6 Дәріс. Өсімдік шикізатында кездесетін қышқылдар және олардың туындылары



бет1/5
Дата18.10.2023
өлшемі204,69 Kb.
#186485
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ХПС 6 дәріс


6 Дәріс. Өсімдік шикізатында кездесетін қышқылдар және олардың туындылары
Жоспары:

  1. Өсімдіктердегі органикалық қышқылдар

  2. Оксибензой қышқылдары және олардың туындылары

  3. Оксиқабық қышқылы және оның туындылары

Органикалық қышқылдар деп молекула құрамында бір немесе бірнеше қышқыл қалдығы бар органикалық қосылысты атаймыз.
Қышқылдар молекуласындағы радикал құрылысына қарай алифатты, аро-матты және гетероциклды болып бөлінеді. Сонымен қатар органикалық қыш-қылдар карбоксил топтың санына қарай бір немесе екі негізді деп бөлінеді. Олар өсімдік шикізатында кеңінен таралған, өсімдіктің құрамында әртүрлі шоғырланады, қышқылдардың биологиялық маңызы да әртүрлі. Мысалы, никотин қышқылы және оның амиді – никотинамид – РР-дәрумені есебінде белгілі, меди-цинада пеллагра ауруын емдеуде қолданылады. Никотинамид ферментті жүйенің құрамды бөлігі, ағзадағы тотығу-тотықсыздану процесі үшін жауапты, ал никотин қышқылының диэтиламиді-кордиамин – орталық нерв жүйені ынталандырушы зат. Органикалық қышқылдар өсімдік шикізатында көбіне тұздар, эфирлер, димерлер, бос күйінде кездесіп, өсімдік жасушасындағы шырында буферлі жүйе құрайды. Алифатты органикалық қышқылдар ұшатын (құмырсқа, сірке қышқылдары) және ұшпайтын (гликоль, алма, лимон, қымызды, сүт, пирожүзім, малон, янтар, шарап, фумар, изомай, цис-аконит, изовалериан), т.б. қышқылдар болып бөлінеді.
Сірке қышқылы өсімдік шикізатында бос және тұздар немесе эфирлер түрінде болады.
Изомай қышқылы Arnica мontana өсімдігінің эфир майында кездеседі. Изовалериан қышқылы валериана түбірінде эфир түрінде және көптеген эфир майларында табылған.
Ароматты қышқылдар – бензой, салицил, галла, қабық, кофейн, кумар және хлороген қышқылдар өсімдіктерде бос және күрделі эфирлер түрінде анықталған.
Қымызды қышқылдың тұздарын оксалаттар дейді. Олардың кейбір тұздары қиын еритін тұздар түзіп, бүйректе және қуықта оксалатты тастар түзуі мүмкін. Малон және глутар қышқылы қызылша шырынында бар. Ал малон қышқылының уреиді – барбитур қышқылы делініп аталып, ұйқы келтіретін зат есебінде танылған.
Янтар қышқылы піспеген жүзімде, жемістерде, қызылша шырынында кездеседі. Ол алма және шарап қышқылы ыдырағанда көп мөлшерде түзіледі. Қанықпаған карбон қышқылдарының өкілі – фумар қышқылы өсімдік шикізатында табылған.
Жеміс-жидектерде органикалық қышқылдар бос күйінде, ал жапырақтарында байланысқан түрде болады. Өсімдік шикізатында маңызды орынды тағы да урон қышқылдары алады. Бұл қышқылдар жоғарғы молекулалы қосылыс-поли- уронидтер синтезіне қатысады. Өсімдік шикізатында полиуронидтерге пектин заттар, альгин қышқылы, камеди және кейбір (шайырлар) слизьдер жатады.
Өсімдік шикізатында органикалық қышқылдардың түзілуіне өсімдіктің өсетін жері, жердің құнарлылығы, ауа райы, тыңайтқыштар, суғару, өсімдіктің даму фазасы кезіндегі оң және теріс жағдайлар, жемістердің бітік немесе нашар шығуы, жинау тәсілі, сақтау мерзімі, температураға байланысты болады. Піспе- ген жемісте және қартайған жапырақта көбіне алма, лимон, шарап қышқылдары жинақталады. Көкөністердің ескі жапырақтарында (щавель, шпинат, ревень) қы- мызды қышқыл, ал жас жапырақтарында – алма, лимон қышқылы шоғырланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет