5В070200 «Автоматты басқару жүйесі» Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



Дата15.09.2017
өлшемі246,8 Kb.
#33512


5В070200 - «Автоматты басқару жүйесі » ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-38- /02-2013


ПОӘК

« Физика 1» пәнінің

оқытушыға арналған


№1 басылым 06.01.2014ж.


ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В070200 - «Автоматты басқару жүйесі» мамандығы үшін
«Физика1»
ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2014
Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырушы - Мешетова Жанагул Скендировна «Физика» кафедрасының

аға оқытушысы


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Физика» кафедрасының отырысында

№ хаттама 201 ж.

Кафедра меңгерушісі _______ Маусымбаев С.С.


2.2 Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында

№ хаттама 201 ж.

Төраға ________ Батырова К.А.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданып және баспаға ұсынылды

№ хаттама 201 ж.

ОӘК төрағасы ________ Искакова Г.К.


4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ


МАЗМҰНЫ


  1. Қолданылу аумағы

  2. Номативтік сілтемелер

  3. Жалпы мағлдұматтар

  4. Оқытушыға арналған пәннің оқу бағдарламасы

  5. Студенттердің өздік жұмысына арналған тақырыптар тізімі

  6. Пәннің оқу-әдістемелік картасы

  7. Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтылу картасы

  8. Әдебиеттер


1 ҚОЛДАНЫЛУ АУМАҒЫ

5В070200 - «Автоматты басқару жүйесі » мамандығы бойынша оқитын студенттері үшін оқу-әдістемелік кешенге кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Аталған «Физика1» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы төмендегі құжаттарға сүйене отырып жасалынып, осы пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру талаптарын тағайындайды:

5В070200 - «Автоматты басқару жүйесі » мамандығының мемлекеттік жалпы міндетті стандарты, ҚР МЖМБС 3.08.337 – 2006 Қазақстан білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген.

Білім және ғылым минстрлілігінің 10.04.2012жылғы №158 бұйрығы бойынша 5В070200 - «Автоматты басқару жүйесі » мамандығы бойынша оқитын студенттері үшін физикадан типтік бағдарлама.

- СТУ 042-СГУ -5-2012 университет стандарты «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар»

- ДП 042-1.01-2013-01 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы мен мазмұны»


3 ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

3.1 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаттамасы.


Физика I


Механика. Кинематика. Материялық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Сақталу заңдары. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тербелістер мен толқындар. Молекулалық физика және термодинамика. Статистикалық физика және термодинамика. Статистикалық үлестірілу. Термодинамика негіздері. Тасымалдау құбылыстары. Реал газдар. Электр және магнетизм. Электрстатика. Тұрақты электр тогы. Магнит өріс. Заттағы магнит өріс. Электрмагниттік индукция құбылысы. Максвелл теңдеулері. Электромагниттік тербелістер.

3.2. Осы курстың мақсаты физика туралы мағлұматтар алулары керек;

3.3.Осы пәннің негізгі мақсаты қарастыратын негізгі құбылыстар жайлы білімді, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, физикалық шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін; тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеу туралы мағлұматтар алулары керек.

3.4.Курсты оқығаннан соң студент

игеруі қажет:

негізгі құбылыстарды, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін;тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеуді; физика заңдарын нақты физикалық есептерге қолдануды, құралдармен жұмыс істеуді;

ұға білуі қажет:

негізгі физикалық заңдылықтарлы, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын, олардың математикалық сипатталуын;

меңгеруі қажет:

физикалық приборлармен жұмыс істеуді, физиканың нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра білуді;

Курсты оқығаннан соң студент мынаны істей білуі қажет:

құбылыстың физикалық механизмін аша білуі, белгілі бір нақты процестерде

термодинамикалық параметрлердің өзгерісіне талдау жасай білуі,

- статистикалық әдісті қолдана білуі;

- құралдармен және жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен

жұмыс істей білуі;

- молекулалық жүйелермен істелінетін физикалық эксперименттердің

- техникасын меңгеруі, термодинамилық параметрлерді, тұрақтыларды

- процесс сипаттамаларын өлшей білуі, өлшеу нәтижесін бағалай білуі,

компьютерді қолдана білуі және өлшеу нәтижесінің статистикалық өңдеуінің нәтижесін ала білуі; молекулалық физика және термодинамика есептерін шығара білуі.

3.5. Курс пререквизиттері: Математика 1.

3.6. Курс постреквизиттері: Физика 2.

1 кесте – оқу жұмыс жоспарынан көшірме


Курс


Семестр

Кредит

Дәріс

Зерт. (сағ)

Машықтану

сабағы


ОСӨЖ (сағ)

СӨЖ

Барлығы (сағ)

Қорытынды бақылау түрі

1

2

3

15

15

15

22,5

67,5

135

Емтихан

4. «Физика 1» пәнінің мазмұны




Тақырыптың аты және мазмұны

Сағат саны

1

2

Дәрістер

Дәріс № 1. Механика. Кинематика негіздері. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының қарапайым үлгісі. Кеңістік пен уақыт. Санақ жүйесі. Материялық нүкте туралы түсінік. Материялық нүкте қозғалысының сипаттамасы. Қозғалыс заңы. Траектория теңдеуі. Жылдамдық пен үдеу радиус-вектордың уақыт бойынша туындылары. Айналмалы қозғалыстың кинематикасының элементтері. Қисық сызықты қозғалыстағы жылдамдық пен үдеу. Бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеу.

1

Дәріс № 2 Материалық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Ньютон заңдары. Масса. Күш. Механикадағы күштердің түрлері. Гравитациялық күштер. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Серпімділік күштері. Гук заңы. Үйкеліс күштері. Инерциалды санақ жүйелері. Салыстырмалылықтың механикалық принципі. Галилей түрлендірілуі. Инерциалды емес санақ жүйесі. Абсолют қатты дене түсінігі. Қатты дененің инерция моменті және күш моменті. Қозғалмайтын оске қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамика сының негізгі теңдеуі. Штейнер теоремасы.

1

Дәріс № 3.Механикадағы сақталу заңдары. Сақталу заңдары кеңістік және уақыттың симметриялы екендігінің салдарлары. Материалдық нүктелер жүйесі. Сыртқы және ішкі күштер. Массалар центрі. Механикалық жүйенің массалар центрі (инерция центрі) және оның қозғалыс заңы. Импульстің сақталу заңы - табиғаттың іргелі заңдарының бірі. Реактивті қозғалыс. Энергия - әр түрлі көріністегі формалы қозғалыстар мен өзара әсерлесудің әмбәбап өлшемі. Күш жұмысы және оның қисық сызықты интерграл арқылы берілетін өрнегі. Қуат. Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы және оның жүйеге түсірілетін сыртқы және ішкі күштердің жұмысымен байланысы. Сыртқы күш өрісіндегі материалдық нүктенің потенциалдық энергиясы және оның материалдық нүктеге әсер ететін күшпен байланы сы. Консервативті және консервативті емес күштер. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы. Гироскопиялық эффект.

1

Дәріс №4. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Эйнштейн постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Түрлендірілудің инварианттары. Жылдамдықтарды қосудың релятивтік заңы. Релятивтік динамика.

1

Дәріс № 5 Сұйықтар мен газдар механикасы. Тұтас орта түсінігі. Сұйықтар мен газ дардың жалпы қасиеттері. Идеаль және тұтқыр сұйық. Бернулли теңдеуі. Сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағысы. Стокс заңы. Пуазейл теңдеуі. Серпімді кернеулер. Серпімді деформацияланған дененің энергиясы.




Дәріс № 6. Тербелістер мен толқындар.

Гармониялық тербелістердің жалпы сипаттамалары. Серіппедегі жүктің тербелісі, математикалық және физикалық маятниктер. Тербелістерді қосу. Вектор лық диаграмма. Еркін өшетін тербелістер Өшу коэффициенті. Өшудің логарифмдік декременті. Синусоидалық күштің әсерінен болатын еріксіз тербелістер. Ерік сіз тербелістердің амплитудасы мен фазасы. Резонанс. Автотербелістер. Толқындық қозғалыстардың негізгі сипаттамалары. Толқын теңдеуі. Қума және тұрғын толқындар. Фазалық жылдамдық. Допп лер эффектісі. Дыбыс. Ультрадыбыс.



1

Дәріс № 7. Статистикалық физика және термодинамика.

Молекула - кинетикалық теорияның элементтері. Молекула-кинетикалық көзқарас тұрғысынан газдың қысымы. Температураның молекула - кинетикалық теория тұрғысынан мағынасы. Идеал газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы. Термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік күйлер мен процестер, оларды термодинамикалық диаграммаларда көрсету. Идеал газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Ықтималдық және флуктуация. Максвелл таралуы. Бөлшектердің жылулық қозғалысының жылдамдығы. Сыртқы потенциялық өрістегі бөлшектер үшін Больцман таралуы. Идеал газдың ішкі энергиясы. Идеал газдың жылу сыйымдылығының молекула-кинетикалық теориясы және оның шектелуі.



1

Дәріс № 8. Термодинамика негіздері.

Термодинамиканың 1-ші бастамасы. Изопроцестер. Қайтымды және қайтымсыз жылулық процестер. Карно циклі және оның п.ә.к. Карно теоремасы. Келтірілген жылу. Клаузиус теоремасы. Энтропия. Термодинамикалық потен циалдар. Термодинамиканың екінші бастамасы және оның физикалық мағынасы. Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық сипаттамасы. Энтропияның күй ықтималдығымен байланысы. Сызықты емес жүйелерінің энтропиясы. Өзін-өзі ұйымдастыратын жүйелер.



1

Дәріс № 9. Тасымалдау құбылысы. Нақты газдар.

Тасымалдау құбылысының жалпы сипаттамасы. Молекулалардың соқтығысуының орташа саны және еркін жүру жолының орташа ұзындығы. Релаксация уақыты. Термодинамиканың тепе-тең емес күйлердегі тасымалдау құбылысы. Жылу өткізгіштік, ішкі үйкеліс (тұтқырлық), диффузия, тасы малдау құбылыстарының молекула-кинетикалық теориясы. Тасымалдау коэффициенттері.

Молекулааралық өзара әсер күштері. Молекулалардың эффективті диаметрі. Ван-дер-Ваальс изотермалары. Бірінші және екінші текті фазалық тепе-теңдік және фазалық алмасулар. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Кризистік нүкте. Метастабильді күйлер. Үштік нүкте.


1

Дәріс № 10. Электростатика.

Электр зарядтарының өзара әсерлері. Электр зарядтарының сақталу заңы. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі. Электрлік диполь. Вектор ағыны. Гаусс теоремасы. Электр өрістерінің кернеуліктерін есептеу үшін Гаусс теоремасын қолдану. Электростатикалық өрістің жұмысы. Электростатикалық өрістің циркуляциясы. Потенциал. Потенциалдың электростатикалық өріс кернеулігімен байланысы. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Өткізгіштер және өткізгіш бетіне жақын жердегі электр өрісі. Өткізгіш - вакуум шекарасындағы шекаралық шарттар. Электр сйымдылық. Конденсаторлар. Әр түрлі геометриялық пішіндегі конденса торлардың сиымдылы ғы.



1

Дәріс № 11. Электростатикалық өрістегі диэлектриктер.

Поляризацияланған зарядтар. Диэлектик ердің түрлері. Заттардың диэлектрлік өтімділігі және оның температураға тәуелділігі. Электрлік ығысу. Екі диэлекриктін шекарасындағы шарттар. Электр зарядтарының өзара әсерлесу энергиясы. Зарядталған конденсаорлардың және өткізгштер жүйесінің энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясы. Электрлік өріс энергиясының көлемдік тығыздығы.



1

Дәріс № 12 Тұрақты электр тоғы. Электр тогының болу шарттары және оның жалпы сипаттамасы. Металдардың электрлік өткізгіштігінің классикалық электрондық теориясы. Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалды түрі. Бөгде күштер. Гальваникалық элементі бар тізбектің бөлігі үшін жалпы Ом заңы. Кирхгоф ережелері. Газдар мен плазмадағы электр өрісі.

1

Дәріс № 1 3. Магнит өрісі. Заттағы магнит өрісі.

Магнит индукциясы векторы. Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы. Қарапайым жүйелердің магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы. Лоренц күші. Холл эффектісі. Ампер заңы. Магнит өрісіндегі тоғы бар орам. Тоғы бар рамкаға әсер етуші күш моменті. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Тогы бар өткізгішті магнит өрісінде ауыстырғанда істелетін жұмыс.

Магнетиктер. Диа- және парамагнетиктер Ферромагнетиктер

Магниттік гистерезис. Кюри температурасы. Екі ортаның шекарасындағы шекаралық шарттар. Заттағы магнит өрісі үшін толық ток заңы.



1

Дәріс № 14. Электромагниттік индукция құбылысы. Максвелл теңдеулері.

Электромагниттік индукцияның негізгі заңы. Ленц ережесі. Өзара индукция және өздік индукция құбы лысы. Ұзын соленоидтың индуктивтігі. Өзара индукиця коэффициенті. Токтың магнит энергиясы. Магниттік энергияның тығыздығы. Электромагниттік индукция құбылысын Фарадейлік және Максвелдік түсініктемесі. Ығысу тогы.



Максвелл теңдеулерінің жүйесі. Электрлік және магниттік өрістерінің салыстырмалылығы. Векторлық және скалярляқ потенциалдар. Толқындық теңдеу. Электромагниттік қозудың таралу жылдамдығы.

1

Дәріс № 15. Электромагниттік тербелістер. Электромагниттік тербелістер.Тербелмелі контур. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Резонанс. Айнымалы электр тогы. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Кернеулер мен токтардың резонансы. Динамикалық хаос.

1

Зертханалық сабақтар

Зертханалық сабақ № 1 «Қателіктер теориясына кіріспе. Геометриялық дұрыс формалы денелердің тығыздықтарын анықтау»

1

Зертханалық сабақ № 2 «Трибометрдің көмегімен үйкеліс коэффициентін анықтау»

1

Зертханалық сабақ № 3 «Обербек маятнигі көмегімен айналмалы қозғалыс заңдылықтарын зерттеу».

2

Зертханалық сабақ № 4 «Стокс әдісімен сұйықтың тұтқырлық коэффициентін анықтау»

1

Зертханалық жұмыс № 5 «Тербелмелі қозғалыс заңдарын зерттеу»

1

Зертханалық жұмыс № 6 «Газдың жылу сиымдылықтарының қатынасын Клеман-Дезорма әдісімен анықтау»

1

Зертханалық жұмыс № 7 «Құмның жылу өткізгіштік коэффициентін анықтау»

2

Зертханалық сабақ № 8 «Электростатикалық өрісті зерттеу»

2


Зертханалық сабақ № 9«Металдардың кедергілерінің температураға тәуелділігін анықтау»

2

Зертханалық сабақ № 10 «Уитстон көпірі арқылы кедергілерді анықтау»

1

Зертханалық сабақ № 11 «Жердің магнит өрісінің кернеулігінің горизонталь құраушысын анықтау»

1

Машықтану сабақтары

Машықтану сабағы № 1 «Материалық нүктенің кинематикасы».

1

Машықтану сабағы № 2 «Материалық нүктенің динамикасы»

1

Машықтану сабағы № 3 «Қатты дененің динамикасы»

1

Машықтану сабағы № 4 «Механикадағы сақталу заңдары»

1

Машықтану сабағы № 5«Арнайы салыстырмалылық теориясы элементтері. Тұтас орталар механикасының»

1

Машықтану сабағы № 6 «Гармоникалық тербелістер. Толқындық процестер»

1

Машықтану сабағы № 7 «Газ заңдары. Статискалық таралу.»

1

Машықтану сабағы № 8 «Термодинамиканың І заңын қолдану»

1

Машықтану сабағы № 9 «Тасымалдау құбылыстары. Реал газдар»

1

Машықтану сабағы № 10 «Зарядтардың өзара әсерлесуі. Электростатикалық өрісте зарядтарды тасымалдау жұмысы.Электр өрісінің энергиясы»

1

Машықтану сабағы № 11 « Остроградский – Гаусс теоремасын қолдану»

1

.Машықтану сабағы № 12 «Тұрақты ток заңдары»

1

Машықтану сабағы № 13 «Био-Саваар –Лаплас заңын қолдану»

1

Машықтану сабағы № 14 «Электромагниттік индукция заңы. Магнит және электр өрістерінде зарядталған бөлшектердің қозғалысы»

1

Машықтану сабағы № 15 «Электромагниттік тербелістер. Айнымалы электр тоғы»

1

5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

5. 1 Бүкіл әлемдік тартылыс күші.

5. 2 Консервативті және консервативтік емес кұштер.

5. 3 Инерциальды емес санақ жүйесіндегі қозғалысты сипаттау.

5.4 Тепе-тең күй және процестер, оларды термодинамикалық диаграммаларда кескіндеу.

5. 5 Статистикалық таралуы.

5.6 Термодинамиканың бірінші және екінші бастамасы.

5.7. Тепе-теңдіксіз термодинамикалық жүйелердегі тасымалдау құбылыстары.

5.8 Электростатика.

5.9 Тұрақты электр тоғы

5.10 «Өткізгіш-вакуум» арасындағы шекаралық шарттар.

5.11 Гальваникалық элементінің ЭҚҚ-і.

5.12 Қарапайым жүйелердің магнит өрістерін есептеу.

5.13 Магнит тұзағы.

5.14 Электромагниттік индукция құбылысы

5.15 Максвелл теңдеулерінің жүйесі.
6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

3 кесте – «Физика – 1» пәнінің оқу-әдістемелік картасы




Тақырыптар


Көрнектілік құралдар, ОТҚ, плакаттар, зертханалық стендтер

Өздік оқуға арналған сұрақтар

Бақылау түрі

Дәріс сабақтары

Машықтану

сабақтары



Зертханалық сабақтар

1

2

3

4

5

6

Дәріс № 1. «Механика.Кинематика негіздері»

Машықтану сабағы № 1 «Материалық нүктенің кинематикасы».

«Қателіктер теориясына кіріспе. Геометриялық дұрыс формалы денелердің тығыздығын анықтау»

Геометриялық дұрыс формалы денелер, микрометр, таразы.

1 Бүкіл әлемдік тартылыс күші.




Дәріс № 2 «Материалық нүктенің және қатты дененің динамикасы»

Машықтану сабағы № 2 «Материалық нүктенің динамикасы»

« Трибометрдің көмегімен үйкеліс коэффициентін анықтау»










Дәріс № 3 «Сақталу заңдары»


Машықтану сабағы № 3 «Қатты дененің динамикасы»

«Обербек маят-нигі көмегімен айналмалы қозға-лыс заңдылықта-рын зерттеу».

Зертханалық қондырғы

2 Консервативті және консервативтік емес кұштер.




Дәріс № 4«Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері».

Машықтану сабағы № 4 «Механика

дағы сақталу заңдары»





Обербек маятнигі, жүктер, секундомер, сызғыш

3 Инерциальды емес санақ жүйесіндегі қозғалысты сипаттау.




Дәріс № 5

«Сұйықтар мен газдар механикасы »



Машықтану сабағы № 5

«Арнайы салыстырмалылық теориясы элементтері. Сұйықтар мен газдар механикасы »



«Стокс әдісімен сұйықтың тұтқырлық коэффициентін анықтау»

Зертханалық қондырғы, секундомер, жүктер

4 Тепе-тең күй және процестер, оларды термодинамикалық диаграммаларда кескіндеу.




Дәріс № 6 «Тербелістер мен толқындар»

Машықтану сабағы № 6 «Гармоникалық тербелістер. Толқындық процестер»

«Тербелмелі қозғалыс заңдылықтарын зерттеу»

Математикалық және физикалық маят-никтер, секундомер, өлшеуіш сызғыш

5 Статистикалық таралуы.




Дәріс № 7 «Статистикалық физика және термодинамика»



Машықтану сабағы № 7 «Газ заңдары. Статискалық таралу»

«Газдың жылу сиымдылықтарының қатынасын Клеман-Дезорма әдісімен анықтау»

Зертханалық қондырғы

.6 Термодинамиканың бірінші және екінші бастамасы.




Дәріс № 8 «Термодинамика негіздері»



Машықтану сабағы № 8 «Термодинамиканың І заңын

қолдану.»



«Стокс әдісі көме-гімен сұйықтың тұтқырлық коэф-фициентін анық-тау»

Зертханалық қондырғы, секундомер, өлшеуіш сызғыш, микрометр, қорғасын шариктер

7. Тепе-теңдіксіз термодинамикалық жүйелердегі тасымалдау құбылыстары.




Дәріс № 9

«Тасымалдау құбылыстары.

Нақты газдар»


Машықтану сабағы № 9 «Тасымалдау құбылыстары. Реал газдар».

«Құмның жылу өткізгіштік коэф-фициентін анықтау»

Зертханалық қондыр-ғы, термометр, қыздырғыш плита, колориметр, штангенциркуль

8 Электростатика.




Дәріс № 10

«Электростатика»




Машықтану сабағы № 10 «Зарядтардың өзара әсерлесуі.

Кулон заңы. Электростатика өрісте зарядтарды

тасымалдау жұмысы.Электр өрісінің энергиясы.»


«Электростатикалық өрісті зерттеу»

Цилиндрлі және нүктелік өткізгіштер, гальванометр

9 Тұрақты электр тоғы




Дәріс № 11 «Электростатика

лық өрістегі диэлектриктер»



Машықтану сабағы № 11

« Остроградский – Гаусс теоремасын қолдану»



«Кедергінің температурағы тәуелділігін зерттеу»

Кедергілер магазині, гальванометр, қыздырғыш плита, кедергі

Гальваникалық элементінің ЭҚҚ-і.




Дәріс № 12 «Тұрақты электр тоғы»



Машықтану сабағы № 12 «Тұрақты ток заңдары ».

«Уитстон көпірі арқылы кедергілерді анықтау»

Кедергілер магазині, кедергілер, гальванометр, реохорд

12 Қарапайым жүйелердің магнит өрістерін есептеу.




Дәріс № 13

«Магнит өрісі.

Заттағы магнит өрісі»


Машықтану сабағы № 13 «Био-Саваар –Лаплас заңын қолдану»

«Жердің магнит өрісінің кернеу-лігінің горизон-таль құраушысын анықтау»

Тангенцгальапано-метр, компос, реостат, кілт, амперметр, вольтметр

Магнит тұзағы.




Дәріс № 14 «Электромагниттік индукция құбылы

сы. Максвелл теңдеулері».




Машықтану сабағы № 14 «Электромагни

ттік индукция заңы. Магнит және электр өрістерінде зарядталған бөлшектердің қозғалысы»









14 Электромагниттік индукция құбылысы




Дәріс № 15 «Электромагниттік тербелістер».

Машықтану сабағы № 15 «Электромагниттік тербелістер. Айнымалы электр тоғы»







15 Максвелл теңдеулерінің жүйесі.





7 ОҚУ-ӘДІСТЕМІЛІК ОҚУЛЫҚПЕН ҚАМТАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
7 кесте Оқу-әдістемелік оқулықпен қамтамасыз етілу картасы


Оқулықтар,

оқу-әдістемелік құралдар

аттары


саны

Студенттер саны

Қамтылу пайызы

1

2

3

4

1 Асқарова Ә.С. Молекулалық физика. Оқулық-А., 2006

20

4

100

2 Қойшыбаев Н., Шарықбаев А. Физика: Механика. Молекулалық физика және жылу. Т.1-А.., 2001

25

4

100

3 Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы. 1 том: Механика. Молекулалық физика. Термодинамика.-А., 2001

30

4

100

4 Яворский Б.М. Основы физики. Учеб. В 2-х т. Т.1: Механика. Молекулярная физика. Электродинамика-М., 2000

5 т.2 Колебания и волны. Квантовая физика. Физика ядра и элементарнықх частиц. М., 2000



5

5


4

100

6 Жұманов К.Б. Оптика негіздері: Оқу құралы.- А.- 2004




4

100

7 Бейімбетов Ф.Б. Электр және магнетизм: Оқу құралы.-А., 2004




4

100

8. ОҚУЛЫҚТАР

8.1 Негізгі оқулықтар

8.1.1Физика курсының лекциялары: жоғары орын. студенттеріне арн. оқу құралы / Ж. Абдула, Т. Аязбаев; ҚР жоғары оқу орын. қауымдастығы.- Алматы, 2012

8.1.2 Механика. Молекулалық физика.Электр және магнетизм.- Семей, 2009

.8.1.3 Курс общей физики: в 4-х т.  Т.1. Механика. Молекулярная физика и термодинамика.- М., 2009.

8.1.4 Механика. Молекулалық физика және термодинамика/ Мажитова Л.Х.-А.,2002

8.1.5 Трофимова Т.И. Курс физики. М, Высшая школа, 1981-1999 г.

8.1.6 Савельев И.В. Жалпы физика курсы I, II. Алматы Мектеп 77ж.(аударма)

8.1.7 Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики, М, Высшая школа, 1989 г.

8.1.8 Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж.

8.1.9 Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж..

8.1.10 Жумагулов А.Ж., Естекбаев М.Қ., Тұрысбекова Б.Ш., Паримбеков З.А. Физика лабораториялық практикум. Семей,1 995 ж.
8.2. Қосымша
8.2.1. Дж. Орир Физика в 2-х томах ., Москва, Мир, 1981 г.

8.2.2. Берклеевский курс физики 1-6 томы, Москва, Наука, 1971 – 1978.



8.2.3. Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачи по физики. М. Высшая школа, 1988 г.

      1. Белешина А.М. Учебное пособие для самостоятельного обучения решения задач по физики в вузе, Воронеж, ВГУ, 1968 г.

      2. Физический практикум под редакцией Ивероновой В.И., М, Наука, 1968 г.

8.2.6. Беликов Б.С. Решение задач по физики, М, Высшая школа, 1986 г.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет