5В050400-«Журналистика» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламалары


Журналистиканың  пәрменділігі  мен  әсерлілігі.  Журналист  –



Pdf көрінісі
бет34/365
Дата29.04.2020
өлшемі1,69 Mb.
#65135
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   365
Байланысты:
5В050400-Журналистика

 
Журналистиканың  пәрменділігі  мен  әсерлілігі.  Журналист  –  
бұқаралық-ақпараттық қызмет субъекті 
Әлеуметтік  қажеттілікке  лайықтылық.  БАҚ-тың  өз  функцияларын 
байыпты  орындауы.  Нәтижелілік  және  бағалау  пайымы.  Журналист  сөзінің 
пәрменділігі –  бақылау, тікелей ұйымдастырушылық қызмет нәтижелілігінің 
көрінісі.  Бұқаралық  аудиторияға  әсер  ету,  әсерлілік  «формуласы». 
Журналистің  іс жүзінде ақырғы нәтижеге көңіл қоюы. 
Журналистік  қызметті  оңтайландыру  заңдылықтары.  Бұқаралық 
аудитория:  есепті,  реалды  және  потенциалды  аудиториялар.  Аудиторияның 
әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-мәдени және психологиялық сипатын 
анықтау. 
Әсерліліктің  шығармашылық  факторлары.  Журналист  қызметін 
тиімділендіру  мақсатында  әсерлілік  мәселесін  зерттеу  мүмкіндігі. 
Мәтіндердің  реалды  және  потенциалды  әсерлілігін  сараптау.  Сараптамалық 
қызмет  және  оның  пішіндері.  Әсерлілік  критерийлері  және  оны  зерттеудің 
әдістері. Әсерлілік пен пәрменділіктің өзара байланысы. 
Журналистика  деонтологиясы:  кәсіби  парасат  туралы  білім  жүйесі,  өз 
міндетін  атқарушы  тұлғаның  қасиеттері,  барлық  саладағы  БАҚ 
қызметкерлерінің мінез бен тәрбие формалары. 
Сыртқы  және  ішкі  жауапкершілік:  объективті  сипат  және  субъективті 
таным. Қоғамдық парыз және әлеуметтік позиция. Жауапкершілік пішіндері 
(азаматтық, құқықтық, этикалық) және оларды тәмсілдеу. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   365




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет