6. 4-тақырып. Бес жастағы балалардың геометриялық пішін туралы түсініктерін қалыптастыру Жоспар



бет1/4
Дата04.04.2022
өлшемі18,74 Kb.
#137858
  1   2   3   4
Байланысты:
Бес жастағы балалардың геометриялық пішін туралы түсініктерін қалыптастыру- ҚМҰҚ 31.03
1513930195, 1513930195, 95623, Экзамен 2022.12.12 Word, Корпоративтік секторды талдау Кобыландыкызы Назира, невралгия аурулары, Энергия алмасуы, Green Blobs Basic Simple Presentation.pdf 20231019 093430 0000

6.4-тақырып. Бес жастағы балалардың геометриялық пішін туралы түсініктерін қалыптастыру
Жоспар:
1. Ересек топтағы жұмыс әдістемесі
2. Ойындар мен жаттығулар барысында балалардың пішін туралы ұғымдарының дамуы.

Ересек топтағы жұмыс әдістемесі


5-6 жаста балаларда геометриялық фигуралардың кейбір белгілері туралы ұғымдарды, оларды жалпы белгілері негізінде қорыту қабілетін бекітеді.
Балаларға шаршы мен шеңбердің, тікбұрыш пен сопақтың шектерін зерттеу және олардың бір-бірінен айырмашылығы неде және ортақ белгілері жайлы ойлану ұсынылады. Балалар шаршы мен тікбұрыштың «бұрыштары» бар, ал шеңбер мен сопақта жоқ екенін анықтайды. Тәрбиеші тікбұрышты, шаршыны саусақпен бедерлей отырып, фигураның бұрыштарын, ұштарын, қабырғаларын түсіндіреді және көрсетеді. Ұшы – бұл фигураның қабырғалары түйісетін нүкте. Қабырға және ұштар фигураның шектерін, ал
шектер оның ішкі аясымен – фигураның өзін құрайды. Балаларға ішкі аясын қызыл қарындашпен бояуға, ал көк қарындашпен оның шектерін, қабырғаларын сызып көрсетуді ұсынуға болады. Сондай-ақ балалар ұштарын, қабырғаларын және бұрыштарын есептейді. Шаршыны шеңбермен
салыстыра отырып, шеңбердің ұштары мен бұрыштарының жоқ екенін, тек
шеңбер шектерінің – дөңгелектің барын айтады.
Әрі қарай ішкі аясы мен оның шектерін ажыратуға, қабырғаларды, ұштар, бұрыштар санын есептеуге үйренеді. (Үшбұрышта үш ұшы, үш бұрышы, үш қабырғасы бар және оның тікбұрыш пен шаршыдан айырмашылығын атайды).
Балаларды өз жауабын талдауға, фигураның белгілерін зерттеу кезінде қорытынды жасауға үйретеді, іс-әрекеттерді өздігінен орындауға қызығушылығын және мүмкіндігін туғызады. Ал тәрбиеші педагогикалық тұрғыдан жауапты табу жолдарын және амалдарын дұрыс көрсете білуі тиіс.
Төртбұрыш түсінігімен танысқан (төрт бұрышы бар көптеген фигураларды көрсете отырып) кезде балаларды шаршының де, тікбұрыштың да төртбұрыштың түрлері болып табылатынына жетелеу керек және осы топқа өздігінен бір атау табуды ұсыну. Балалар «төрт қабырғалы», «төртбұрышты» деп айтады – бұл жалпылаудың қалыптасуына септігін тигізеді. Әрі қарай төртбұрыштар туралы білімді бекіту үшін түрлі көлемдегі және түстегі фигураларды жіктеу бойынша жаттығуларды, текшелерге бөлінген қағазда төртбұрыштарды сызып көрсету және т.б. әдістерді жалғастыруға және ұйымдастыруға болады.
Балаларды заттың пішінін геометриялық фигуралармен салыстыруға үйрету мынадай үлгіде өтеді: қандай да бір заттың пішіні қай геометриялық
фигура немесе олардың үйлесуіне сәйкес келетінін көре білуді дамыту. Бұл
екі кезеңмен іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет