6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті



бет1/2
Дата03.11.2022
өлшемі32,17 Kb.
#156491
түріИнтервью
  1   2
Байланысты:
сөж см Айтжан 1
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті


СӨЖ №2
Тақырыбы: Арнаулы кәсіби тіл. Терминология және тілдік норма
Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, мақала, пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды , тілдік оралымдарды талдау.


Орындаған: Айтжан А
Топ:308 топ
Қабылдаған: Қасенов Е 
Кәсіби бағдар бере отырып, оқыту қазақ тілінде сөйлеу тілін қалыптастыру мен дамытудың ең басты факторы. Кәсіби тілде оқыту болашақ маманды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, тіл үйренушілерді мамандығына сәйкес оқыту, мамандықтарына қатысты лексикалық минимумды меңгерту. Тіл үйренушінің күнделікті сөздік қорын жетілдірумен қатар кәсіби бағдарды, негізге алу мақсатын назардан тыс қалдырмау керек. Кәсіби тілге бағытталған жұмыстар әр сабақ сайын жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Оқытушы мен студент арасындағы мамандыққа бағытталған тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары сөйлеу әрекеттері арқылы тілдік қатынас орнатады. Кәсіби тілді дамытуға берілетін тапсырмаларды сөйлесім әрекеттері арқылы меңгерту студенттердің ауызша тілдік қатынас орнатуға, сауатты жаза білуге дағдыландырады. Ол мамандығына қатысты мәтіндерден болашақ қызметіне қажетті мәліметтер алып, жаңа термин сөздерді меңгереді. Мамандыққа қатысты мәтіндер белгілі бір тақырыпқа құрылып, қысқа хабар ретінде пәрменді лексикасына сай, тілдік құрылымы бай болып келеді. Мәтін мамандықтың әр қырын ашатын, ресми тілді жеткілікті түрде меңгеру дәрежесіне жеткізетіндей мақсатта іріктеліп алынады.
Академик Р.Ғ.Сыздық жалпы тілдік норманны былайша түсіндіреді: «...белгілі бір кезең ішінде көпшілік қабылдаған, тұрақталған қолданыстар, яғни сөздердің мағынасы, олардың фонетикалық-графикалық көрінісі (тұлғасы), сөз жасау және сөз өзгерту модельдері синтаксистік амалдары. Әрине, норма, яғни дәл солай қолданыс (сол мағынада, сол тұлғада, солайша құбылтуда т.т.) бір уақытта пайда болып, ешбір өзгермей, қатып қалатын категория емес. Тіпті әрбірден соң сол қолданыс дәл сол кезеңде дұрыс деп көпшілік қабылдаған норма болғанмен, тіл тіршілігінде (тәжірибеде) өзгеріп, «үлгілілік» сипатынан айырылып отыруы мүмкін немесе «норма осы» деп көрсетілгеніне қарамастан, оған бағынбаған кейбір элементтер күнделікті қолданыста көпшілік тарапынан баспасөзде, радио мен теледидарда, ғылыми әдебиет пен шаршы топ алдындағы шешендік сөздерде қолдау тауып кеңінен жұмсала бастайды да, жаңаша нормаға айналады».
ХХ ғасырдағы ғылым мен техниканың дамуы, әлеуметтік саяси, тарихи, мәдени өзгерістер өмірімізге көптеген жаңа ұғымдарды алып келіп, сол ұғымдардың әрқайсысына жеке атау табу қажеттілігін туғызып, термин жасам үдерістерінің өзектілігін арттыруда. Жаңа атау авторының терминологиялық атау затының – арнаулы денотатты жетік білуі семантика тұрғыдан оны міндетті түрде уәжді термин жасауына алып келеді. Сондықтан да алдымен өнертабысқа сипаттамалы атау беріліп, кейіннен семантикалық конденсация негізінде бұл атау ықшамдалады. Семантикалық ықшамдаудың нәтижесі тек термин-универбтер ғана емес, сонымен бірге термин-қысқартулар да болып табылады.
Жалпы терминжасам үдерісін неологизация заңдылықтары мен тілдің лексикалық және терминологияның даму ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген жағдайда қажетті термин жасау үшін әрқашан оңтайлы жол табуға болады. Терминологиялық жаңа атау жасау үшін оған деген нақты қажеттілік болған жағдайда ғана жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет