7 «ә» сынып Тақырыбы: Біз өмір сүріп жатқан қала. Мақсаты



Дата21.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#132675
Байланысты:
Біз өмір сүріп жатқан қала


7 « ә» сынып
Тақырыбы: Біз өмір сүріп жатқан қала.






Мақсаты:
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, ұлттық киімдері, аспапатары, тағамдарының суреті.Тараз қаласы туралы ақпаратпен бөлісу. Барысы:
М: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Осы аптада тәуелсіздік мерекесіне орай апталық басталған болатын.
Өзіміздің сыныбынмыздағы тәрбие сағатын гимнмен бастаймыз.
Бейбіт елде көрік болған, дәулеті тірлігіне тірек болған Тараз шаһары бүкіл қазақстандықтардың тарихи бойтұмары іспеттес. Өйткені, бұл қала - мыңжылдықтарды еңсеріп, түрлі дәуірді басынан өткерсе де құндылығы топырақ астында қалмай, тарих қойнауынан бүгінгі күнге дейін жеткен - жалқы шаһар.Гимн орындау.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз қалай аталады?

  • Біз өмір сүріп жатқае ел

  • Біз өмір сүріп жатқан ел қалай аталады?

  • Қазақстан Республикасы

  • Осы ел туралы не білеміз?

(суреттер арқылы білетіндерін айту)



Қазақстан
Республикасы





М: Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім – тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білді. Отан – дегеніміз – адамның туып өскен жері, тұратын мекені.
Иә, есте жоқ ескі замандарда «Тараз» атымен күллі жаһанға мәшһүр болған көне шаһар 18 ғасырда «Әулиеата, 1936-1937 жылдар аралығында саясат желінде сәл ғана «Мирзоян» деп аталса, 1937 жылдан бастап қалаға бар қазаққа мақтаныш болған жыр алыбы Жамбылдың есімі берілді. Арада түрлі дәуір өтті, заман өзгерді. Ел егемендігімен бірге ұлттық тарихымыздың құндылықтары қалпына келтіріле бастады. Ұлт тарихы мен ұлттық болмысты сақтаудың әділетті жолы салтанат құрды. Ал, бүгінде Тараздың көркі мен рухани келбеті өзгерді, қала тотыдай таранып, жаңа заманға сай түрленіп, өсіп-өркендеп келеді.

  • «Менің Отаным -Қазақстан» тақырыбында шағын шығарма және сурет салып келу. (дайындалып келген оқушыларды тыңдау)

М: Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті.



  • Шығармашылық тапсырыма. «Қазақстан» сөзінің әріптерін пайдаланып, сөздер шығарып жазу.

Қазақ

Қазақстан

Ата
Қаз
Ана саз

Ақ тас


Аз
Ән: «Туған жердей жер болмас»


М: Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңызд

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет