6 дәріс. Жаңа дәурдегі қазақстан (XVIII хх ғ. басы) Қазақстандағы отарлық дәуірінің басы


А. Тевкелев бастаған елшіліктің Кіші жүзде болуы



бет2/7
Дата10.11.2023
өлшемі45,65 Kb.
#190863
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6 дәріс 2023
Музыка тарихы 10 апта, 2 5213183883150887720, ЭНТОМОЛОГИЯ ТЕСТ Б-19-1 Модуль 2 (1), Список ИИН, 545194.pptx, Казыбаева Ақниет философия Сөж
А. Тевкелев бастаған елшіліктің Кіші жүзде болуы Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731 жылғы 30 сәуірде Санкт-Петербургтен А.И. Тевкелев бастаған елшілікті жіберді. Оған Кіші жүздің билеушілерін Ресейдің қол астына қалай өткізуі керектігі жөнінде жан-жақты нұсқау берілді. Кіші жүздің ат төбеліндей билеуші тобын қалағанынша дүние-мүлік беріп, тікелей сатып алу жағын да қарастырып көруді тапсырды.
Ол үшін 1 миллион орыс рубліне дейін жұмсауға рұқсат етілді. Әбілқайырға императрица Анна Иоанновнамың атынан қымбат бағалы сыйлықтар — болат қылыш, бұлғын ішік, екі түлкі тымақ, шұға маталар мен басқа да сыйлықтар беру көзделді. Бірақ оларды Құран ұстап ант берілгеннен және құжатқа кол қойылғаннан кейін ғана тапсыру қарастырылды. Дипломатиялық тапсырмамен келгендердің құрамында башқұрттың ықпалды старшины әрі батыры Таймас Шайымов тa болды.
Бұл дипломатиялық тапсырмамен келген елшілік, сонымен қатар барлау мәліметтерін де жинауға — жер бедерін суреттеуге, қазақтардың тілі, әдет-ғұрпы және салт-дәстүрлері туралы мәліметтер жинақтауға тиіс болды. Елшілік сондай-ақ қазақтардың империя қол астына өтуі қабыл алынған кездегі көңіл күйінің қандай болғанын да білуі тиіс еді. Тевклевке қазақтардың ең жақын көрші халықтары туралы да деректер жинау тапсырылды.
Қазақ хандығын Ресейге қосып алуға деген ерекше мүдделіліктің болғаны Ресей императоры I Петрдің мына бір сөздерінен айқын аңғарылады. Ол былай деп жазған еді:



'Бір миллион сомга дейін қыруар көп шығын жұмсайтын болсақ та, оны тек бір жапырақ қағаз арқылы Ресей империясының құрамында ұстау керек, өйткені ол, қырғыз-қазақ ордасы... бүкіл Азия елдерінің қақпасын ашатын кілт.

Әбiлқайыр ханның және оның төңiрегiндегiлердiң ресейдiң қол астына өтуін қабылдауы. А. Тевкелев Ресей империясының сенiмдi өкiлi екендiгiн алға тартып, дүние-мүлiкке қызықтыру, пара беру, уәделi келiсiмге көндiру, кей-кейде ашықтан-ашық қоқан-лоқы жасап қорқыту арқылы келiссөздердi ақыры өз пайдасына шештi. Ресей елшiсi Әбiлқайырдың төңiрегiндегiлердi Ресейдiң қол астына өтуге көндiрдi. 1731 жылы 5 қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілхайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында алаауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз салдыруға тырысқанмен, бұл карсылық сәтсіз аяқталды. Әбілқайыр 1731 жылы 10 қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді, жиынға жиналған қазақ старшиндарының басым бөлігі оның шешіміне пікір айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет