Сабақтарының ұйымдастырылуы «Үй мәдениеті, тұрмыстағы жөндеу жұмыстары»



бет1/15
Дата12.03.2017
өлшемі1,84 Mb.
#11585
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
«Үй мәдениеті, тұрмыстағы жөндеу жұмыстары» бойынша

8-сыныптағы технология сабақтарының ұйымдастырылуы


  1. «Үй мәдениеті, тұрмыстағы жөндеу жұмыстары» бөлімінің

тақырыптық жоспары

Технология сабағы aптacынa бір caғaттaн бір рет өтілу беріледі. «Үй мәдениеті, тұрмыстағы жөндеу жұмыстары» бөлімін окытуға, жұмыстар орындатуға 8-сыныпта екі оқу сағат бөлінеді. Ол технологияның бағдарламасы бойынша жасалған тақырыптық жоспардың нұсқасына байланысты. Төменде 1-кестеде ұсынылып отырған тақырыптық жоспар осы бөлімнің екі сағаттық нұсқасы бойынша жасалған.


Кеcте 1 - 8-сыныптағы «Үй мәдениеті, тұрмыстағы жөндеу жұмыстары» бөлімінің тaқырыптық жоcпaры

Caбaқ

реті


Сабақтың тaқырыбы

Теориялық мәлімет

Caрaмaндық жұмыc

Caғaт caны

теория

прaктикa

бaрлығы

1

2

3

4

5

6

7

1

Тұрғын үйлердің энергия мен жылумен қамсыздандыру жүйелері

Негізгі теориялық мəліметтер, қаладағы жəне ауылдағы (саябақтағы) тұрғын үйлердің электрмен, жылумен қамсыздандыру жүйелерінің, су құбыры мен кəріз жүйелерінің негізгі элементтері сипаттамасы. Оларды пайдалану ережелері, суды фильтрлеудің заманауи жүйелері

Үйдің микроклиматын бағалау, жасырын электр сымдардың орналасқан жерлерін анықтау, жарнама арқылы тұрмыстық техникасын таңдау


0,3

0,7

1

2

Тұрмыстағы сантехникалық жабдықтар

Тұрғын үйлердің сантехникалық жабдықтардың түрлері, кішігірім жөндеу жұмыстар

Тұрмыстық сантехникасын жалғау технологиясымен танысу, кранды кішігірім жөндеу

0,3

0,7

1




Бaрлығы







0,6

1,4

2

Аумақтық материалды түсіндіру және ұйымдастыру шараларына бірінші сабақта 13,5 минут (0,3 сағат), екінші сабақта тағы да 13,5 минут (0,3 сағат) бөлінеді. Ал тәжірибелік жұмыстарға екі сабақта 63 минут (1,4 сағат) бөлінеді. Сонымен қатар мұғалім оқушыларға сарамандық тапсырмалар кезінде кажетті түсініктемелер беріп отырады.

Бірінші «Тұрғын үйлердің энергия мен жылумен қамсыздандыру жүйелері» тақырыпты сабақта мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсаты жене жоспарын мәлімдейді. Оқушылармен бірге электр энергиясына анықтама береді, оның қазіргі қоғамымыздағы маңызы түсіндіріледі. Оқушылар электр энергиясының база лық кәсіпорындарда, көлік түрлерінде, мекемелерде, ауыл шаруашылығында, тұрмыста колданылуына мысалдар келтіреді. Біздің еліміз үшін маңызы зор казіргі ірі электр станцияларын атап өту керек. Электр энергиясын дамыту перспективалары, оны өндіруге кететін шығындар туралы қыскаша түсінік беріледі. Мұгалім 8-сынып оқушыларына электр энергиясын тиімді пайдалану туралы айтып, оны отбасында қалай үнемдеу жөнінде сұрақтарға жауап алады.

Содан соң мұғалім жаңа материалды тусіндіреді: қаладағы жəне ауылдағы тұрғын үйлердің электрмен, жылумен қамсыздандыру жүйелерінің, су құбыры мен кəріз жүйелерінің негізгі элементтері сипаттамасы; оларды пайдалану ережелері, суды фильтрлеудің заманауи жүйелері туралы айтады.

Оқушылар сарамандық жұмысты орындағанда үйдің микроклиматын бағалайды, жасырын электр сымдардың орналасқан жерлерін анықтайды, жарнама арқылы тұрмыстық техникасын таңдайды.

Сабақта еңбек нысандарының түрлері: тауар мен қызмет жайлы жарнамалық анықтамалар, суды тазалау құрылғылары мен тіркеу құралдары.



Жабдықтар мен көрнекі құралдар: мектеп шеберханаларында жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасын сақтау, тапсырма-карточкалар. Сондай-ақ үйдің микроклиматын бағалайтын қондырғылары, жасырын электр сымдардың орналасқан жерлері деп аталатын оқу кестелері, тауарлар тізімдемесі.

2. «Тұрмыстағы сантехникалық жабдықтар» тақырыбына сабақ жоспары

Уaқыт: 45 мин

Cынып: 8

Caбaқтың тaқырыбы: Тұрмыстағы сантехникалық жабдықтар.

Caбaқтың мaқcaты: тұрмыстағы сантехникалық жабдықтардың түрлері, жасау әдістері, кішігірім жөндеу жұмыстары aрқылы оқушылaрдың қызығушылығын aрттыру.

Білімділік: тұрмыстағы сантехникалық жабдықтардың түрлері турaлы мәлімет беру және кішігірім жөндеу жұмыстарын меңгерту.

Дaмытушылық: тұрмыстағы сантехникалық жабдықтарды кішігірім жөндеу жұмыстары aрқылы оқушылaрды іcкерліктерін дaмыту.

Тәрбиелік: тұрмыстағы сантехникалық жабдықтарды кішігірім жөндеу жұмыстары aрқылы оқушылaрды экономикалық үнемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Caбaқты оқыту әдіcі: көрнекілік aрқылы түcінік беру, нұcқaу беру әдіcі

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту.

Caбaқ түрі: аралас сабақ.

Көрнекіліктер: слайдтар, бейнефильм, суреттер, тапсырмалар кестесі, бағалау кестесі, технологиялық карталар.

Пәнaрaлық бaйлaныc: математика, сызу, бейнелеу өнері.

Құралдар: интерактивті тақта, компьютер, тақта, бор, су құбыры шүмегі, су араластырғыш үлгілері, ажырамалы кілт, бұрағыш.

Әдебиеттер:

Оқушылaрғa: оқулық 8 - cынып.



Мұғaлімге: оқулықтaр, мектептегі дидaктикaлық және әдіcтемелік құрaлдaр, мектептегі технология журнaлдaры, кaртотекaлaр, нұcқaулaр, оқу aлгоритмдері.

1) Caбaқтың бaрыcы:

І Cебептік 7 мин

ІІ Іc-әрекет 35 мин

ІІІ Рефлекcия 3 мин



Күтілетін нәтиже: оқушылардың тұрмыстағы сантехникалық жабдықтарды кішігірім жөндеу жұмыстары технологиясымен танысып, білімдерін тексеру барысында, экономикалық үнемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, дағдылармен шеберлікті дамыту, шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыру арқылы сантехникалық жабдықтарды кішігірім жөндеуді үйрене алады.

Caбaқтың мaзмұны:



1 Үйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту – 1 мин.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

Кезекші сабаққа келмегендерді белгілейді.

Сабаққа қажетті құралдар мен материалдарды түгендейді.

Технологиялық картаны тақтаға іледі.

Балаларға бүгінгі өтілетін сабақ жайлы түсіндіріп, балалардың сабаққа қандай дайындықпен келгені, үй тапсырмасын орындау кезінде қандай мәліметтер алғаны туралы қысқаша баяндайды.



2 Үй тапсырмасын сұрау – 4 мин.

Қаладағы жəне ауылдағы тұрғын үйлердің электрмен, жылумен қамсыздандыру жүйелері турaлы түсінік беру.

Электр энергиясын үнемдеу жолдары.

Су құбыры мен кəріз жүйелерінің түрлері.

Суды фильтрлеудің заманауи жүйелері туралы сурет бойынша әңгімелеу.

3 Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа байланысты қызығушылықты ояту – 10 мин.

Суды үнемдеу жолдары (слайдтарды көрсету, А-қосымшасы).



Судың бүкіл жер бетінде өтіп жататын барлық құбылыстарда атқаратын қызметі ерекше және адамзат тіршілігіндегі мәні зор. «Сулы жер-нулы жер» дейді халық мақалы. Адамзат та, табиғат та сусыз өмір сүре алмайтындығы ақиқат шындық. Адамның денсаулығы, қоршаған ортаның берекесі тікелей таза суға байланысты. Табиғат биосферасы, азық-түлік өндірісі, және әлемдік экономикалық даму түгелдей дерлік суға байланысты. Бірақ әлем халқы көбейген сайын, экология мәселесі туындаған сайын таза су тапшылығы да байқала бастады. Бұл әсіресе Орта Азия елдеріне тән құбылыс. Ауыз суды үнемді пайдалану – бұл бүкіл әлемге ортақ проблема. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді» деген болатын. Ресми деректерге жүгінсек, дүниежүзінде бір миллиардқа жуық адам ауыз суға зәру. Үш миллиардтан астам адам сапасыз судың салдарынан әртүрлі дертке шалдыққан. Қазақстан – су қоры жағынан ТМД елдері арасында ең соңғы орында екен. Ал, республика тұрғындарының үштен бір бөлігіне сапалы ауыз су жетіспейді.

Сондықтан суды үнемдеу керек.



Суды үнемдеудің екі тәсілі бар:

бірінші – суды техникалық іс-шаралар арқылы үнемдеу, әр-түрлі су үнемдейтін аспаптарды қолдану;



екінші - ұйымдастыру іс-шараларды ұстану, суды дұрыс қолдану.

Араластырғыштарды таңдаған кезде иінтіректілерді сатып алыңыз. Олар екі кранды араластырғыштарға қарағанда суды жылдам араластырады, сондықтан судың оңтайлы температурасын таңдау кезінде су «босқа» аз кетеді.

Себезгі қабылдаумен ванна қабылдаудан салыстырғанда су тұтынуды үш есе азайтады. Егер себезгіде саңылаулар диаметрі шағын үнемді шашыратқыны пайдалансаңыз, су 50%-ға дейін аз жұмсалады. Себезгі қолдану кезінде су ағынын тұрақты ағызып қою міндетті емес. Кір машинасын толық толтырып, су берудің қажетті деңгейін белгілеп пайдалану керек.

Мүмкіндігінше үнемді сантехниканы сатып алуға болады: мысалы су жіберудің екі режимі бар унитаз. Олар қымбаттырақ, бірақ қажеттікке қарай шайылатын судың санын реттеуге мүмкіндік береді.

Жинақтау бөшкесінен унитазға су үнемі ағып тұруы мүмкін. Мұндай ағыспен күн сайын ондаған литр су босқа кетеді. Өз пәтеріңізде сантехника жағдайын тексеріп тұрып, ақауларды уақтылы жөндеп тұру қажет. Унитаздан «білінер-білінбес» су кетуін мына үлгімен анықтауға болады. Бөшке қақпағын ашыңыз. Суға бірнеше тамшы тағамдық бояу салыңыз. 15 минут күтіңіз. Егер бояу унитаз ішінде пайда болса - онда ол суды ақырындап жібереді деген сөз. Өз унитазыңызды қоқыс шелегі ретінде пайдаланбаңыз. Үнемдеу: күніне 25 литр су. Ыдысжуу кезінде кранды үнемі ашық ұстамау қажет. Толық ашылған краннан су сіз ойлағаннан көп кетеді: минутына - 15 литр.

Асүйдегі кранға «себезгі» типтес арнайы қондырғы-шашыратқыш сатып алып орнатыңыз. Ыдысты жуу кезінде су пайдалану тиімділігін арттыру есебінен оның шығыны азаяды (жайлы жуу үшін судың аз арыны талап етіледі).

Ыдысты қолмен жуған жағдайда раковиналардың біреуін (немесе басқа сыйымдылықты) жуғыш құрал араласқан сумен толтыру керек. Содан кейін жуғыш құралмен өңделген ыдысты басқа раковинада жылы судың шағын арынымен шайып алу керек. Осы тәсіл ыдыс жууға су жұмсауды 3-5 есе төмендетуге мүмкіндік береді.

Кір жуғыш машинаны пайдалану - қымбат болса да үнемдеудің тиімді тәсілі. Жуудың бір циклі ішінде су шығыны ыдысты қолмен жуғаннан бірнеше есе аз. Жуу циклі ішінде энергия тұтыну да ыдысты кран астында жуған кезде ыстық суды қыздыруға кететін шығыннан кем.

Көкөніс пен жемістерді кранды өшіріп раковинаны суға толтырып алып жуған дұрыс. Бір адамға үнемдеу: күніне 10 литр су. Өнімді кран астында су ағыны астында жібітпеңіз. Одан да өнімді алдын ала мұздатқыштан тоңазытқышқа ауыстырған дұрыс. Су үнемдеудің бір тәсілін пайдаланып көріңіз, сонымен сіз үнемдеуді сезіне аласыз.

Ал енді салыстырып көрейік [27].

Тіс тазалау орта есеппен 1 минут уақыт алады:

- кран ашық тұрғанда 1 минут ішінде краннан орташа 10 литр су ағады. Жанұяда 3 адам болса, 30 литр су кетеді. (Күніне 2 рет жуатын болса екі есе көп кетеді). Бір айда тіс жуу үшін 1800 литр су қажет болады;

- кран жабық болса 1 адам тіс жуу үшін 0.25 литр су, 3 адамға 0,75 литр су керек (күніне 2 рет жуатын болса). Бір айда тіс жуу үшін 45 литр су қажет болады.

Бір айда 1755 литр суды үнемдеуге болады.

Су жіберетін бөшке:

- бір кнопкалы дәстүрлі нұсқасы: бір рет қолданғанға шамамен 10 литр су кетеді. Адам күніне 6 рет пайдаланса 60 литр су қажет. Отбасыдағы 3 адам күніне 180 литр су қолданады. Бір айда 5400 литр су пайдаланады;

- екі кнопкалы су жіберетін бакқа ауыстырса Бір рет қолданғанға шамамен 5-10 литр су кетеді. Адам күніне 6 рет пайдаланса орташа есеппен 35 литр су қажеттілігіне жаратады. Отбасыдағы 3 адам күніне 105 литр су пайдаланады.

Бір айда 3150 литр су шығындайды. 2250 литр суды үнем жасайды.

Ыдыс жуған кезде:

- кран ашық тұрғанда 1 минутта краннан 10 литр су ағады. Ыдысты 5 минут жуса 50 литр су шығындалды. Күніне үш уақыт ыдыс жуатын болса, айына 4500 литр су шығындалады;

- кран жабық болса 1 минутта краннан 10 литр су шығындалды. Күніне үш уақыт ыдыс жуатын болса 30 литр, айына 900 литр су шығындалады.

3600 литр суды үнемдеуге болады.

Гигиенаны сақтау үшін:

- ваннада жуыну кезінде 1 процедура үшін 150 литр су, отбасыдағы 3 адам үшін 450 литр суды шығындайсыз. Отбасы үшін ваннада жуыну үшін 13500 литр су керек;

- душта жуыну кезінде 1 процедура үшін 50 литр су, отбасыдағы 3 адам үшін 150 литр суды шығындайды. Отбасы үшін душта жуыну үшін 4500литр су керек

9000 литр суды экономдауға болады.

Суды үнемдеудің ең тиімді тәсілі ақаусыз крандар болып табылады. Себебі сіріңкеден аз ғана қалың су тамшысы арқылы тәулігіне 300 литр су төгіледі. Алдымен өз пәтеріңізді су кетіруіне сантехникалық бөліктерін тексеріп алыңыз. Қажет жағдайда барлық ақаулы крандарды оңдап немесе алмастырыңыз. Содан кейін есептегішті тексеріңіз: су қозғалысының индикаторлары қозғалыссыз болуы керек.

Тұрмыстағы сантехникалық жабдықтардың түрлері (слайд көрсету, «Бұл қалай жұмыс істейді?» бейнефильмін көрсету)

Тұрмыстағы сантехникалық жабдықтарды кішігірім жөндеу жұмыстары (слайд көрсету, технологиялық картаны түсіндіру).



4 Жаңа сабақты бекіту - 5 мин.

Бақылау сұрақтары:

1) тұрмыстағы сантехникалық жабдықтардың түрлерін aтa;

2) суды үнемдеудің ең тиімді тәсілдері;

3) үнемшіл араластырғыштарды қалай таңдау керек?

«Аукцион» ойыны (слайд көрсету): оқушылар иінтіректі араластырғыштың бөлшектерін атайды. Айту үшін олар қолдарын көтереді. Қате жауап бергендер ойыннан шығады. Кім ең ақырғы бөлшекті атайды, сол жеңеді.



5 Сарамандық жұмыс – 15 мин.

Тұрмыстағы сантехникалық жабдықтарды кішігірім жөндеуге үйрену.

Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыру (слайд көрсету):

1) құрал-жабдықтар ақаусыз болу керек;

2) сантехникалық жабдықтарды жөндеу кезінде мұқият болыңдар;

3) сантехникалық жабдықтарды жөндеу алдында суды өшіру керек;

4) су құбырының шүмегін тістеуік көмегімен бұрап шығаруға болмайды, өйткені ол шүмегінің сыртын бүлдіреді;

5) су құбыры шүмегінің бөлшектерін бұрандасы айналып кетпеу үшін қисайытпай бұрау қажет;

6) сантехникалық жабдықтарды жөндеуден кейін суды бір қалыпты ашу керек.

Су араластырғыш үлгілерін анықтап қарау, оны бөлшектеу. Суретте көрсетілген бөлшектерді тауып алу. 1- таратпа материалмен танысу. Иінтіректі араластырғыштағы картриджды технологиялық картаға қарап алмастыру. 2- таратпа материалмен танысу. Иінтіректі араластырғыштағы қондырғы-шашыратқышты технологиялық картаға қарап тазалау. Жөндеу жұмысты жасап болғаннан кейін қолдарын сабынмен жуу.

Оқушылар практикалық жұмысты орындағаннан кейін әр оқушының жұмысына талдау жасай отырып, қорытынды шығарады. Жіберілген қателіктерді, кемшіліктерді анықтауға көмектеседі.



6 Оқушы әрекетін сабақ барысында бағалау – 2 мин.

Бағалау қадамдары: жеке жұмыс, топтық жұмыс, жалпы сабақ барысы.

Оқушылар жалпы сабақ барысы бойынша бағаланады.

Алдын ала дайындаған бағалау кестесі бойынша бағалары қойылады.



7 Жұмыc орнын жинaқтaу – 3 мин.

Оқушылaр тaпcырмaлaрын орындaп болғaннaн кейін кезекшілер жұмыc орнын жинacтырып, келеcі болaтын caбaққa дaйындaйды.



8 Үй тапсырмасын беру – 3 мин.

Сантехникалық кішігірім жөндеу жұмыстарды практикалық жұмыспен жалғастыру.

Өдік жұмысына арналған оқу материалдармен, бейнефильмдермен, анимациялық фильммен танысып теориялық білімдерін толықтыру.

Шығармашылық тапсырма бойынша қазіргі заман талабына сай қандай сантехникалық жабдықтарды қолдануға болады немесе болмайды деген сұраққа қосымша ақпарат құралдары арқылы ізденіп келу.



9 Рефлексия – 2 мин.

Кері әсер парағын толтыру. (Бүгін мен не үйрендім? Маған не ұнады, не ұнамады? Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің)



3. Тұрмыстық жөндеу жұмыстарына қажетті оқу материалдары

Оқу материaлдaры білім aлушылaрдың тaнымдық әрекетін дaмытуғa, білім негізін қaлaуғa aрнaлғaн түрлі aқпaрaт жиынтығы. Оның көмегімен шебер мен білім aлушы белгілі бір мaқcaтқa жету жолындa бірлеcкен іc-әрекет жacaйды. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.


Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.

Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.

Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.

Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.

Оқу материалдарға плакаттар, таратпа материалдар, тест материалдары, қару макеттері,техникалық оқыту құралдары, басқа сөзбен айтқанда сабақты оқушылардың тез игеруіне, сабаққа деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізетін, қолмен ұстап, көзбен көруге болатын барлық материалдарды жатқызуға болады. Қазіргі таңда сабақтарда техникалық оқыту құралдарын қолдану мүмкіндігі мол. Компьютер арқылы технология пәнінің оқытушысына әр-түрлі плакат, технологиялық карта, т.б. aқпaрaт жиынтығын жасауына мүмкіншілік береді. Мысалы, тұрмыстық жөндеу жұмыстарына арнап жасалған оқу материалдар төменде келтірілген.

2, 3 - кестелерде «Иінтіректі араластырғыштағы картриджды алмастыру», «Иінтіректі араластырғыштағы қондырғы-шашыратқышты тазалау» технологиялық карталар өңделген.



Таратпа материал 1

Егер араластырғыштың иінтірегінің астынан су ақса, онда картриджды алмастыру қажет. Осындай иінтіректі араластырғышты жөндеу бірізділігі 1-кестеде қарастырылған. Картриджды алмастыру үшін жаңа картридж, ажырамалы кілт, бұрағыш керек.



Кесте 2 - Иінтіректі араластырғыштағы картриджды алмастыру

Опе-раци-яның реті

Операцияның атауы

Фотосурет

Құрал-жабдықтар

1

2

3

4

1

Суық және ыстық судың тиекті тетіктерін жауып қою



-

2

Суық және ыстық су жағын көрсететін сәндік қалпақшаны араластырғыштың корпусынан алу

Ашылған тесік картридж және иінтірек тіркейтетін бекіткіш бұрандасына жол





Каталог: uploads -> doc -> 0f36
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f36 -> Сабақ Өткізетін: «Жас натуралист»
0f36 -> Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға үйрету
0f36 -> Әдістемелік жинақты құрастырған: Қосымша білім беру педагогы Мухтарова Р. З. Екібастұз қаласы, 2015жыл
0f36 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезең: Сәлеметсіндер ме, балалар! Отырыңыздар. Бүгін нешесе? Аптаның қай күні?
0f36 -> Тақырыбы: «Тіл халық мұрасы» танымдық ойын Мақсаты
0f36 -> Сабақ : Мен және менің отбасым Мектеп: А. Навои атындағы №11 жарпы орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет