«№6 орта мектебі» кмм «Ботақан» жазғы демалыс алаңы Тәрбиешілер: Удербаева М. Д



Дата08.07.2022
өлшемі45,39 Kb.
#147351
Байланысты:
Кел балалар оқылық
План Дауренбековой 21-22уч.г



«№6 орта мектебі» КММ
«Ботақан» жазғы демалыс алаңы





Тәрбиешілер: Удербаева М.Д.
Ахметова М.Б.

Текелі қаласы,2022 жыл




«Кел, балалар, оқылық!» дамыту сабағы


Мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің өмірімен таныстыру,Ы.Алтынсарин туралы түсініктерін кеңейту, оның өлеңдерінің мағынасын түсініп, меңгеру. Кітаптарымен таныстыра отырып, оның мағыналарын ұғындыру. Білімге деген ынталарын , құлшыныстарын арттыру.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, портреті, нақыл сөздері, бейнежазба, мультфильм «Әке мен бала»


І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар арқылы аудару.
«Шаттық шеңберіне» тұрып бір-біріне жақсы тілектер тілеу
Шаттық шеңбері
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шаңта қорғаймыз.
Біздің топта үл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз.


Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қазақтың тұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен танысамыз.
- Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
Өлең шумақтарын алдымен балаларға мәнерлеп оқып беру, мазмұнын ашу.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Сұрақ-жауап арқылы өлеңнің мазмұнын сұрап білу.
-Өлеңде не жайында айтылған?
- Өлеңде балаларды неге шақырады?


Сергіту сәті
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.


ІІ. Сынып сағатының тақырыбын оқып, оның мағынасын өздері ашып, талқылайды

  • Бұл жолдар не туралы?

  • Не үшін оқуға шақырады? Өз ойларыңды айтыңдар.

  • Өлең жолдарының авторы кім?

  • Ыбырай Алтынсарин туралы не білеміз?




  • Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?

Өлеңнің жатқа білетін жолдарынан үзінділерін жатқа айтып шығады.
ІІІ. Ыбырай Алтынсарин туралы бейнефильм көру
ІV. Көрген бейнефильм бойынша сұрақтарға жауап беру.

  1. Ыбырай Алтынсарин кім?

  2. Ол қай облыста туған?

  3. Ол алғашқы не ашты?

  4. Алғашқы қандай кітап жазды?

  5. Орск қаласында тұңғыш не ашты?

  6. Биыл туғанына неше жыл болды?

  7. Оның қандай әңгімелерін білесіңдер?

V.Оқу, білім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
1.Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ
2.Оқу түбі – тоқу.
3.Оқу білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
Білім қымбат- білу қиын.
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Білген кісі тауып айтады,
Білмеген кісі қауып айтады.
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын кен.
Оқыда біл, ойнада күл.
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз
Білегі күшті бірді жығар
VІ. Қорытынды:

  • Ыбырай атамыздың туғанына неше жыл болды?

  • Қай облыста туды?

  • Қандай көріністен үзінді сахналадық?

  • Ол көріністен өздеріңе қандай өнеге алдыңдар?

  • Кел, балалар, оқылық! өлеңі балаларды неге шақырды?

  • Осы өлең жолдарын оқып жаттап алыңдар

Білем деме балам, білмейтінің көп шығар,
Бәрін білетін адам дүниеде жоқ шығар.
Балар осымен «Кел балалар оқылық» атты дамыту сабағымыз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет