6 Дәріс. Өсімдік шикізатында кездесетін қышқылдар және олардың туындылары


Оксибензой қышқылдары және олардың туындылары



бет2/5
Дата18.10.2023
өлшемі204,69 Kb.
#186485
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
ХПС 6 дәріс

Оксибензой қышқылдары және олардың туындылары
Оксиқышқылдарының ішіндегі ең көп тараған түрі п-оксиқышқылы, протокатех және ванилин қышқылы.

Сонымен қатар жиі кездесетін қышқылдардың қатарына галл және гентизин қышқылдары жатады, ал сирек кездесетіндері – салицил, сирень және о- пирокатех қышқылдары жатады ( 2,3- диоксибензой қышқылы).


Галл қышқылы басқа оксибензой қышқылдары өсімдік жасушаларында көп жағдайда көмірсулармен бірге еритін және ерімейтін конъюгант ретінде кездеседі. Гидролизатпен (2н. HCl және 2н. NaOH) өсімдіктің Gaultheria 22 түріне хроматографиялық анализ жүргізгенде барлық жағдайда п-оксиқышқылы, протокатех, ванилин, о-пирокатех және гентизин қышқылы кездескен, ал 13 түрінде салицил қышқылы табылған.
п-оксибензой қышқылы, протокатехин және ферул қышқылдарының практи- калық бірге кездесуі папоротниктің 46 түрін зерттегенде анықталған. Жүгерінің сабағында қышқылдық гидролизаттар п-оксибензой және ванилин қышқылда- рынан басқа сирень қышқылы да табылған. Тереңірек зерттеу нәтижесінде өсімдіктің 122 түрінде бос және байланысқан п-оксибензой қышқылы табылған, көбінесе гентизин қышқылымен байланыс- қан. П-оксибензой қышқылы мен ванилин қышқылдары жер жаңғақ пен басқа да өсімдіктердің тамырынан алынған гидролизаттан бөлінген.
Көптеген жидектердің (земляника, черника, смородина, крыжовник және т.б) метанолды экстрактысынан п-оксибензой қышқылы, протокатехин және галл қышқылдырының 4-O-β-D-глюкозидтері идентификацияланып алынған, п-окси- бензой және ванилин қышқылдарының глюкозидтері Larix laricina sibirica өсім- дігінің жапырақтарында кездеседі, Tecomella undulate өсімдігінің қабығынан ве ратров қышқылының (3.4-диметоксибензой қышқылы) глюкозды эфирі табылған. Бос галл қышқылы аз мөлшерде шай, герань, сумаха ( Rhus typhina) және басқа да өсімдіктердің жапырақтарында кездеседі. Негізін гидролизденетін тері илегіш заттар құрайтын глюкозамен оның эфирі кең таралған. Олардың ішіндегі ең қарапайымы глюкогаллин (моногаллоилглюкоза), ол ревень және эвкалипт өсімдігінен табылған.
С6-С1 қатардағы альдегидтер мен спирттер жоғарғы өсімдіктерде салыстырмалы түрде аз мөлшерде кездеседі. Белгілі альдегидке ванилин, сонымен қатар оксибензой спиртінің глюкозиді «салицин, салигенин» деген атпен белгілі (2- оксибензил спиртінің глюкозиді), салирепозид және ниграцин (гентазил спиртінің глюкозид 6-O-бензоатының изомері).
С алицин Salicaceae өсімдігінің туысында кең таралған. Ол ең алғаш рет 1828 жылы Бюхнер глюкозид түрінде бөліп алған. Сирек кездесетін мысалдар ретіне алмұрттан табылған Pyrus calleryana 4-глюкозида 3,4-диоксибензил спиртінің күрделі эфирлерін, сонымен қатар 3,4,5- триоксибензил спиртінің глюкозидтері мен п-оксибензой, протокатехин қышқылдарының каштанның Castanea crenata жапырақтарында болуын келтіруге болады.
Vanda parishii өсімдігінен ерекше 4-глюкозид п-оксибензил спирті (каллериа- нин) мен лимон қышқылының паришин деп аталатын күрделі эфирі табылған.
Орселлин қышқылы (6-метилрезорцил). Жоғарғы өсімдіктерден орселлин қышқылы табылмаған, бірақ ол түзілуге қатысатын негізгі компонент болып та- былады. Лишайниктерден синтезделіп алынған спецификалық депсидті фенолды қосылыс. Орселлин қышқылының қарапайым депсиді- леканор қышқылы.

Қынадан бөлінген қына қышқылының комплексі парфюмериялық өндірісте жо- ғары сапалы иіс сулар дайындауда ароматты фиксатор ретінде қолданылады. Оның негізгі компоненті эвернов қышқылы (леканор қышқылының моноэтил эфирі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет