Тесттер.
-
Жансыздандыру бұл -
а) ауыруды азайтатын дәріні енгізу; ә) науқас өзіне-өзі "жарлық беріп" (аутотренинг) ауыруын азайту; б) хирургиялық араласуда (вмешательство) ауыруды білдірмеу үшін қолданылатын шаралар жиынтығы; в) барлық жауаптар дұрыс.
-
Жалпы жансыздандыруды таңда:
а) инфильтрациялық; ә) ингаляциялық және ингаляциялық емес; б) өткізгіштік (регионарлы); в) эпидуральды және перидуральды; г) қораптық (футляр анестезиясы).
-
Қандай сұйық және газ тәрізді наркотикалық заттар қолданылады:
а) эфир, азот шала тотығы, этилен, фторотан; ә) көмірқышқыл газ, тримекаин, дикаин; б) оттегі, протаргол; в) этилхлорид, дитилин; г) лидокаин, совкаин.
-
Көк тамырға берілетін наркоз препаратын таңда:
а) ледокаин, дикаин, тримекаин; ә) этилхлорид, фторотан, этилен; б) гексенал, тиопентал-натрий в) новокаин, омнопон, промедол; г) морфин, кокаин.
-
Ингаляциялық наркозда наркотикалық зат енгізіледі: а) сүнек ішіне; ә) қызыл қан тамырға; б) тыныс жолдарына; в) көк тамырға.
-
Ингаляциялық наркозда наркотикалық зат енгізіледі: а) сұйық түрінде; ә) газ түрінде; б) қатты жағдайда; в) ұнтақ түрінде; г) бу түрінде
Тексеру сауалдары
-
Жалпы жансыздандыруға қандай наркотикалық заттар жатады?
-
Эфирдің сапасын анықтау сынамасын көрсетіңдер.
-
Жалпы жансыздандыруға керекті дәрілерге рецепт жазыңдар.
-
Қазіргі кездегі наркоз аппаратының негізгі жүйесін және міндетін айтыңдар.
-
Жасанды дем алу аппаратының негізгі жүйесін және оның жұмыс істеу ретін айтыңдар.
-
Наркоз деген не және оның сатыларын, дәрежелерін сипаттаңдар.
-
Жедел және созылмалы ауруларды жалпы жансыздандыруға қалай дайындайды?
-
Наркоз аппаратын іске қосуға қалай данындауын айтыңдар.
-
Наркоздық аппаратпен пайдаланғанда қандай кауіптіліктер бар?
-
Наркоз аппаратына берілетін газдың қысымын азайту үшін не істеу керек?
-
Ингаляциялық наркоз дегеніміз не? Қалай жүргізілетінін айт? Кандай асқынулар болады? Олардың алдын алу шаралары?
-
Жалпы жансыздандыру беру үшін не керектігін айтындар.
-
Тыныс жолдары арқылы жалпы жансыздандыру мүлде берілмейтін жағдайлар қандай?
-
Ингаляциялық емес жансыздандырудың ингаляциялық наркоздан айырмашылығын сипатта, науқасты оған қалай дайындайды?
-
Миорелаксанттар не үшін беріледі? Рецебін жазыңдар.
-
Интубациялық наркоздың маскалық наркоздан айырмашылығын айтыңдар.
-
Премедикация деген не? Қандай дәрілер беріледі?
-
Жасанды суыну (гипотермия) хирургияиық тәжірибеде қай жағдайда қолданылады?
-
Жасанды қан айналысы немесе АИК деп аталатын аппарат қандай операцияларда қолданылады?
20 Наркоз беретін дәрігерге, мейірбикенің үстелін дайындауға көмек көрсетіңдер.
21. Мейірбике-анестезист жұмысының ерекшеліктері, науқасты наркоздан соң күту.
Әдебиеттер:
-
Окылған дәрістер.
-
Стручков, Общая хирургия, М. 1988 ж.
-
Гостишев В.К., Общая хирургия. М., 1997 г. 72-108 б.
-
Петров С.В.. Общая хирургия. Санкт-Петербург 1999,с.264-285.
-
Қасенов Т.С., Жалпы хирургия. Алматы. 1992.
-
Әбдірахманов Е., Жалпы хирургия, Алматы, 2001 ж.
-
Буянов В.М.. Ю.А. Нестеренко, Хирургия. Москва "Медицина" 1993, С. 80-90.
Достарыңызбен бөлісу: |