7. Академиялық саясат



Дата26.12.2021
өлшемі14,76 Kb.
#105694
түріСабақ
Байланысты:
№1 қосымша.docx.docx, parazit slayd, ФИЗИКА Кабинет паспорты 2020-2021 оқу жылы, Основы электронной и измерительной техники, Документ Microsoft Word (2), қмж 777, ауыл сызбасы


7. Академиялық саясат:

3 және 4 курс студенттері 7 және 8 семестрде естімейтін (нашар еститін) балаларға арналған мектеп-интернаттың төменгі сыныптарында сынып мұғалімі, топ-сынып тәрбиешісі, сурдопедагог ретінде белсенді педагогикалық практикадан өтеді.



Әр сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері студент мектеп-интернатқа 6 сағат бойы қатысуға міндетті.

  1. Оқу сабақтарына қатысу, практикада белсенді жұмыс істеу, зерттеу қызметін орындау 4 курс студентінің негізгі міндеті болып табылады.

  2. Егер студенттің практика барысында қандай да бір сұрақтары болса, ол байланыс сағаттарында кеңес алу үшін әдіскерге, практика жетекшісіне жүгіне алады.

  3. Құжаттама практика соңында нақтыланатын белгілі бір мерзімде тапсырылуы тиіс. Егер құжаттама белгіленген уақытта тапсырылмаса, онда жұмысты бағалау төмендетіледі.

  4. Практиканың қорытынды бақылауына қатыспаған Студент автоматты түрде 0 балл алады. Қайта тапсыруға жол берілмейді.

Академиялық тәртіп ережелері:

  • Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған түзету мектебіндегі жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс ерекшеліктерін зерттеу;

  • Портфолио құру. Практика жоспарына сәйкес іс-әрекетті орындау, педагогикалық практиканың барлық бөлімдері бойынша апта сайынғы есеп, расталған фотосуреттер, бейнелер, хаттамалау, ашық сабақтар өткізу.

  • Сынып мұғалімімен, арнайы түзету сабақтары бойынша сурдопедагогтармен, өздерінің сынақ және ашық сабақтарының әдіскерлерімен талқылау және талдау.

  • Әр сабаққа алдын-ала дайындалу керек.

  • Педагогикалық практика күнделігін жүйелі түрде жүргізу.

  • Топ-сынып оқушыларымен ашық тәрбие іс-шарасының кеңейтілген жоспарын әзірлеу; талқылау хаттамасымен ашық сабақтардың конспектісі (таңдау бойынша 4) ; Ашық сабақтар мен сабақтарға арналған көрнекі және дидактикалық материалдар;

  • Сынып-топтардың жан-жақты психологиялық-педагогикалық мінездемесі.

  • Талқылау хаттамасымен ФЖ және РСВ бойынша ашық жеке сабақтың конспектісі, фото.

  • Бір сынып оқушысына арналған фонетикалық күнделік.

  • Тәжірибе бойынша аналитикалық есеп

  • Әкімшілік куәландырған мектептен келген студент-практикантқа мінездеме.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет