6-7 дәріс Тақырыбы. Көкөніс дақылдарының сыртқы орта жағдайларына қоятын талаптары. Су, ауа-газ және қоректік түзімдері. Мақсаты



бет2/3
Дата09.03.2023
өлшемі78,21 Kb.
#171642
1   2   3
Байланысты:
6-7 daris ksh

Топырақ пен ауаның газ түзімі.
Атмосфералық ауаның құрамында азот мөлшері - 78%, оттегі мөлшері 21%, көмірқышқыл газы – 0,03%, және 0,97 % инертті газдар. Ауаның газды ортасының элементтерінің ішінде өсімдіктер үшін маңыздысы оттегі мен көмірқышқыл газы. Оттегі өсімдіктердің тыныс алуы үшін қажет. Оттегіне қажеттілік өсімдік өсуінің алғашқы фазасы – тұқым өнуден басталады.
Өсімдіктің жер үсті бөлігі үшін оттегінің жетіспеушілігі болмайды, ал тамыр жүйесі тығыз топырақта, топырақ қабыршағы түзілгенде, ылғал шамадан тыс болғанда өсуі тежеледі. Бұл өнімділіктің төмендеуіне немесе өсімдіктің толық жойылуына әкеледі. Оттегі сонымен қатар өсімдіктің қоректенуіне ықпал ететін топырақтағы микроорганизмдерге қажет.
Топырақтың аэрациясын жақсарту мақсатында келесі шаралар жүргізіледі:

  • Ылғалдылық жоғары топырақтарда көкөніс дақылдарын жүйектерде және жалдарда өсіреді;

  • Жаңбырдан соң және суарудан кейін топырақ қабыршағын жою үшін қопсыту жүргізеді;

  • Қорғалған топырақта ауаны жақсы өткізетін субстраттарды таңдау және суғару режимін қадағалау.

Көмірқышқыл газ (СО2) өсімдіктерге фотосинтезге қажет. Өсімдіктің құрғақ зат мөлшерінің 45 %-ын көміртегі құрайды. Көкөніс дақылдарының көмірқышқыл газын тәуліктік тұтынуы 1 га-ға 500 кг. Сондықтан өсімдіктерді қоректік элементтер және сумен қамтамасыз етумен қатар, ауадағы көмірқышқыл газының құрамын жоғарлату үшін жағдай жасау керек. Жердің беткі бөлігіндегі ауаны көмірқышқыл газымен байыту үшін органикалық тыңайтқыш енгізіледі және топырақты қопсытамыз. Қопсыту нәтижесінде топырақ оттегімен қанығып, микроорганизмдердің қызметі жақсарады және тамырдың тыныс алуы күшейеді, ол топырақтан көмірқышқыл газының бөлінуін жақсартады. Оның көкөністер үшін оптималды мөлшері 0,1-0,3%. Көмірқышқыл газының концентрациясын 0,3-0,6 %-ға көтергенде дақылдың өнімділігі артады. Бірақ топырақта ұзақ уақыт бойы көмірқышқыл газының шамадан тыс жоғары болуы тамырға кері әсерін тигізеді. Әсіресе СО2-ның шамадан тыс жоғары мөлшері өніп келе жатқан ұсақ тұқымдарға (сәбіз, ақжелкен, пияз, балдыркөк) топырақ бетінде қабыршақ пайда болғанда зиянын тигізеді.


Қорғалған топырақта көмірқышқыл газымен қамтамасыз ету газогенераторларда табиғи газдарды жағу, қазандықтардың түтінді газдарын пайдалану және жасаң көңді ашыту арқылы жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет