6 дәріс. Жаңа дәурдегі қазақстан (XVIII хх ғ. басы) Қазақстандағы отарлық дәуірінің басы



бет3/7
Дата10.11.2023
өлшемі45,65 Kb.
#190863
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6 дәріс 2023
Музыка тарихы 10 апта, 2 5213183883150887720, ЭНТОМОЛОГИЯ ТЕСТ Б-19-1 Модуль 2 (1), Список ИИН, 545194.pptx, Казыбаева Ақниет философия Сөж
1731 жылдың 10 қазан күнi Әбiлқайыр хан, бiрқатар сұлтандар және iрi билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады. Бұл оқиға Ырғыз және Тобыл өзендерiнiң арасындағы Майтөбе деген шатқалда өттi. Ант қабылдауға барлығы 29 қазақ старшыны қатысты. Ол ең алдымен «хан партиясы» деп аталатын топтың мүшелерi болатын. Бiрiншi болып Әбiлқайыр хан, одан соң оның төңiрегiндегiлер ант қабылдады. Қазақ ақсүйектерiнiң едәуiр тобы өз мүдделерiн көздеп, келiссөздер жүрiп жатқан кезде дипломатиялық тапсырмамен келгендерге қолдау бiлдiрдi. Қазақтардың Ресейдiң қол астына өтуi, мiне, осылай басталды. Әбiлқайыр Ресей патшасының тағына адал болудың кепiлi ретiнде өзiнiң ұлдарының бірін Ресейге аманат жiберуге уәде еттi. Ресейдiң дипломатиялық тапсырмамен келген елшiлерi Қазақстан аумағында бiр жылдан астам уақыт бойы болды. Ол қазақ қоғамын егжей-тегжейлi жан-жақты зерттедi, қаншалықты мол мүмкiндiктер бар екенiн байқап қарады. А. Тевкелев Кiшi жүзде атқарған сәттi дипломатиялық қызметi үшiн әуелi полковник, одан сәл кейiнiрек орыс армиясының генералы әскери шенiн алды. Ақырында оның ұрпақтары Орынбор өлкесiндегi iрi-iрi помещиктерге айналды. Олардың мыңдаған басыбайлы шаруалары болды. Ал башқұрт старшинасы Таймас Шайымовқа тархан атағы берiлдi. Әбiлқайыр хан Ресейдiң қол астына өтудi қабылдағаннан кейiн Кiшi жүз қазақтарының арасындағы беделi мен ықпалынан айырыла бастады. Оның Ресей қол астына өтуден күткен үмiтi ақталмады. Ол тек Кiшi жүздiң ханы болып бекiтiлдi. Сондықтан ол өз ғұмырының соңғы күнiне дейiн патша әкiмшiлiгiне бағынбауға тырысты. Оның үстiне, қазақтардың қалмақтармен, башқұрттармен және Орал казактарымен шегара аймағындағы шиеленiстi қақтығыстары тоқтатылмады. Әбiлқайырдың патша үкiметiне қарсы белсендi iс-әрекеттерi оның саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқанынан кейiн ғана тоқтады. Ресейдiң қол астына өткен Кiшi жүз қазақтарына патша үкiметi тарапынан ешқандай нақты әскери көмек көрсетiлмедi. Сондықтан жоңғарлардың билеушiсi Қалдан Серен Қазақстан аумағына жаңадан жойқын жорық жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет