№6 дәрістің тақырыбы



бет7/7
Дата19.03.2022
өлшемі90,04 Kb.
#136146
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция-6 Әртекті жүйе (1)
kiyosaki pdf

1- есеп

  • Бер: 18°C температурада Mg(OH)2 ерігіштігі 1,7 .10-4моль/л, осы гидроксидтің ерігіштік көбейтіндісін есептеу керек.
  • Шешуі: Mg(OH)2 = Mg2+ + 2OH-
  • Mg(OH)2 ерігенде оның әр молінен ерітіндіге 1 моль магний ионы және екі есе көп ОH- өтеді, олай болса, Mg(OH)2 қаныққан ерітіндісінде
  • [ОH-] = 3,4 .10-4 моль/л, 

    [Mg2+] = 1,7 .10-4 моль/л болады.

  • ЕК Mg(OH)2 = [Mg2+] ∙ [ОH-]2 = 1,7 .10-4 × (3,4 .10-4)2 = 1,96 × 10-11
  • Жауабы: 1,96 . 10-11

2- есеп

  • Бер: Егер ЕКPbSO4= 2,2 . 10-8 болса, қорғасын сульфатының қаныққан ерітіндісінде қорғасын және сульфат иондарының концентрациясы қаншаға тең және оның ерігіштігін молярлық, массалық концентрациялармен көрсетіңіз.
  • Шешуі: 
  • Бинарлы электролиттердің ерігіштігі оның әр ионының молярлы концентрацияларының көбейтіндісіне тең:
  • S = [Pb2+] = [SО2-4] = √2,2 . 10-8 =1,5 .10-4 моль/л,

    MРbSO4 = 303 г/моль

    Массамен көрсетілген ерігіштікті есептейді:

  • m = S . M = 1,5 .10-4 моль/л . 303г/моль = 0,0455 г/л.

3- есеп

Бер: PbI2 ерітіндісінің 18 оС ерігіштігі 8 ∙ 10-9. Тұздың ерігіштігін

(моль /л және г/л) есептеңіз

Шешуі :

Тұздың ерігіштігін S (моль/л) арқылы белгілесе, онда PbI2 қаныққан ерітіндісінде S моль Pb2+ және 2S моль I⌐ иондары бар:

PbI2 ↔ Pb2+ + 2I⌐

 

ЕКPbI2 = [Pb2+] ∙ [ I⌐]2 = S ∙ (2S)2 = 4S3

3 3

S = √ ЕК / 4 = √ 8 ∙ 10-9 / 4 = 1,3 ∙ 10-3 моль/л

 

М(PbI2) = 461 г/моль

S = 1,3 ∙ 10-3 ∙ 461 = 0,6 г/л

  Жауабы: S(PbI2) = 1,3 ∙ 10-3 моль/л = 0,6 г/л

4- есеп

  • Бер: Бірдей концентрациядағы сульфат- және хромат иондары қандай реттілікпен тұбаға түседі:
  • Шешуі:
  • Бұл жағдайда 2 реакция жүруі мүмкін:
  • Pb2+ + SО42- = PbSО4

    Pb2+ + CгО42- = PbCrО4

    ЕК бойынша алдымен реакция тұнба түзілетін, яғни Pb2+ ионының концентрациясы аз қосылыспен жүреді

    ЕКPbSО4 = [Pb2+ ] . [SО42- ] = 1,6 . 10-8

    ЕКPbCrО4 = [Pb2+ ] . [CгО42- ] = 1,8 . 10-14

  • ЕК мәндерінен көрініп тұрғандай алдымен PbCrО4 түзілу реакциясы жүзеге асады.

Есептер

1. Күміс хроматының ерігіштігі 1,31 . 10-4 моль/л. Күміс хроматының ерігіштік көбейтіндісін есептеңіз.

Жауабы: 9,00 . 10-12

2. Қорғасын сульфаты мен қорғасын иодидінің ерігіштігі 0,045 және 0,300 г/л тең, осы тұздардың ерігіштік көбейтіндісін есептеңіз.

Жауабы: 2,2 . 10-8 ; 1,1 . 10-9

3. Көлемі 1,0 л күміс хлориді ерітіндісінде 0,00192 г AgCI ериді. AgCI-дың ерігіштік көбейтіндісін есептеңіз.

Жауабы: 1,79 . 10-10

4. Стронций сульфатының ерігіштік көбейтіндісі 2,8 . 10-7 . Осы тұздың ерігіштігін анықтаңыз (моль/л)

Жауабы: 5,29 . 10-4 моль/л

5. Күміс фосфатының ерігіштік көбейтіндісі 1,8 . 10-18 . Осы тұздың ерігіштігін есептеңіз (моль/л)

Жауабы: 1,60 . 10-5 моль/л

Бекіту сұрақтары

  • Ерігіштік көбейтіндісі дегеніміз не?
  • Ерігіштікті қалай есептейді?
  • Тұнбаға түсіру және ерітудің қандай жағдайлары бар?

Әдебиет

  • Аналитикалық химия:Оқу құралы / П.С.Маденова.-Алматы: Қазақ университеті, 2012.- 211б.
  • Аналитикалық химия : Зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар / Б. С. Иманғалиева. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2014. - 88 бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет