6-сынып. Еж дүние тарихы. § Шумер және Аккад №1 тест


сынып. Еж.дүние тарихы. § 9.Ежелгі Ассирия



бет5/7
Дата10.12.2016
өлшемі1,66 Mb.
#3602
1   2   3   4   5   6   7

6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 9.Ежелгі Ассирия.

11 тест.




  1. Ежелгі Ассирия қазіргі Ирак мемлекетінің қай бөлігінде орналасқан?

А) Солтүстік-шығыс.

Б) Оңтүстік

В) Солтүстік –батыс

2. Ежелгі Ассирия оңтүстігінде қай елмен шектесті?

А) Сирия мен Египет

Б) Хетт


В) Вавилон

3. Ассирия әскерінің өзеннен өту тәсілі:

А) Ағаштан сал жасады

Б) Өздерімен бірге қайықтарын алып жүрген.

В) Жел толтырылған торсықтар арқылы жүзіп өтті.

4. Б.з.б XV ғасырда Ашшур қала мемлекеті күшейе бастады. Оның күшейуіне әсер еткен

жағдайды ата: А) Төрт дөңгелекті арбаны ойлап табуы.

Б) Көрші мемлекеттердің әлсіреуі.

В) Ассирия жері ағаш пен әртүрлі металға бай болды.

Г) Барлық жауап дұрыс.

5. Ассирия мен Урарту мемлекетінің айырмашылығын төмендегі жауаптардың

қайсысы толық береді?

А) Ассирия өзендер аңғарында орналасқандықтан егіншілікпен айналысты.

Б) Ассирия егіншілікпен, Урарту малшылықпен айналысты.

В) Ассирияда мал негізгі байлық болып есептелді.

6. Урарту мемлекетінің астанасы: А) Тушпа Б) Ашшур В) Ниневия

7. Б.з.б VII ғасырдағы орасан зор аймақты бағындырған мықты әскери мемлекет:

А) Египет б) Вавилон В) Ассирия Г) Урарту

8. Ассириялықтарда олар, сарайдың, кейде, тіпті бүкіл мемлекеттің қорғаушылары

деп есептелді: А) Темір сауытты жауынгерлер

Б) Қанатты арыстандар мен бұқалардың алып мүсіндері

В) Ашшурбанипал кітапханасы.

9. Бұл шығармалардың кейбіреуі қазіргі тарихи романдарға ұқсас болып келеді. Онда әртүрлі

күйлер әдеби теңеулермен, әсірелей отырып сипатталған. Бұл не?

А) Сарай қабырғаларындағы суреттер

Б) Жұлдызнамалық кітаптар.

В) Жылнамалар

Г) Барлық жауап дұрыс.

10. Адамзат тарихындағы алғашқы ең ірі әскери Ассирия мемлекетін:

А) Б.з.б 605 жылы Мидия мен Вавилон одақтаса отырып жеңді.

Б) Вавилон мен Египеттегі халық көтерілістері нәтижесінде Ассирия құлады

В) Б.з.б VIII ғасырда Урарту мемлекеті Асирияны басып алды.



6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 10.Хетт патшалығы.

12 тест.




  1. Кіші Азиядағы ірі суландыру жүйелерін жасап, егіншілікпен айналысуға мүмкіндік

бермеген жағдай: А) Асу бермес таулар мен қатты ағыстардың көп болуы

Б) Жазықтың аз, таулы үстірттің көп болуы және өзендердің аздығы

В) Тау қойнауларында күміс пен мыс, қорғасын мен темірдің көп болуы.

2. Хетт патшалығын құрушылар:

А) Вавилон мен Египеттен келген халықтар

Б) Каспий маңынан келген халықтар

В) Сирия жерінен келген халықтар.

3. Б.з.б III мыңжылдықта хеттердің бір орталыққа бағынуы басталды:

А) Тайпа одақтары арасындағы күрестің барысында.

Б) Ақсақалдар кеңесінің шешімімен

В) Вавилонға өктемдік жүргізуге деген қажеттілік барысында.

4. Б.з.б II мыңжылдықта Хетт мемлекеті кеңейе, күшейе түсті:

А) Бұл кез Телепин патша билеген кез болатын.

Б) Қызыл Ирмак патша болған кез болатын.

В) Табарна патша билеген кез болатын.

5. Б.з.б 1296 жылғы адамзат тарихындағы екі ел арасындағы бірінші бейбіт келісім шарты:

А) Ассирия мен Хетт патшалығы арасында.

Б) Египет пен Хетт патшалығы арасында.

В) Сирия мен Ассирия мемлекеті арасында.

6. Хеттердің негізгі шаруашылығы:

А) Тау-кен шаруашылығы

Б) Егіншілік

В) Мал шаруашылығы

Г) Балық шаруашылығы

7. Хетт қоғамының негізі: А) Аналар билеген (матриархат) отбасы

Б) Әкелер билеген (патриархат) отбасы.

В) Ру басы билеген отбасы.

8. Хетт патшалығында сауданың ертерек өрістеуіне әсер еткен жағдай:

А) Хетт жеріндегі өзендердің кеме қатынасына қолайлы болуы.

Б) Ассириялық саудагерлердің көп болуы

В) Ауыл шаруашылығы мен қолөнердің дамуы.

9. Хетт жеріндегі сауда орталығы болған қала: А) Ганиш

Б) Ниса

В) Хаттуса



10. Хеттердегі ұрланған малға ұрының төлейтін айып пұлы: А) 7 еселенген құн

Б) 1 қой, 10 нан

В) 15 еселенген құн.


6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 11.Ежелгі Финики мен Палестина.

13 тест.


1. Финикия мен Палестина : А) Ассирия мен хетт патшалығы арасында орналасқан.

Б) Жерорта теңізінің шығыс жағалауын алып жатқан ел.

В) Қара теңіздің батыс жағалауында орналасқан ел.

2. Кеме жасаушылар мемлекеті: А) Финикия

Б) Палестина

В) Израйл

3. Финикия мемлекетінің басты ерекшелігі:

А) Ірі сауда орталықтары болған қала мемлекеттер.

Б) Бір орталыққа біріккен тайпалық одақтар.

В) Ынтымақтасқан, басқаларды бағындырған қала мемлекеттер.

4. Адамзат тарихында ең үлкен теңіз жорығын жасаушылар:

А) Филистимдіктер Б) Израйл және Иудей тайпалары В) Финикиялықтар.

5. Б.з.б II мыңжылдықтың соңында: А) Тир қала мемлекеті күшейді.

Б) Хананейліктердің жерін Египет жаулап алды.

В) Дәуіт патша Израйл-иудейлік мемлекет құрды.

6. Палестина жеріндегі пайғамдар деңгейіне дейін жеткізіліп,мадақталған патша:

А) Алийан Б) Сүлеймен В) Дәуіт.

7. Ежелгі Финикиялық мифтегі өлім құдайын жеңіп, қайта тірілген құдай:

А) Құнарлылық құдайы Анат

Б) Өлім құдайы Мот

В) Көктем құдайы Ваал

8. Алғаш от, найзағай мен жел құдайы деп есептеліп, кейін мемлекет пен патшаның

қамхоршысы аталған құдай: А) Яхве. Б) Мот В) Ваал

9. Финикиялық мәдениеттің ең ірі жетістігі:

А) Ағаштан желкенді кемелер жасау

Б) 22 әріптік жазу жүйесін жасау.

В) Африканы 3 жылда айналып шығатын теңіз жорығы.

10. Израйл мен Иудейлік мемлекеттің бірлігі мықты болмады. Себебі:

А) Еврейлерде құдайға табыну басым болды.

Б) Екі ел арасындағы шаруашылықтарының әр түрлі болуы.

В) Билікке талас үшін күрестің өршуі.

11. Израйл мен Иудейлік мемлекет құруға кедергі жасаған ел:

А) Финикия Б) Хананей В) еврей

12. Израйл патшалығының астанасы: А) Тир

Б) Иерусалим

В) Угарит

Г) Самария

13. Иудейлердің астанасы: А) Тир Б) Иерусалим В) Угарит Г) Самария

14. Финикия жерін таулардың бөліп жатуы, сондықтан өзара байланыстың нашар болуы

қандай жағдайға әсер етті?

А) Басты сауда жолын теңіз болуына әсер етті.

Б) Бір орталыққа бағынған үлкен мемлекет құра алмауына әсер етті.

В) Египет, Ассирия, Хетт сияқты ірі мемлекеттердің бірінен соң бірінің өктемдік

жасауына әсер етті.

15. Финикиялықтардың мифтік шығармасы: А) «Ваал және Алийан» дастаны

Б) Библия

В) Сүлеймен патша туралы аңыз
6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 12.Ежелгі парсы патшалығы.

14 тест.


1. Парсылар өмір сүрген аймақты ата: А) Вавилонның оңтүстік –шығысы

Б) Иран үстіртінің оңтүстігі

В) Барлық жауап дұрыс.

2. Аталғандардың қайсысы парсы тарихына қатысы жоқ?

А) Парсы тайпалар одағын бір мемлекетке біріктірген ахемен руынан шыққан Кураш.

Б) Иерусалимде Яхве құдайға арнап храм тұрғызылды.

В) Кир Мидия патшасы Астиагты жеңді.

3. Кир жорығын сәтсіздікке ұшыратқан ел: А) Сақ Б) Мидия В) Вавилон

4. Кир Вавилонды жауалап алуы үшін қандай жағдайды тиімді пайдаланды?

А) Мидия мен Вавилон арасындағы соғысты.

Б) Абыздар мен саудагерлердің Вавилон патшасына наразылығын.

В) Барлық жауап дұрыс.

5. Египетті бағындырған Парсы патшасы: А) Дарийдің ұлы Камбиз

Б) Камбиз

В) Кураш.

6. I Дарий енгізген мемлекетті басқару жүйесі:

А) 12 әкімшілік аймақ бөлді.

Б) Үлкен аймақтарды шағын аймақтарға бөлді.

В) 20 әкімшілік аймаққа бөлді.

7. Халықаралық саудадағы Парсы елінің беделін көтеретін жаңалыққа төмендегі

аталғандардың қайсысының қатысы бар?

А) Доллар Б) Дарик В) Жол салу Г) Барлық жауап дұрыс.

8. I Дарий таққа келген кез: А) Б.з.б 522 ж

Б) Б.з.б 518 ж

В) Б.з.б 1296 ж

9. Парсы жазу жүйесі: А) 750 белгіден тұрды.

Б) 22 әріптен тұрды

В) 42 әріптен тұрды.

10. Заратуштра ілімінің біздің көзқарасымызға сәйкес келмейтін ерекшелігі:

А) Қайырымдылық пен қатыгездік арасындағы күрес әлемдік дамудың негізі

Б) Жамандық пен жақсылық арасындағы күрестің мыңдаған жылдарға созылуы.

В) Өлі дене жерді де, отты да ластайды. Сондықтан оны жабайы құстарға

тастау керек.

6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 13. Орта Азия халықтарының грек-македондық басққыншыларға қарсы күресі.

15 тест.




  1. Парсы мемлекетінің әскерін талқандаған қолбасшы:

А) Ескендр Зұлқарнайн Б) Спитамен В) Ақсақ Темір

2. А.Македонский Самарқан қаласын басып алған жыл: А) Б.з.б 328 ж

Б) Б.з.б 329 ж

В) Б.з.б 330 ж.

3. А.Македонскийдің бірінші рет үлкен жеңілісі қай жылы болды?

А) Б.з.б 328 ж

Б) Б.з.б 329 ж

В) Б.з.б 330 ж.

4. Орта Азия халықтарының грек-македон басқыншыларға қарсы күресі 3 жылға созылды.

Осы Тәуелсіздік үшін күрестің нәтижесі:

А) Қалалардың қирап, бос қалуымен аяқталды.

Б) Орта Азия халықтары соғды, бактрия, сақтардың толық жеңілуімен аяқталды.

В) Жарты әлемді дірілдетке А.Македонский кері қайтуға мәжбүр болды.

5. Ерен ерліктің үлгісін көрсеткен сақ жылқышысы:

А) Шырақ

Б) Спитамен

В) Тұмар

6. Александр басып кірген қалалар неге бос қалды?

А) Өйткені қала халықтары өліспей беріспеді.

Б) Қала халықтары бірі қалмай қашып кетіп отырды.

В) Александр қала халқын қырып жіберіп отырды.

7. А.Македонскийдің алғашқы жеңілісі қай қалада болды?

А) Александрия

Б) Самарқан



В) Бактр.

8. Мына суреттердің қайсысында

Сақ жауынгері бейнеленген?


1


2

3
А) 1 Б) 2 В) 3

9. Орта Азия халықтарының тәуелсіздік үшін күресінен талантты қолбасшы А.Македонский

неге жеңіліп қалды?

А) Александрдың жауынгерлері мен қолбасшылары ұзақ соғыстан қалжырады.

Б) Орта Азия халықтары елінің тәуелсіздігін өз өмірлерінен жоғары қойды.

В) Барлық жауап дұрыс.

10. Сақтар, соғдылар мен бактрия жерлеріне басқыншылар неге қызықты? Өйткені:

А) Жерлері бай

Б) Құл болатын ерлері көп

В) Жылқысы көп




Каталог: uploads -> doc -> 03bb
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03bb -> Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларға Ұлы Жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет