Тексеру сауалдары және үйге тапсырмалар:
-
Жергілікті жансыздандырудың түрлерін айтыңдар. Қандай дәрі-дәрмектер жиі қолданылады?
-
Жергілікті жансыздандыруда кандай асқынулар болады? Оның алдын алу шараларын айтып беріңдер. Бірінші дәрігерлік көмек туралы не білесіңдер?
-
А.В. Вишневскийдің жергілікті жансыздандыру әдісінің басқа жергілікті әдістерден қандай айырмашылығы бар?
-
Новокаин дәрісі қандай асқынулар беруі мүмкін, алдын алу шаралары.
-
Жұлын (арқа) және жұлын төңірегіне жансыздандыру дәрілерін енгізгенде қандай асқынулар байқалады? Алдын алу шаралары.
-
Оберст-Лукашевич тәсілімен жергілікті жансыздандыру қандай ауруларда жиі қолданылады?
Тест
-
Жергілікті жансыздандырудың түрлерін көрсет:
а) интубациялық және интубациялық емес; ә) кіріспе және демеуші; б) қосымша және базис наркоз; в) инфильтрация, футлярлы, регионарлы, мұздату; г) кіріспе, қосымша, базистік, демеуші, комбинирленген.
-
Беткей немесе терминалды жансыздандыруға арналған дәріні таңда?
а) фторотан; ә) новокаин; б) тримекаин в) эфир; г) азоттың шала тотығы.
-
Инфильтрациялық жансыздандыру үшін анестетикті таңда? а) промедол; ә) омнопон; б) циклопропан; в) новокаин;
г) фторотан.
-
Өткізгіштік (регионарлы) жансыздандыруға арналған анестетикті таңда?
а) 0,2 % новокаин ерітіндісі; ә) 0,5 % новокаин ерітіндісі;
б) 2% новокаин ерітіндісі; в) 1 % омнопон ерітіндісі; г) 1 % димедрол ерітіндісі.
-
Оберст-Лукашевич бойынша жансыздандыруға қолданылады? а) үшкіл жұйкені (тройничный нерв); ә) қабырға сынғанда;
б) тізенің ашық сынығы; в) саусақтарды; г) отырғыш жүйкені.
-
Достарыңызбен бөлісу: |