5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет6/6
Дата25.08.2017
өлшемі1,21 Mb.
#26668
1   2   3   4   5   6

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. «Буратино» тәсілі.

  2. Дауыстық әрлеу.

  3. Аудиторияны зерттеу жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.

Алматы., 1978
14 -Дәріс. МОНТАЖ.

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Акустикалық коллаж.

2. Тізбектелген монтаж.
Монтаж сөзі француз тілінен аударғанда екі мағына береді. Техникалық мағынасы - «алдын-ала жасалған жоспар бойынша, жоба, кескіндеме бойынша дайын бөлшектерден, басқа құрал-жабдықтардан машина құрастыру, құрылыстар тұрғызу, жөндеу жұмыстарын жасау». Екіншісі - «белгілі бір шығарманы жүйелеп жасау үшін әр түрлі бөлімдерді таңдап, оларды құрастыру, мысалы кинода сценарийде жазылған жүйе бойынша түсірілген фильмнің бөлшектерін таңдап алып, құрау».

Монтаж - хабарды алдын-ала жазу барысында техникалық құрал ретінде танылса, ал тікелей эфирде біртұтас қүрылымның өзіндік пішіні деп есептеледі, яғни хабардың жеке бөліктерін жалғау, сабақтастыру мәнінде қолданылады. Сонымен қатар үнтаспаға жазылған хабарды бір жүйеге түсіріп, артық-кемі жоқ толыққанды туындыға айналдыру процесінде іріктеу әдісі үлкен роль атқарады, ғалымның сөзімен айтсақ «іріктеу әдісі - бұл монтаж процесінің бастапқы нүктесі. Монтаж - бұл жекелеген бөліктерді жүйелеу, салыстыру, қарсы қою үшін біріктіру». Сонымен қатар төмендегідей талаптарды ескеру қажет:



а) монтаждық бөліктердің ішқі байланысы және олардың
ұқсастығы немесе қарама-қайшылығы;

ә) монтаждық бөліктердің бір-біріне деген эмоциялық қатынасы;

б) олардың ырғақты уақыттық мөлшері.

Монтаж жасаудын мүмкіндіктері әр жанрда алуан түрлі, яғни мәтінді жүйелеуден бастап, ұзақ сөздерді қысқарту, сәтсіз фрагменттерді алып тастау, техникалық жағынан дұрыс жазылмаған жерлерді үзіп алу, дыбыстық образды құрастыру.



Монтажды шығармашылық бағытта қолданудың тәсілдерін және оның қызмет формасын былайша көрсетуге болады:

Мәтінді қысқарту;

Авторлық мәтін мен деректі жазбалар үзінділерінің сабақтастығы негізінде құрылымдық өзгерістер жасау;

Белгілі бір уақытқа сығымдау;



Материалдың мазмұнына сәйқестендіріп, сонымен қатар автордың негізгі ойына сүйене отырып қажетті дыбыстық бейнелеуші құралдарды, декорацияларды қолдану;

Әр түрлі кеңістікті танытатын және уақытты көрсететін жазбалардың жоспарын құру, сол арқылы оқиғаның болған мерзімін, сол оқиға өткен жерді сөзбен мінездемелеп, әр қырынан суреттеу;



әр түрлі дыбыстық бейнелеуші (көркемдеу) құралдарын қарама-қарсы бағытта қолдану, яғни алуан түрлі пікірлердің, психологиялық тартыстардың, жоспарлардың, көріністердің қайшылығын көрсетуде шеберлікпен пайдалану;

Сюжет қозғалысында жүйелі, тізбекті, қатар жүру тәсілдерін қолдану;

Радиотуындының жиынтық қомпозициясын құру.

Монтаж кезінде дыбыс күші (жоғары, төмен, контраст), пауза, бейнелеуші құралдар (сөзді музыкамен көркемдеу, әр түрлі шуларды сабақтастыра пайдалану, олардың ұзақтығы) әр түрлі нұсқада қолданылады.

Хабар жасау барысында монтажды қолдану аясы жанрлардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сай, яғни атқаратын қызметі мен міндеті, стилистикалық және акустикалық өзгешеліктеріне орай анықталады.

Монтаж жанрлық қызметке тәуелді, белгілі бір мәселені шешу бағытына тәуелді, сонымен қатар жанрдың архитектоникасын, ішкі байланыстарын анықтап, алға қойылған шығармашылық міндеттердің іске асуына көмектеседі. Ақпараттық радиохабарда монтаж қарапайым, бірақ маңызды, яғни фактіні таңдап, іріктеу, мазмұндау, жалпы бағдарламаның құрылымында алатын орны сияқты пішінде танылады. Ал радиоәңгімеде, радиокомпозицияда монтаж дыбыстық образды құрастырудың басты құралы ретінде қолданылады.

Көркемдеу құралдары бір-бірімен тығыз байланысып әрі сабақтасып мазмұнды, акустикалық бірліктегі жиынтық туынды түзеді.

Монтаж түрлері:

1) Акустикалық - радиохабардағы жеке дыбыстық элементтерді
және дыбыстық үзінділерді бір құрылымдық жүйемен үнтаспада басын қосып, біріктіріп жазудың техникалық процесі. Сонымен қатар
мазмұндық және дыбыстық құрылымдар байланысының біртұтас
жүйесі, яғни драматургиялық конструкция қызметін атқарушы
жүйе. Монтаж автордың идеологиялық және эстетикалық позициясын көрсетуші, көркем ойын таныту әдісі және шындықты
шығармашылық ой елегінен өткізудің көрсеткіші.

Монтаж - деректі материалды көркемдеп ұйымдастырудың тәсілі. Бір пікірді бірнеше мағынада қолданып, әр оқиғаның мазмұнын бірнеше қырынан ашу үшін пайдалануға болады.



Монтажды тікелей эфирде де іске асыруға болады, яғни жалпыхалықтық, ұлттық сипаттағы хабарларды ұйымдастырудың, бір тақырыпты ашу аясында бірнеше хабарды бір-бірімен сабақтастыра беру. Бұл - монтажды қосақтастырып қатар қолдану түрі.

Тізбектелген монтаж - мән-мазмұны, эмоционалдық жағынан тығыз байланысқан дыбыстық фрагменттердің өз дербестігін, ішкі логикалық мазмұнын сақтай отырып бір жүйеге топтастыру. Бұл кинематографиядағы эпизодпен сәйкес келеді, яғни монтаждың жеке элементтері - кадрлар бір ырғақпен кезектесіп монтаждық фразаны құрайды. Ал радиода дыбыстық элементтер құрастырылып, жүйеленіп келіп қана оқиға жөнінде толық баяндалады, эпизодтар бірлесіп бір хабар ұйымдастырылады, бұл жерде ең басты ескеретін нәрсе айтар ойынды нақты, шынайы деректермен тұжырымдай білу қабілеті.

Акустикалық коллаж - әртүрлі фактуралық дыбыстық элементтердің басын қосу, нақты бір тарихи кезеңдегі оқиғаларды бейнелейтін деректі жазбаларды, цитаталарды, лозунгтарды, пікірлерді бүгінгі көзқарас тұрғысынан сөз ете отырып беру.

Монтаж дыбыстық образды құрастырудың басты құралы ретінде қолданылады.

Көркемдеу құралдары бір-бірімен тығыз байланысып әрі сабақтасып мазмұнды, акустикалық бірліктегі жиынтық туынды түзеді.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Акустикалық коллаж.

2. Тізбектелген монтаж.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.

Алматы., 1978
15 -Дәріс. ҚҰЖАТ НЕМЕСЕ ДЕРЕКТІК МАТЕРИАЛДАР, ОЛАРДЫҢ РАДИОХАБАРЛАР ҚҰРЫЛЫМЫНА ЕНГІЗУ, СТУДИЯ
Дәріс сабағының мазмұны:


  1. Деректі жазбалар.

  2. Қосарланған сюжет.

Деректі жазбалар – адамның жанды сөздері, сонымен қатар музыка мен шулар арқылы нақты оқиғаның ( уақытымен болған жері ) бар болмысын ашу мақсатын көздеген хабарлар. Бұлар екі мәнде қолданылады:



  1. бейнелеуші құрал ретінде, яғни оқиғаның мазмұнының толықтыра суреттеуге және оның психологиялық атмосферасын өз деңгейінде көрсетуге мүмкіндік береді;

  2. деректі жазба – фонодокумент болып табылады, хабардың шынайылығын танытудағы жеке әрі қосымша аргумент болып табылады.

Фонодокументті қолданудың мүмкіндіктерін қорытындылағанда оның юристік аспектісіне, яғни жазылып алынған оқиғаның ақиқаттығына назар аударып, содан кейін аудиторияны эмоциялық жағынан игеру мүмкіндігі сөз болуы тиіс.

Деректі жазба құжат сияқты радиохабар құрылымының сюжеттік әрі мазмұндық , мәндік негізін құрайды.

Мәтіндік құжаттарды қолданудың формалары:

радиохабардың мәтінін, құрылымын өзгертпей деректі жазба қосу, мысалы жаңа АЭС – ты іске қосу туралы репортажда осы туралы мемлекеттік органдар қабылдаған қаулылардан диктордың орындауында үзінділер беру;

керісінше, деректі жазбалар хабардың мазмұны мен сюжеттік негізін құрайды. Автордың сөзі, репортерлік жазбалар, музыка қосымша ретінде пайдалвнылады.

Қосарланған сюжет – радиохабардың құрылымы екі жеке сюжеттік, толық аяқталған бөлімдерден тұрады, бірінші –мәтіндік құжаттардан құралады, екінші – комментарийлерден, ойнақы эпизодтардан құрастырылған. Қосарланған сюжет радиоочеркте, радиокомпозицияда, радиоәңгімеде жиі қолданылады.

Радио үйінде сөздік, музыкалық, концерттік, әдеби – драмалық студиялар болады. Студия дегеніміз – дыбыстық хабарлардың жасалу процесі өтетін акустикалық жарақтандырылған арнайы бөлме. Студияның іші дыбыс өтпейтіндей етіп, шудың таралуын төмендететін, дыбыстық шағылуын бәсеңдететін құрылыс материалдармен қапталады. Аумағына, атқаратын қызметіне қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Студиялық ақпараттық бөлмеде – сөздік , дикторлық мәтін жазылады. (арт жағына қосу керек)

Монтаждық аппараттық бөлмеде – шағын хабарлар жасалады. Онда магнитафондар, монтаждық пульт, бақылаушы дыбыстық агрегат орналасқан.

Қайта жазу және күрделі монтаж аппараттық бөлмесінде – музыкалық, драмалық композициялар, эстрадалық, симфониялық т.б концерттер фонограммалары дайындалады. Мұндайда бірнеше магнитафондардан шыққан дыбыс сапасы реттеледі, яғни микшерлеу процесі жасалады, көп жолды магнитафондар дыбыстары жазылады. Әр түрлі дыбыстық әсерлер және жасанды жаңғырық жасалады. Ал, эстрадалық ансамбльдерді жазған уақытта бөлектеп жазуқолданылады. Мысалы, бірінші жолға ритмикалық топты(рояль, контрабас, қақпалы аспаптар – саксафон);екінші жолға – үрмелі аспаптар (труба, тромбол); үшінші жолға – саксафон; төртінші жолға – солист жазылады. Содан соң сигналдар магнитафондар студиядағы күшейткішке беріледі.Одан кейін синхронды дыбыс жазу үшін көпжолды магнитофоннан біржолды магнитаыонға көшіріледі.

Концерттік студия кең болуы тиіс, 80 – 100 адам еркін сиятындай болады. Мұнда жеке әншілерден бастап, түрлі хорларды, ұжымдар орындауындағы бұл орында қанша жақсы жарақтандырылғанымен де студиялық «атмосфераның» сақталуы жиі кездеседі. Студиялық « атмосфера» деген – айналадағы қоршаған ортадан пайда болатын, дыбыс жазуға кедергі жасайтын шу. Бұл – көбінесе бағытталмаған микрофондарды дыбыс көзінен алшақ орналастырудан болатын құбылыс. Ондайда микрофонда отырған адамның сәл ғана қимылы, желдету жуйесінен өтіп тұрған ауаның ағымы, диктордың терең дем алғаны да жағымсыз шулардың пайда болуына жол ашатын құбылыстар болып табылады. Концерттік бағдарламаларды орындауға мүмкіндік бар. Оркестрді еркін орналастыруға болады.

Әдеби – драмалық студия негізінде түрлі радиоқойылымдарды дайындауға бағытталған орын. Актерлердің жеке дауыстарына және қатысушы топтың қимыл – әрекеттеріне, сөйлеулеріне лайықталғын.

Сөздік студияда дикторлық мәтін оқылып, жазылады. Ол екі бөлмеден тұрады. Бірінші бөлме режиссерлерге, екінші дикторға арналған. Екі бөлменің арасы әйнекпен бөлініп, арасын байланыстыратын микрофонмен жалғастарылған. Жазылуға тиіс мәтіннің сапалы шығуына дыбыс операторы мен режиссер жауаптылық көрсетіп, қадағалып отырады.

Студиялар жабдықталған кезде міндетті түрде дыбыстық реверберация есепке алынады. Реверберация (1) – латынша «reverbaratio» шағылу деген сөзінен шыққан. Яғни , жабық бөлмедегі дыбыс өшкенне кейінгі оның біртіндеп сөну процесі осылай аталады. Сөздің анық , жақсы естілуіне қажетті ркверберация уақыты 0,5 -0,6 секундтап аспауы қажет. Үлкен студия 0,2 – 0,25 секунд, кішірек студияларды 0,3 – 3,5 счекунд аралығы қамтылады.

Концерттік студия – бұл орынның аумағы 300 шаршы метрге дейін қамтылады. Кем дегенде 40 – 50 адамнан тұратын оркестр орналасатын орын, бірнеше микрофондар орналастырылады.

Микрофондар алдыңғы жазу бөлмесіндегі пультке жалғастырылады. «Мына тұста барабан күштірек» немесе « скрипка үні әлсіздеу» деген сияқты кемшіліктреге жол берілмеу үшін инженерлер микрофонды дайыендауға аса көңіл бөледі. Ал, радиоқойылымдырды жазу концерттік бағдарламаларды жазудан күрдклі болвп келеді. Мысалы, ондай студияларға кемінде бес микрофон қойылады. Төртеуінен шыққан сигнал пультке,пульттен тағы бір микрофонға, одан кейін дыбыс агрегаты беріледі.



Дыбыс жазу кезінде адам дауысының неғұрлым табиғи шығуына көңіл бөлінуі қажет. Табиғи жазылған дыбыс хабардың нақтылығын арттырады. Сонымен, дыбыстық студияларға қажетті шарттар - дыбыстық (изоляция) оқшаулау, акустикалық талап, реверберация уақыты, техникалық және шығармашылық топ жұмысын қамтамасыз ету. Жоғарыда аталып өткен негізгі студияларға қосымша халықаралық хабарларды жазу және студиядан тыс трансляциялық хабарлар жасау орындары да бар. Трансляция - сөз бен дыбыс арқылы ешбір өзгеріссіз оқиға картинасының жасалу процесі. Қазіргі кезде трансляцияның маңызы зор. Өйткені, шетелдерде, ТМД мемлекеттерінде болып жатқан көптеген халықаралық маңызды оқиғалар осы трансляциялық жолмен таратылады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Студия дегеніміз не?

2. Концерттік студия.


  1. Студиялық ақпараттық бөлме.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.

Алматы., 1978
Лабораториялық жұмыстар

1-лабораторилық жұмыс

Қазіргі қоғамдағы радиохабар таратудың рөлі мен орны.

Радиохабар таратудың акустикалық табиғаты. Хабар тарату механикасының дамуы және радионың бейнелеуіш құралдары. Мәтіннің оқылғанда адамға әсері. Радиотындарман аудиториясы. Дыбыстық журналистика тілі мен стилінің өзгешелігі. Радио ерекшелігіндегі оның таралу ауқымының шексіздігі мен жеделдігі. Оқиғаға қатыстылығы мен оны сезіну ерекшелігі. Радио өзгешелігінің тарихи қалыптасуы.



1. Студенттердің дикцияларын бақылау.

2. Студияда дауыстарды жазып бақылау.

3. Интонациялық бақылау.
2-лабораториялық жұмыс

Радиожурналистиканың бейнелеуіш құралдары.

Дыбысталған сөз – басты бейнелеуіш құрал. Радио - журналистиканың бейнелеуіш құралдары ретінде саз бен табиғи орта шуының мәні. Радиожурналистикада және көркем қойылымдылық хабарларда музыкалық безендірудің ерекшелігі.

Радиожурналистиканың пішіндік бейнелеуіш құралдары.

Радиожурналистиканың стильдік бейнелеуіш құралдары.


1.Радиохабардың не екенімен таныстыру.

2. Қазақ радиосының хабарларын тыңдату.

3.Хабардың шақыру белгісі (позывной), хабардың «шапксы» және авторлық мәтінің жобаларымен таныстыру.
3-лабораториялық жұмыс

Қазақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы.

Радионы пайдаланудың алғышарттары, Форт-Александровск радиостанциясы – Қазақстандағы алғашқы радиостанция. Түркістан өлкесі үшін ташкент радиостанциясының мәні. Радиотелеграф қызметінің алғашқы қарлығаштары ТүркРОСТа, КирРОСТа жаршылары. Орынбор, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Павлодар, Өскемендегі қабылдау станциялары. Қазақстанның толыққанды алғашқы радиостанциялары. Қазақстанда радиохабар тарату ісінің қалыптасуы мен дамуының кезеңдері және олардың сипаты. Отандық радиохабар таратудың зерттеушілері. Тәуелсіз Қазақстанның радиостанциялары.



  1. Сценариялық жобамен таныстыру.

  2. Жоғарғы курс студенттері жасаған хабарларды тыңдатып, рецензиялар жаздыру.

  3. Алғашқы хабар негізі- мәтіндер жазуды бақылау.


4 - лабораториялық жұмыс

Радиожурналистика жанрлары мен пішіндерінің эволюциясы

Радиожурналистикадағы «пішін» мен «жанр» ұғымы. Радиожурналистика пішіндер мен жанрлар эволюциясы. Қазақстандық радиогазеттер. Радиожурналистиканың жаңа пішіндерінің жетілуімен радиогазеттердің жойылуы. Радиоға тән ерекшелігі бар хабарлардың көбеюі. Микрофон алдындағы көсемсөз , тікелей хабар тарату радиожурналистиканың жаңа пішіндері. Алғашқы студиядан тыс хабарлар. Радиожиналыс, радиомитинг және басқа да кеңестік кезеңдегі радиохабар таратудың пішіндері мен жанрлары.



  1. Хабарды тыңдармандар тыңдауы үшін қандай қажеттіліктер керек екенін ұғындыру.

  2. Алғашқы хабар мәтіндерін талқылау.

  3. Нысандармен жұмыс.


5 - лабораториялық жұмыс

Қазіргі форматтық радиохабар тарату

Қазіргі кезеңдегі радиохабар тарату қызметінің негізгі әдістері мен пішіндері. Ресейлік радиохабар тарату тәжірибесі. Америкалық және европалық радиохабар таратудың бүгінгі модельдері. Қазіргі заманғы радиохабар таратудың форматтық ерекшелігі. Ақпараттық радиохабар тарату. Ақпараттық- музыкалық радиохабар тарату. Музыкалық – ақпараттық радиохабар тарату. Музыкалық радиохабар тарату. Қазақстандық радиохабар таратудың қазіргі жайы. Қазақстандық коммерциялық каналдар мен Қазақ радиосының хабар тарату режимдері. Радиотолқындағы пікір саналуандығы. Мемлекеттік және коммерциялық радиохабар тарату. Әр түрлі меншік формасындағы радиостанциялардағы журналистік еңбектің айрықшалығы. Қазіргі радиостанциялардың түрлері. Тақырып, хабар тарату әдісі бойынша жіктелуі.



  1. Мәселе көтере алуға дайындау. Бүгінгі күннің өзекті тақырыптарын көре алушылыққа дағдыландыру.

  2. Еркін тақырып бойынша студенттердің ойлау қабілетін байқау.

  3. Сценарий жасау


6 – лабораториялық жұмыс

Радиожурналистиканың ақпараттық жанрлары.

Ақпараттық хабардың жанрлық ерекшелігі – оқиғалығы, жеделдігі мен шынайлылығы. Ақпараттық хабар мәтінінің ішкі құрылымы мен үйлесімі. Ілік – хабар дерегінің негізі, оның мағыналық орталығы. Ақпаратқа қойылатын маңызды талаптар – жеделдік, айқындылық, нақтылық, қысқалық, жүйелілік, обьективтілік. Телевизия мен радиода ақпаратты берудің ерекшеліктері мен айырмашылықтары.

Журналистік талдау – оқиғаға қатысты жедел пікір білдіру. Талдау талдамалы жанр ретінде. Ақпараттық хабарды дамыту, оған қатысты әртүрлі көзқарастарды жинақтау. Жедел және проблемалық талдаудың айырмашылықтары. Талдаудағы субъективтілік. Дерекке немесе оқиғаға қатысты болжамдар айту.


  1. Хабардағы авторлық мәтінді студияда жазу

  2. Мәтін қалай жазылады, қалай оқылады, паузаның орынды қолданылуы

  3. Хабар режиссерінің міндетін түсіндіру


7 – лабораториялық жұмыс

Радиодағы талдамалы жанрлар.

Журналистік талдау- оқиғаға қатысты жедел пікір білдіру. Талдау талдамалы жанр ретінде. Ақпараттық хабарды дамыту, оған қатысты әртүрлі көзқарастарды жинақтау. Жедел және проблемалық талдаудың айырмашылықтары. Талдаудағы субъективтілік. Дерекке немесе оқиғаға қатысты болжамдар айту.

Пікірталасқа құрылған радиохабарлар және оларға қойылатын талаптар. «Дөңгелек столды» ұйымдастыру және жүргізу.

1. Микрофон ұстай алуға, дыбыс жазуға дағдыландыру.

2. Сұрақ қоя білуге үйрету.

3. Аудиторияда дөңгелек үстел жүргізуге үйрету.
8 – лабораториялық жұмыс

Радио аудиториясы және радохабар таратудың экономикалық негізі.

Аудиторияның құрылымы және оларды қызықтыратын жайлар. Мотивтер. Электронды БАҚ пәрменділігі мен тиімділігі. Аудиторияны типтеу мәселелері. Аудиторияны ғылыми зерттеудің ғылыми негіздері. Ақпаратты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.

Аудиторияны зерттеу әдістері – сұрау салулар, бақылау, құжаттарды талдау, эксперимент. Телефонмен хабарласу, электронды почта, Интернет арқылы аудитория талап-тілектерін білу. Байқаулар, лотерея ойнату, сыйтарту арқылы аудиторияны кеңітудің мүмкіндіктері.

Радиохабар таратудың экономикасы мен менеджменті



1. Анкета жүргізуге дағдыландыру

2. Аудиторияны зерттеу тәсілдерін үйрету.

3. Телефонмен хабарласу, электронды почта, Интернет арқылы аудитория талап-тілектерін білу
9 – лабораториялық жұмыс

Деректі-көркем жанрлар.

Радиоочерк публицистік жанр ретінде. Очерктің жанрлық табиғаты. Очеркте әлеуметтік, публицистік және көркемдік шешімдердің тоғысуы. Очерк құрылымы. Радиоочеркте кейіпкер бейнесін сомдау үшін көркем бейнелеу тәсілдерін қолданудың маңызы. Радиоочерк тілі мен стиліндегі өзгешеліктер. Радиоочерк пен телеочерк арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар



1. Мерекелік хабар дайындау, көркемдік элементтерін қадағалау.

2. Дауысты құбылтуды жолға қою.

3. Оператормен жұмыс

4. «Audiotion» бағдарламасымен жұмыс
10- лабораториялық жұмыс

Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы.

Радиожурналистика шығармашылық түрі ретінде. Радиодағы дерек, оны жинақтаудың ерекшелігі. Радиохабарлардың сапасын айқындау. Радиотолқында қарым-қатынас жасаудың психологиялық ерекшелігі.

Дауыс радиожурналистің басты еңбек құралы ретінде. Дикторлық шеберлік және оған қойылатын талаптар. Сөзді мәнерлеп жеткізудің маңызы. Сөйлеу техникасы. Хабарлардың сипаты мен жанрына байланысты өзгермелі талаптар

1. Радиохабарлардың сапасын айқындау

2. Дикторлық шеберлікті қалыптастыру

3. Портреттік хабар жасау

4. Экономика тақырыбына хабар жасау
11- лабораториялық жұмыс

Радио аудиториясы және радиохабар таратудың экономикалық негізі

Аудиторияның құрылымы және оларды қызықтыратын жайлар. Мотивтер. Электронды БАҚ пәрменділігі мен тиімділігі. Аудиторияны типтеу мәселелері. Аудиторияны ғылыми зерттеудің ғылыми негіздері. Ақпаратты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.

Аудиторияны зерттеу әдістері – сұрау салулар, бақылау, құжаттарды талдау, эксперимент. Телефонмен хабарласу, электронды почта, Интернет арқылы аудитория талап-тілектерін білу. Байқаулар, лотерея ойнату, сыйтарту арқылы аудиторияны кеңітудің мүмкіндіктері.


  1. Аудиторияны зерттеу әдістері – сұрау салулар, бақылау, құжаттарды талдау, эксперимент

  2. Тыңдарман аудиториясын қызықтыратын жайларды ойластыру

  3. Шығармашылық тақырыбына хабар жасау


12 – лабораториялық жұмыс

Әлемдегі және Қазақстандағы радиохабар тарату үрдістері.

Әлемдік радиотарату ісіндегі қазіргі үрдістер . Ашық қоғам және халықаралық қарым-қатынастағы жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдық сипаты. Қазақстанның әлемдік экономикалық интеграцияға кірігуі. Бүгінгі медианарық.



  1. Қазақстандағы радиоарналар қызметімен таныстыру

  2. Коммерциялық арналар жұмыстары

  3. Заң-құқық тақырыбына хабар жасау


13 – лабораториялық жұмыс

Студенттің хабар жасау технологиясы толық меңгергендігін байқау, жасаған хабарларын студенттер арасында тыңдату.


14 – лабораториялық жұмыс

Жасалған хабарларға пікірлер жаздырту


15 – лабораториялық жұмыс

Үздік дайындалған хабарларды студенттер рейтингі арқылы бағалау.


5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


    1. Радиожурналистиканың бейнелеуіш құралдары.

    2. Дыбыс. Оның қасиеттері, қолданылуы.

    3. Радиожурналитикадағы режиссура қызметі.

    4. Дыбыс өлшемі, деңгейі, көлемі.

    5. Радиоарналардың хабар тарату аумағына байланысты бөлінуі.

    6. Сценарийлік жоба маңызы.

    7. Радиоаудиторияның көлемі, зерттеу әдістері

    8. Эфирдегі сөз. Сөйлеу техникасы.

    9. Аудиторияны ұстаудың ең алғашқы шарты және тәсілдері.

    10. Монтаждау процесі

    11. Монтаж түрлері

5.12 Радиохабарын есте қалдыру үшін пайдаланатын әдістерден мысалдар келтіру.

    1. Тыңдарманмен кері байланыс әдістері.

    2. Тележурналистика мен радиожурналистикаға соңғы 15 жыл көлемінде енген жаңаша кәсіби әдістері.

    3. Дыбыс жазудың тарихы.

    4. Форматты радионың хабар тарату әдістері.

    5. Редактор қызметі.

    6. Тікелей эфир табиғаты.

    7. Монтаждың жиі қолданылатын түрлері.

    8. Д.Қанатбаевтың шығармашылық шеберханасы (мысалдар).

    9. Радиохабар таратудағы соңғы үрдістер.

    10. Қазақ радиосының құрылымы.

    11. Коммерциялық радиолар

    12. Монтажға қажетті шарттар

    13. Радиохабардың хабарлаушылық міндеті

    14. Радионың өзіндік ерекшеліктері.

    15. Эфирлік талаптар.

    16. Эфирдегі тіл мәдениетінің сақталмауы (мысалдар).

    17. Радиожурналистикаға қойылатын талаптар.

    18. Радиохабарының жасалуы жолдары.

    19. Режиссер және журналист қызметі бірлігі.

    20. Электронды монтаж.

    21. Радиохабарды көркемдеу әдістері.

    22. Компьютерлік монтаж.

    23. Радиодағы шығармашылық топ міндеттері.

    24. Радионың эстетикалық міндеті.

    25. Радионың бейнелеуіш құралдары.

    26. Қазақ радиосы хабарларын коммерциялық арналармен салыстыру (мысалдар арқылы)

    27. Жаңа аудиотехнологиялар.

    28. Сандық диктофондар

    29. Компьютерлік монтаждау ерекшеліктері.

    30. Дыбыстың физикалық қасиеттері жайлы.

    31. Дыбыстың таралу процестері жайлы түсінігіңіз?

    32. Акустика ғылымы жайлы не білесіз?

    33. Дыбыстың өзіндік қасиеттері туралы.

    34. Реверберация процесі жайлы түсінік, қолданылуы.

    35. Микрофонның қызметі, басты шарты.

    36. Микрофонның түрлері, қолданылу аясы.

    37. Магнитофондардың қолданылуы

    38. Мишкерлеу құралы.

    39. Радиожурналистикада электронды есептеу машиналарының қолданылуы.

    40. Радиожурналиске көмекші компьютерлік бағдарламалар.

    41. Интернет және радиожурналистиканың байланысы.

    42. Радиохабарларының бейнелеуіш құралдары.

    43. Радиохабарларындағы сөздің рөлі.

    44. Радиохабарларындағы музыканың рөлі.

    45. Радиохабарларындағы шудың пайдаланылуы

    46. Электронды монтаж туралы түсінік.

    47. Техникалық монтаж туралы түсінік.

    48. Монтаж жасау тәсілдері.

    1. Электронды монтаж туралы түсінік.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет