете білуі және бойында қалыптасқан білім, іскерлік, дағдыны жүйелеп, қорытындылай алуы қажет. студент өзінің білім деңгейіне байланысты тақырып таңдай білуі, тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтарға өзінің көзқарасымен жауап қайтару, әртүрлі пікірлерді жан-жақты ашып көрсету және өзінің осыған қатынасын қалыптастыра білуі керек.

Дағдылары болуы тиіс: мемлекеттік емтиханға дайындалу барысында оқу материалын дұрыс аңғарып, дұрыс тұжырымдап, теориялық білімді практикада жаңа сұрақтарды түсіндіруде қолданып, түрі өзгерген сұрақтарға жауап бере білуге, студент диплом жүмысын орындауы барысында зерттелген объектінің материялдары негізінде өз ойын білдіре алу қабілетіне, негізгі мәселелерді айқындауға және корытындыларды және ұсынылымдарды қалыптастыра білуге дағдыланады.

Құзыретті болуы тиіс: алған білімдерін емтихан тапсыру барысында, келешекте жұмыс орнында немесе ЖОО кейінгі білім алу барысында қолдана алады. Сонымен қатар студент өзінің біліктілік талабына сай білім сапасын анықтай алады.

Қорытынды бақылау формасы

Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан, диплом жұмысын (жоба) қорғау

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

4 апта

Әдебиеттер

1. ҚР МЖМБС 6.08.077.-2010, Астана

2. №343 2013 жылғы 16 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен №425 05 маусым 2016 жылғы) ҚР БҒМ бұйрығы негізінде типтік оқу жоспары

3. ҚР Үкіметінің №1080 2012 жылғы 23 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен 13 мамыр 2016 жылғы №292) бұйрығы. Астана, 2016

5. ҚР БҒМ «Кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» №152 2012 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығы. Астана, 2012



Жаңартылған күні

31.08.17 ж



Каталог: file -> facultet
facultet -> Білім беру бағдарламасы деңгейі: Магистратура Академиялық дәреже «6М060600 Химия»
facultet -> Білім беру бағдарламасы деңгейі: Бакалавриат Академиялық дәреже «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті»
facultet -> Білім беру бағдарламасы деңгейі: Бакалавриат Академиялық дәреже «5В011200 Химия» мамандығы бойынша білім беру бакалавры
facultet -> Білім беру бағдарламасы «5B050800-Есеп және аудит»
facultet -> Программа по специальности «5В090200-Туризм»
facultet -> Программа по специальности «5В091200-Ресторанное дело и гостиничный бизнес»
facultet -> Образовательная программа по специальности «5В051100 Маркетинг»
facultet -> Образовательная программа по специальности «5В090900 Логистика»
facultet -> «5В071700-Жылу энергетикасы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет