5В050400-«Журналистика» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламалары



Pdf көрінісі
бет2/365
Дата29.04.2020
өлшемі1,69 Mb.
#65135
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   365
Байланысты:
5В050400-Журналистика

КKТ 2201 КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ 
 
көлемі 2 кредит 
 
Авторлар: 
саясаттану ғылымдарының докторы, профессор м.а. Сұлтанбаева Г.С. 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Егізбаева Н.Ж. 
 
Пікір жазғандар 
филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 
прфессоры Нұрғожина Ш.И. 
философия ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ 
профессоры, ҚР ҰҒА корр-мүшесі Құлсариева А.Т. 
          
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
   
«Кәсіби  қазақ  тілі»    оқу  курсы  студенттерді  журналистика  қызметіне 
қажетті  түрлі  кәсіби  салада  әлеуметтік  қарым-қатынас  орнатуға  қажетті 
әдеби  тілді  игеруге,  кәсіби  қарым-қатынас  орнатуға,  сауатты  диалог 
жүргізуге  және  коммуникациялық  дағдыға  бейімдейтін  болашақ  кәсіби 
қызметке дайындайды.  
Аталмыш  курсты  дайындау  барысында  студент-журналистердің 
болашақ  кәсібін  қажетті  талаптар  мен  ерекшеліктер  ескерілді.    Бұған  дәлел 
тілдік  құралдарды  талдауда  функционалдық-стилистік  аспектісіне  ерекше 
мән берілгені.  
Пәнді оқу нәтижесінде студент:  
- әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрлерінің түрлі ерекшеліктерін;  
- қазіргі  заманғы  қазақ  тілінің  стилі,  ондағы  түрлі  тілдік  құралдарыды 
пайдалану ерекшелітерін;  
- «тілдік норма» үғымын, оның түрлері мен типтерін;  
- тіл тазалығы мен тіла анықтығы негізі ретінде лексикалық нормаларды;  
- логикалық 
сөйлеу  дағдысының  базасы  ретінде  синтактистік 
нормаларды білуі тиіс.  
Тәжірибелік  тұрғыда  студенттер  қазақ  тілінің  кәсіби  мәтіндерін 
талдауға,  мәтінге  стилистикалық  талдау  жасауға,  кәсіби  мәндегі  моноголог 
түрінде  ойын  жазуға,  мәтіндегі  қателерді  табуға,  жөндеуге,  сондай-ақ 
берілген  стильдік  және  жанрлық  тапсырмалар  бойынша  өзіндік  мәтін  құра 
білуге дағдылануы тиіс.  
Сонымен қатар, кәсіби құзіреттілікке мынадай:  
- лексикалық  және  грамматикалық  бірліктен  тұратын  семантикалық 
және стилистік ақпаратты дұрыс талдау, түсіндіру;  
- белгілі морфологиялық формаларды дұрыс талдау, түсіндіреу;  



 
- контекст  талабына  қарай  мәліметтерден  тұратын  мағыналық  бірліктер 
мен формаларды дұрыс таңдау, талдау;  
- бұқаралық  коммуникация  мәтіндерін  құрауда  осы  бірліктерді 
экспрессивті мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;  
- түрлі  жанрлық  сипаттағы  мәтіндерді  жазудың  заңдылықтары  мен 
құрылымын анықтау дағдылары жатады.   
Курс 2 кредитке арналған.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   365




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет