6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратура қабылдауға кешендік емтихан бағдарламасы



бет8/35
Дата18.12.2021
өлшемі178 Kb.
#102489
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Байланысты:
программа вступит экз. ГМУ магистратура 17-18гг. каз

пәні бойынша емтихан сұрақтары


  1. Мемлекеттік басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері.

  2. Мемлекеттің пайда болуы туралы теорияның негізгі бағыттары және оның мемлекеттік құрылымы, саяси тәртібі және басқару формасына қарай типологиясы.

  3. Мемлекеттік басқарудың объектілері мен субъектілері және олардың жүйесі.

  4. Мемлекеттік басқарудың негізгі әдістері және олардың басымдылығының мәселелері.

  5. Мемлекеттік басқарудың сапалық ерекшеліктері. Мемлекеттік және қоғамдық басқарудың бірлігі және қарым-қатынасы.

  6. Саяси партиялар, кәсіби одақтар қоғамдық бірлестіктердің мысалы ретінде.

  7. Серіктестік мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара қатынасының формасы ретінде.

  8. Әлеуметтік басқару, реттеу және басқаруды күшейту, билік және басқарудың орталықсыздануы, мемлекеттік басқарудың жүйелілігі, мемлекеттік басқарудың дамуы мемлекеттік басқарудың объективті заңдары ретінде.

  9. Мемлекеттік саясаттың басымдылығы. Объективтілік принципі. Барынша аз әрекет ету принципі. Шектеулі тиімділік принципі. Қайта байланыс принципі.

  10. Басқаруды реттеуші принциптер әлеуметтік-саяси процесс ретінде. Демократизм, жариялылық, объективтілік, заңдылық, билікті бөлу, ашықтық принциптері.

  11. Билік басқару белгісі ретінде.

  12. Мемлекеттік басқарудың мехенизмі. Мемлекеттік басқарудың сапалық ерекшеліктері.

  13. Саяси партиялар, кәсіби одақтар қоғамдық бірлестіктердің мысалы ретінде.

  14. Серіктестік мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара қатынасының формасы ретінде.

  15. Қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік тіркелуі және қайта тіркелуі.

  16. Қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, құқықтық заңдар.

  17. Лоббизм. Қазақстанда қолданылатын, лоббистік іс-әрекет әдістері.

  18. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі тікелей және кері байланыс. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі басқарушылық әсер етудің басымдығы тікелей байланыстың негізі.

  19. Серіктестік, өзара әсер ету, төменнен ықылас, тікелей байланыстарды қабылдау, олардың нәтижелігі мемлекеттік басқару жүйесіндегі кері байланыс ретінде.

  20. Басқару аппаратын құру, еңбек процестері және қызметтік қатынастар, қоғаммен қатынас-мемлекеттік басқарудағы типтік мысалдар.

  21. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ерекшелік оны жетілдіру бағыты ретінде. Мемлекеттік басқарудағы типтік және ерекшелік-мемлекеттік басқаруды сапалық жетілдірудің көзі ретінде.

  22. Мемлекеттік орган мемлекеттік басқарудың жүйеқалыптастырушы элементі ретінде. Мемлекеттік органның сипаттамалары: функционалдық, құқықтық, ұйымдастырушылық.

  23. Мемлекеттік органның статустық белгілері. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымына әсер ететін факторлар.

  24. Мемлекет функциялары. Мемлекеттік органдардың кадрлары.

  25. Мемлекеттік шешімдерді орындаудың негізгі институттары. Әртүрлі негіздері бойынша мемлекеттік органдардың классификациясы: мемлекет функциясына, құзыретіне, іс-әрекетінің территориялық масштабына қарай.

  26. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымын құру. Басқару құрылымын қалыптастырудың сызықтық, функционалдық, сызықтық-функционалдық, бағдарламалық-мақсаттық, матрицалық негіздері.

  27. Қазақстан Респуликасындағы мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымы. Мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағыттары. Мемлекеттік басқаруды орталықтандыру және деорталықтандыру мәселелері.

  28. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру шарттары: мемлекеттік-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық, әрекетті-тәжірибелік.

  29. Мемлекеттік басқарудағы мақсатты тұжырымдау механизмі. Мемлекеттік басқару мақсаттарының қалыптасу көздері. Мемлекеттік басқару мақсаттарын бекітудің құқықтық формасы.

  30. Мемлекеттік басқарудың тәжірибелік бағытталуы. Мемлекеттік басқарудың мақсаттарын болжау.

  31. Мемлекеттік басқарудың мақсаттарының жүйесі. Қалыптасу көздеріне, мемлекеттік органдардың құзыретіне, территориялық және мерзімдік аспектілеріне байланысты мақсаттар иерархиясы.

  32. Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымы. Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттік басқарудың қызметтері.

  33. Мемлекеттік басқарудың қызметтерін жіктеу. Мемлекеттік басқарудың саяси, әлеуметтік, экономикалық, сыртқы, ішкі, жалпы, арнайы қызметтері.

  34. Мемлекеттік басқарудың қызметтерінің негізгі сипаттамалары. Мемлекеттік органдардың қызметтері.

  35. Мемлекеттік басқарудың құқықтық және құқықтық емес формалары. «Қазақстан -2050» стратегиясының ұзақ мерзімдік басымдықтары, оларды жүзеге асыруды бағдарламалық-құқықтық қамтамасыз ету.

  36. Мемлекеттік шешім ғылыми түсінік ретінде. Саяси және әкімшілік мемлекеттік шешімдер.

  37. Мемлекеттік шешімдердің сипаттамалары: бедел, диапазон, ақпараттық қамтамасыз етілуі, технология және стиль, типтері, тәжірибелік мәні.

  38. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері түсінігі және жіктелуі.




  1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жоспарлау, дайындау және ұйғару. Нормативтік құқықтық актілердің спецификалық ерекшеліктері.

  2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мәтінін баяндау стилі, құрылымы және реквизиттер.

  3. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және жариялау реті. Нормативтік құқықтық актілердің уақыт, кеңістік және тұлғалар бойынша әрекеті.

  4. Орталық және басқа атқарушылық органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу.

  5. Әкімшілік рәсімдер. Басқарушылық процестердің негізгі кезеңдері. Жеке құқықтық актілер. Басқарушылық қарым-қатынастар және олардың классификациясы.

  6. Мемлекеттік органдар мен азаматтардың арасындағы қатынастар. Мемлекеттік органдар тікелей қарамағындағы объектілер арасындағы қатынастар.

  7. Басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеу. Басқарушылық процестерді орталықтан және орталықтан тыс реттеу.

  8. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттарды ұйымдастыру. Басқарушылық ақпараттардың көзі.

  9. Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу. Мемлекеттік басқарудағы заңдылық, ұтымдылық, құқықтық тәртіп, тәртіп.

  10. Мемлекеттік басқару персоналының классификациясы. Мемлекеттік қызметтің құқықтық және ұйымдық қамтамасыз етілуі.

  11. Электронды үкімет мемлекеттік басқару тиімділігін жоғарылату шарты ретінде.

  12. Үкіметті реформалау стратегиясының жеті негізгі принциптері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет