6B08674- су ресурстары және суды пайдалану білім беру бағдарламасы бойынша



бет1/47
Дата15.03.2023
өлшемі6,17 Mb.
#172494
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
gidrodinamika umk vrv 21-1
Қазақ тілі 4-сынып 1-бөлім Менің Отаным – Қазақстан Қазақстан Республикасының рәміздері. Ту ДИДАКТИКА, 13praktika, Пратикаға күнделік құқықтану22

Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігі
Қоркыт Ата атындағы Қызылорда университеті


Инженерлі-технологиялық институты
Су шаруашылығы және жерге орналастыру кафедрасы
Gid2210 «Гидродинамика негіздері»


Пәнінің оқу - әдістемелік кешені
6B08674- Су ресурстары және суды пайдалану білім беру бағдарламасы бойынша
Күндізгі бөлім

ҚЫЗЫЛОРДА, 2022 жыл


1-дәріс. КІРІСПЕ. Гидравлика пәні
Сұйықтың негізгі физикалық қасиеттері.


Гидравлика – сұйықтың қозғалысы мен тепе-теңдік күйінің заңдылықтарын зерттейтін және оларды инженерлік практикада пайдаланудың төте әдістерін қарастыратын базалық ғылым.
Қазіргі кезде гидравлика мен гидромеханиканы бір-біріне тәуелсіз екі ғылым ретінде, немесе ол екеуін бір ғылымға балап жүрген жай бар. Бұл мәселе жөнінде мынаны айтуға болады. Тарихи жағынан алғанда, ұзақ уақыт ғалымдар сұйық ешқандай сығылмайды, тұтқырлығы жоқ (идеал сұйық) деп қарастырып, аналитикалық тәсілмен көптеген қарапайым заңдылықтарды ашқан. Ғылымның бұл саласын гидромеханика деп атаған. Әдетте, гидромеханикада сұйық қозғалысы деп газдың (ауаның), немесе тамшы құрайтын сұйықтардың да қозғалысын айта береді. Ал гидравликада тек тамшы құрайтын, тұтқырлы сұйықтарды қарастырады. Олай болса бірден мынадай сұрақ туады: газ бен тамшы құрайтын сұйықтардың қозғалу заңдылықтары бірдей ме? Иә, ондай ұқсастық бар, ол газдың (ауаның) жылдамдығы секундына 70 метрге жеткенше ғана орын алады, одан әрі газдың сығылуын есепке алмай болмайды. Бірақ ол ұқсастықтардың өзін барлық жағдайда бірдей деп қарастыру жарамайды, өйткені гидравликада су мен ауаның шекарасы барлығын және оның әртүрлі құбылыстарға әрқилы әсер ететінін естен шығармау керек.


СҰЙЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

    1. Сұйықтар. Сұйықтардың тұтастығы туралы жорамал. Шынайы және идеал сұйықтар





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет