№6 дәрістің тақырыбы


Ерігіштікте әсер ететін факторлар.Тұздану эффектісі



бет5/7
Дата19.03.2022
өлшемі90,04 Kb.
#136146
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция-6 Әртекті жүйе (1)
kiyosaki pdf

Ерігіштікте әсер ететін факторлар.Тұздану эффектісі

  • Нашар еритін электролиттің ерітіндісіне бір текті ионы бар күшті электролит қосқанда, оның ерігіштігі төмендейді. Бірақ заттардың ерігіштігіне тек біртекті иондар емес, басқа иондары бар тұздар да әсерін тигізеді. Бұл жағдайда ерігіштік азаймайды, керісінше артады.
  • Мысалы. BaSO4, CaSO4, SrSO4 ерігіштігі КСІ, КNO3, NaNO3 т.б. тұздар қосқанда артады. Қосылатын тұздың концентрациясы неғұрлым жоғары болса, ерігіштік соғұрлым көп өседі. Бұл құбылыс тұздану эффекті деп аталады.
  • Тұздық эффектін иондық активтілігі мен ерітіндінің иондық күші туралы іліммен түсіндіруге болады. Нашар еритін электролит қаныққан ерітіндісіне күшті электролиттің ерітіндісін құйғанда, ерітіндінің иондық күші өседі, бұл иондардың активтілік коэффициентін төмендетеді және 1-ден кіші болады. Сондықтан нашар еритін электролиттің ерігіштігі осы электролиттің судағы ЕК-нен артық болады.
  • Сонымен күшті электролиттер теориясы бойынша тұздану эффектісі басқа электролиттің қосылуынан активтілік коэффициенті төмендеп, ерітіндінің иондық күшінің өсуімен түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет