5В060400 «Физика» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет22/174
Дата30.05.2022
өлшемі1,52 Mb.
#145514
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   174
Байланысты:
5В060400 «Физика» маманды ы бойынша
Ежелгі Бабылдағы ең бай адам.pdf
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кеңістік-уақыт
Кеңістік, геометрия, тәжірибе. Кеңістік-уақыттың негізгі қасиеттері (өлшем 
бірлігі, қисықтығы, біркелкілігі, изотроптығы, айналық симметриялығы). 
Координат жүйелері (декарттық, цилиндрлік, сфералық). Векторлық және 
координаттық түрде жазу әдістері. Координаттарды және векторлардың 
проекцияларын түрлендіру. 
Оқиғаларды уақытқа байланысты реттеу. Себептілік принципі. Периодты 
процестер. Уақытты өлшеу. Сағаттарды синхронизациялау проблемасы. 
Материялық нүктенің және қатты дененің кинематикасы
Материялық нүктенің қозғалысын сипаттау әдістері. Материялық нүктенің 
орын ауыстыруын, жылдамдығын және үдеуін векторлық және координаттық 
түрде өрнектеу. Материялық нүктенің толық үдеуінің векторы және оның 
тангенциаль және нормаль құраушылары. 
Қатты дененің қозғалысының еркіндік дәрежелері. Қатты дененің 
ілгерілемелі және айналма қозғалыстары. Жазық қозғалыс. Бұрыштық 
жылдамдық векторы. Элементар бұрыштық орын ауыстыру векторы. Бұрыштық 
үдеу. Айналма қозғалыстығы қатты дененің нүктесінің бұрыштық және сызықтық 
жылдамдықтарының векторлық байланысы. Лездік айналу өсі. 
Салыстырмалылық принципі 
Инерция заңы. Инерциялық санақ жүйелері. Салыстырмалылық принципі. 
Галилей түрлендірулері. Жылдамдықтарды қосудың классикалық заңы. Галилей 
түрлендірулерінің инварианттары. 
Денелердің қашықтан әсерлесуі, әсер өрісі және әсердің таралу жылдамдығы 
туралы ұғымдар. Жарық сәуленің жылдамдығын тәжірибе арқылы анықтау. 
Салыстырмалылықтың арнайы теориясының постулаттары (салыстырмалылық 
принципі, жарық сәулесінің жылдамдығының тұрақтылық принципі, кеңістік-
уақыттың қасиеттері). Себептелік принципі, сағаттарды синхронизациялау
бірмезгілдіктің салыстырмалылығы. Қозғалыстағы сағат жүрісінің баяулауы. 
Уақыттың баяулауының тәжірибеде дәлелденуі. Егіздер парадоксы. Қозғалыстағы 
дененің қозғалыс бағытындағы ұзындығының қысқаруы және көлденең бағыттағы 
мөлшерінің өзгермеуі. Лоренц түрлендірулері. Жылдамдықтарды түрлендірудің 
релятивистік заңы. Классикалық түрлендірулерге шекті өту. Интервал және 
меншікті уақыт. Интервалдың және меншікті уақыттың инварианттығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   174




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет