ЖОҒары оқу орнында студенттердің Ғылыми тілде жазу дағдыларын қалыптастырудың МӘні у. Н. Калиева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Педагогика және психология»



Дата15.09.2017
өлшемі76,56 Kb.
#32645
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ТІЛДЕ ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МӘНІ

У.Н. Калиева

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

«Педагогика және психология»

мамандығының 1 курс магистранты

Ғылыми жетекшісі:

п.ғ.д., профессор Таубаева Ш.Т
Кілттік сөздер: «Ғылыми стиль», «ғылыми тіл», «дағды», «меншікті-ғылыми стиль», «көпшілік-ғылыми стиль», «оқу-ғылыми стиль», «ғылыми-ақпараттық стиль», «ғылыми-сөздік стиль».

Аннотация: мақалада қазіргі таңдағы студенттердің бойында ғылыми тілде жазу дағдыларын қалыптастырудың теориялық негізі қарастырылған. Сонымен қатар, ғылыми зерттеу жұмысын жазуға арналған әдістемелік ұсыныстар берілген. Мақала тақырыбы бойынша көптеген педагогикалық әдебиеттер зерттеліп, әр түрлі ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалды.

Кез-келген Жоғары оқу орнында ғылыми тіл белгілі бір ақпаратты меңгеру құралы ғана емес, сонымен қатар алынған ақпаратты оқу әрекетінің нақты түрінде жүзеге асыру құралы болып табылады. Мысал ретінде студент бақылау және курстық жұмыстарды, баяндамаларды жазу барысында, семинарларға, ғылыми конференциялар мен пікірталастарға қатысу барысында ғылыми тілде жаза алу дағдылары қажет.

Қазіргі таңда Жоғары оқу орны бағдарламаларында студенттің өзіндік жұмысына арналған сағат санын көбейтуде, сол себепті студенттің ғылыми тілде жаза алу мәселесі өзекті болып табылады. Дегенменде, көптеген тәжірибелерге сүйенсек, жоғары курс студнттерінің өзінде ғылыми тілде жазу дағдылары қалыптаспағандығын көреміз. Кейбір студенттер өздерінің зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік бөлімін жазып болғаннан кейін, сол жұмысқа сауатты түсінік хат жаза алмайды. Сәйкесінше студенттерді ғылыми тілдің ерекшеліктерімен, ғылыми басылымдардың құрылымдарымен, библиографияны құрастыру ережесімен, ғылыми тілде мақалаға аннотация және реферат жаза алу дағдыларын қалыптастыру жолдарымен, өзіндік мәтін жазуға дайындау мәселелерімен таныстыру өзекті болып отыр.

Ғылыми стиль - функциональдық стильдің бір түрі болып табылады. Ғылыми стильге ғылымның әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектер кіреді.

Ғылыми тіл дегеніміз ғылым негізде жасалатын өзіндік қалыптасу заңдылықтары бар, стильдік мазмұны ерекше әдеби тілдің ғылымға қызмет ететін бір тармағы.

Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. Дағды санасыз қайталау нәтижесінде де қалыптасатын іс-әрекет болуы мүмкін. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады.

Ғылыми стильді зерттеуші Е.С. Троянская былай деп жазған: «ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеген кез-келген зерттеуші ғылыми тілдің басқа тілдерден және қарапайым сөйлеу тілі мен көркем әдебиет тілінен айырмашылығын сезеді. Дегенменде, көптеген зерттеушілер сол айырмашылықты айқын сипаттай алмайды».

Логикалық жүйелі ой – ғылыми стильдің басты ерекшелігі болып табылады. Ғылыми стильдің мазмұндық белгілері: нақтылық, объективтілік, қисындылық. Осыған орай ғылыми стиль өзіне тән бірнеше ерекшеліктерге ие. Олар:





Негізгі ерекшеліктері


Қосалқы ерекшеліктері

Жалпыланған-дерексіз;

Қисындылық (логичность);

Терминологиялық


Мағыналы дәлдік;

Бірмәнділік;

Объективтілік;

Стандарттылық;

Қысқалық;

Анықтық;

Қаталдық;

Міндетті еместік;

Бағалаулық;

Бейнелік

Қазіргі ғылыми стильді, ғылыми тілді зерттеуге бағытталған ғылыми жұмыстар көп. Себебі бұл мәселе қоғам талабынан туындап отыр. Яғни әлеуметтік өмірде ғылымның рөлі артып келеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ және Канада мемлекеттерінде оқу орындарында техникалық пәндерді оқыту біршама қысқартылды. Сонымен қатар, ағылшын тілі курстары оқу бағдарламасынан алынып тасталды. Осы мәселелер мамандарды дайындаудың сапасына өз әсерін тигізді. 50-ші жылдардан бастап, оқу орындарды бұл мәселенің алдын алып, ғылыми тілде сөйлеп, ғылыми тілде жазуға үйренетін арнайы курстарды аша бастады. Қазіргі уақытқа дейін АҚШ-ғы көптеген оқу орындарының оқу бағдарламаларында осы курстар сақталған. Бұл жәйттің өзі қазіргі кездегі ғылымның әлемдік кеңістегі орнының маңыздылығын көрсетеді.

ЖОО білім алатын студенттердің ғылыми жұмыстарын жазу талаптарына сәйкес біз өзіміздің ғылыми тілде зерттеу жұмысын жазуға арналған әдістемелік ұсыныстарымызды ұсынамыз.


Ғылыми тілде зерттеу жұмысын жазуға арналған әдістемелік ұсыныстар:

  • Ғылыми тілге қойылатын талаптар көркем әдебиет тіліне қойылатын талаптардан өзгеше;

  • Ғылыми жұмыстакы бейнелік (образность) – оқырманның жұмысқа деген көңілін аударудың педагогикалық тәсілі;

  • Ғылыми тілдің негізгі ерекшелігі – анықтылық.

  • Ғылыми тілдің қосымша ерекшеліктері – жеңілдік, қысқалық, сөйлемнен сөйлемге ауысу барысындағы еркіндік, қарапайымдылық.

  • Ғылыми жұмыста бағыныңқы сөйлемдер аз болу қажет. Сөздік тізбектер қысқа болғаны дұрыс.

  • Ғылыми жұмыста жазылған кез-келген сөйлемді дауыстап оқып тексеру қажет.

  • Ғылыми жұмыста есімдіктерді аздап қолдану керек.

  • Ғалыми жұмыстағы қайталама сөздерден қорықпау, белгілі бір түсініктер тек қана бір терминмен аталу керек.

  • Ғылыми жұмыста қолданылған сөйлемдердің мән-мағынасына ешқандай өзгеріс коспайтын қоқыс сөздердерді қолданбаңыз.

  • Ғылыми жұмыс жазуда сөздердің «сапасына» мән беріңіз.

Сонымен қатар, ғылыми стильге тән бірнеше ішкі стильдер (подстиль) бар. Олар:

Ғылыми стиль































Меншікті- ғылыми подстиль




Көпшілік-ғылыми подстиль




Оқу-ғылыми подстиль




Ғылыми-ақпараттық подстиль




Ғылыми-сөздік подстиль


































(журналдардағы мақалалар, диссертациялар, монографиялар, баяндамалар)




(очерктер, кітаптар, лекциялар, мақалалар)




(оқулықтар, оқу және әдістемелік құралдар, бағдарламалар, жаттығулар жиынтықтары, лекциялар, конспектер, оқу-әдістемелік материалдар)




(рефераттар, аннотациялар, патенттер)




(сөздіктер, анықтамалар,

каталогтар)






Ғылыми зерттеу жұмысын жазу барысында күрделі ұзақ сөйлемдерді құрастыру барысында келесі заңдылықтарды ұстанған жөн:


Жазу керек емес



Жазу керек

Мына жағдайлардың негізінде ... біз көреміз... сол себепті


Сол себепті... мына жағдайлар

Қолымыздағы бар мәліметтер .... көрсетеді


Мәлімет бойынша....

1-ші кестеден анық ....


1-ші кестеге сәйкес...

Өзара жақындасты....


Жақындасты....

Бір қатар


Қатар

Өзіндік ұсыныс


Ұсыныс

Себебі....ол


Себебі...

Қазіргі уақытта ғылыми тілге тән жазу заңдылықтары, нормалары, шектеулері бар. Ғылыми зерттеу жұмысын жазу барысында бұл ережелерді сақтамау ол жұмыстың ғылыми тілде жазылғанына күмән келтіреді. Осылай жазылған жұмыс көркем әдеби тілінде немесе қарапайым тұрмыстық тілде болуы мүмкін, бірақ ғылыми тілде емес. Ғылыми стильге тән әдетте көп қолданылатын арнайы сөздер бар. Сол сөздерді қолдану арқылы зерттеу жұмысын жазған жөн.

Қорыта келгенде, қазіргі кездің заман талабына сай ЖОО жоғары курс студенттерінде ғылыми тілде жазу дағдыларын қалыптастыру өзекті, бүкіл әлемдік мәселе болып отырғаны анық, сонымен қатар ол қосымша зерттеулерді талап етеді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика, Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006ж.

  2. Н.И. Колесникова. «От конспекта к диссертации», учебное пособие (для студентоа, аспирантов, преподавателей), изд.ФЛИНТА, НАУКА, 2015г.

Резюме

В статье рассматривались теоретические основы формирование у студентов навыков письменно научной речи. А также даны методические рекомендации по написанию научно исследовательской работы. По теме статьи исследовались много педагогических литератур и обсуждались труды разных ученых.



Resume

In the article theoretical bases were examined forming for the students of skills in the written form to scientific speech. And also methodical recommendations are given on writing scientifically of research work. On the topic of the article many pedagogical literatures were investigated and labours of different scientists came into question.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет