5В080100 «Агрономия» мамандығына арналған


Ауа ылғалдылығының жетіспеушілігі



бет16/24
Дата26.08.2017
өлшемі11,3 Mb.
#29677
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Ауа ылғалдылығының жетіспеушілігі (d) деп, су буының ең жоғарғы тығыздығы (Е) мен ауаның абсолюттік ылғалдылығының (е) айырмасын айтамыз, мб және мм өлшемдерімен сипатталады.

Ол мынадай формуламен есептелініп шығарылады:

d=E-e,

Ауаның ылғалдылығы өзгермеген жағыдайда температура жоғарылаған сайын, ауаның құрғақтығы және ылғалдың жетіспеушілігі артады. Ылғал жетіспеушілік салдарынан булану және өсімдіктер траспиратциясы күшейеді.



Шық нүктесі дегеніміз ауадағы су буы (атмосфералық қысым өзгкемегенде) толық қаныққанда болатын (көрсететін) температура. Шық нүктесі градуспен өлшенеді. Шық нүктесін анықтау үшін абсолюттік ылғалдықты(е) білу негізінде,су буының ең жоғарғы тғыздығы кестесі арқылы анықталады.

Егерде e=E болса ауаның су буына толық қаныққанын көрсетеді. Шық нүктесі бойынша үсіктің болуын алдын ала болжайды. Егер 21 сағатта t=2, немесе < 2, онда таңертең үсік болады. Өйткені шық нүктесі ауада су буының аз болуын білдіреді, соның әсерінен жер бетінен тиімді сәлелену көбейеді. Шықтың мол түсуі үсіктің болуының алдын алады, себебі су буының конденсаттанатын кезінде жасырын жылылық бөлініп шығады.



Зертханалық-тәжірибелік сабақ № 5

Сабақтың мақсаты: Ауа ылғалдылығын өлшеу тәсілдері, аспаптармен танысу және өлшеулер жүргізіп, оларды өңдеп е, r, d, t көрсеткіштерін есептеу.

Ауа ылғалдылығын өлшеу тәсілдері

Ауа ылғалдылығы екі әдіспен өлшенеді:

1.Психрометірлік – бұл тәсіл бірдей екі термометірдің (біреуі құрғақ, екіншісі ылғалданған) көрсеткіштеріне негізделген.

2.Гигрометірлік – майынан арылған адам шашының немесе мал пленкасының ылғал өзгергенде ұзару немесе қысқару қасйеттеріне негізделген.

Аспаптар:

1.Психрометрлер;

а) Станциондық ;

ә) Аспирациондық;

2.Гигрометр;

3.Гигрограф.



Станциондық психрометр – бұл психрометр күркесіндегі штативке орналастырған бірдей екі термометрден тұрады. Сол жақтағы – құрғақ, ал оң жақтағы ылғал термометр (резервуары батиспен бойланып, стакандағы таза суға батырылған).(12-сурет).

Бақылау: Термометрден есепті тез түрде алу керек – баста ондық бөлігін, кейін бүтін бөлігін жазу керек.

Ауаның ылғалдылығын құрғақ және ылғалды термометрлердің көрсеткіштері арқылы, формуламен немесе психрометрлік кестеден алу керек.



Аспирационалдық психрометрлер. Бұл ауаның температурасымен ылғалдылығын егіс ішінде өлшеу үшін арналған. Ал бұның қызыметі станциондық психрометрлермен бірдей(15-сурет).

Құрылысы. Бұл цилиндр тәріздес резервуары бар екі термометрден тұрады. Термометрлер арнайы оправаларға қондырылған. Резервуарлар трубкаға салынған, сол арқылы ауаны сорады және арнаулы тусіктер арқылы оны сыртқа шығарады. Жылылық корпустағы резервуарлардан кетпеу үшін олардың арасында пластмассалықсақиналар қойылған. Ал аспиратордың ішінде серппе механизмі бар, осының істеу себебі резервуарлардың жан-жағынан ауа сорылады.

Орналасуы: Психрометрлерді ілгішке іледі. Ал батисті ылғалдау үшін пипетканы пайдаланады.

Есеп . Аспираторды қосқаннан кейін есепті жазда 3-4 минуттан, ал қыста 30 минуттан кейін алады. Ауаның ылғалдылығын есептеу станциондық психрометрлермен бірдей.

Шаш гигрометрі – бұл ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеуге арналған.

Құрлысы: Қабылдау бөлімі – майынан арылған адам шашы, рамаға тартылған. Шаштың жоғары жағы винтпен тартылып, ал төменгі жағы стерженмен байланған, металл доғаға бекітіледі. Ылғалдылықтың өзгеруімен шаштың ұзындығы да өзгереді. Осының себебінен стрелка қозғалып 0-ден бастап, 100%-ға дейінгі аралықтағы ылғалдықты көрсетеді(16-сурет).

Орналасуы: Шаш гигрометрін күркедегі құрғақ және ылғалдық термометрдің ортасына орналастырады.

Есеп. Бір процент дәлдікке дейін көрсеткішті анықтайды. Бұны қыс айларында пайдаланады.

Гигрограф ауаның салыстырмалы ылғалдылығын бөлмей, үздіксіз жазу үшін арналған. Өзі жазатын гигрографтар тәуліктік, апталық болады және шаштан немесе пленкадан істелген түрлері болады.

Құрылысы:

1)қабылдау бөлімі;

2)тасымалдау бөлімі ;



3)корпус.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет